Оқиға
Оқиға • Кеше
Петропавлда хабар-ошарсыз кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті орманнан табылды
Петропавл қаласында із-түзсіз жоғалған 18 жастағы Ролан Зуевтің мәйіті қала шетіндегі орман алқабынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Абай облысында 50 жұмысшы мінген автобус апатқа ұшырады
Абай облысындағы Семей – Қайнар тасжолында тағы бір ірі жол апаты тіркелді. Знаменка ауылының маңында 50 жолаушы мінген автобус жолдан шығып кетіп, аударылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Тараздағы фосфор зауытында 3 адамды күйік шалып, біреуі көз жұмды
Тараз қаласындағы фосфор зауытында технологиялық жұмыс кезінде пештен ыстық шоқ атқылап 3 жұмысшыны күйік шалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Ақпан, 2026
Қарағандыда хоккейші матч кезінде көз жұмды
Қарағандыда «СКА-Приозерск» әуесқой командасының хоккейшісі ойын үстінде қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2026
Шымкенттегі жас қыздың өлімі: Күдіктінің үстінен тағы бір іс қозғалды
Полиция 21 жастағы Нурай Серікбайдың өліміне тікелей қатысы бар күдіктінің үстінен сталкинг фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2026
Атырауда жоғалып кеткен ер адамның мүрдесі Жайықтан табылды
Атырауда 9 қаңтар күні эпилепсиямен ауыратын ер адам із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Бүгін жергілікті төтеншеліктер оның мүрдесін Жайық өзенінен тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2026
Жамбыл облысында әскери қызметші көз жұмды
Жамбыл облысында қарумен жұмыс істеу барысында мерзімді әскери қызметші оқ жарақатын алды. Ол алған жарақаттан көз жұмды. Аталған факті бойынша Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
БҚО-да жеке тұрғын үй өртенді: 3 адам қаза тапты
Ақсай қаласында жеке тұрғын үйден шыққан өртті сөндіру кезінде құтқарушылар үш адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
Биыл қыста Алматы тауларында бес адам қаза тапты
Алматы тауларында биылғы қысқы маусымда бес адам ажал құшты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Республикалық жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің бас құтқарушысы Вадим Пак брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қаңтар, 2026
Жетісу облысында болған жол апатынан 5 адам қаза тапты
Жол апаты салдарынан 5 адам қаза тапты. Ал зардап шеккен 2 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қаңтар, 2026
Шымкенттегі жас қыздың өлімі: Іске немқұрайды қараған полицейлерге қылмыстық іс қозғалды
21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өлімі қоғамда резонанс туғызды. Алайда аталған іске полиция қызметкерлері немқұрайды қараған. Енді сол іске қатысы бар полицейлерге қылмыстық іс қозғалып отыр. Бұл туралы Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Қаңтар, 2026
Атырауда жоғалған отбасы мүшелерінің телефоны соңғы рет Шымкенттен сигнал берген
Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен бір отбасының төрт мүшесіне қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Емтихан тапсыру кезінде автокөлік аударылып қалған
Оқиға Шымкент қаласында тіркелді. Жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсырып жатқан кезде жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қаңтар, 2026
Астана әуежайында елге қауіпті өнімді кіргізбек болғандар анықталды
Астана әуежайында карантиндік бақылауға жататын, вирусталған қызанақ тұқымдарын елге кіргізу фактісі анықталды. Өнім иесіне қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қаңтар, 2026
Түркістан облысында бір отбасының үш адамы көмірқышқыл газынан уланып қаза тапты
Түркістан облысындағы ауылдардың бірінде ана мен екі бала көмірқышқыл газынан уланып, көз жұмды. Олардың жансыз денелерін жеке үйден марқұм әйелдің әріптестері тапқан. Олар есікті бұзып кіріп, үшінші баланы аман алып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға • 12 Қаңтар, 2026
Қарағанды облысында 50 жолаушы мінген автобус жолдан шығып кетті
Қарағанды облысында 50 жолаушы отырған астобус тасжолдан шығып кетіп, апатқа ұшырады. Бұл оқиғаға өңірлік полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Тоқаев Қаңтар оқиғасы жайында: Бір мезетте он екі қалада жаппай тәртіпсіздік белең алды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасына қатысқан азаматтарға байланысты сот процестері мен тергеу жұмыстары жөнінде пікір білдірді. Мемлекет басшысы бұл тақырыпқа қатысты негізгі деректер әлдеқашан белгілі болғанын айтып, кейбір сот істері мен ұрланған қаруды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 03 Қаңтар, 2026
Алматы облысында мұз астына түсіп кеткен жасөспірім қаза тапты
Қайғылы оқиға Жамбыл ауданына қарасты Үмбетәлі ауылындағы су айдынында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Қаңтар, 2026
Полиция жыл оқиғаларын сараптады
Солтүстік Қазақстан облыстық ПД баспасөз қызметі өткен жылды қорытындылап, өздерінің назарына іліккен 10 позицияны айрықша атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
2025 жылы қандай қайғылы оқиғалар болды?
2025 жылы қоғамға ауыр әсер еткен оқиғалар аз болмаса керек. Адам өлімімен аяқталған ірі жол-көлік апаттары (ЖКО) жиіледі. Кейбір өндіріс орындарында адам өліміне әкелген апаттар тіркелді. Сонымен қоса, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық оқиғалары да болды және жастар арасында суицид оқиғалары тіркелді. Бұның бәрі әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, психологиялық қолдау салаларын күшейту қажеттігін көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
2025 жылы ел аумағында қандай алапат өрт оқиғалары тіркелді?
Төтенше жағдайлар министрлігінің сәуір айында жариялаған мәліметінше, 2024–2025 жылдардағы жылыту кезеңінде ел аумағында 4 041 өрт оқиғасы тіркелген. Құтқарушылар қызыл жалыннан 416 адамды құтқарса, 187 азамат мерт болған. Ал 162 адам әртүрлі дәрежеде күйік алып, ыстан уланған. Күн сайын ТЖМ бөлімшелері 100-ден 150-ге дейін әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға, оның басым бөлігінде өрт сөндіруге шығады. Сан дерек сөйлеп тұрғандай, елімізде өрт оқиғалары жиі тіркеледі. Жоғарыда атап өткеніміздей өрт салдарынан азаматтар өмірмен қош айтысып жатыр. 2025 жыл аяқталуға таяған тұста биыл тіркелген ауқымды өрт фактілерін еске саламыз, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Өскеменде подъезд тұтқасын ұстаған жас жігітті ток соғып, жүрегі тоқтап қалған
Өскемен қаласында 25 желтоқсан күні кешкі уақытта бес қабатты тұрғын үйде төтенше жағдай болды. Оқиға салдарынан жас жігіт ауыр халге түсті. Подъезд есігінен электр тогы ұрып, ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
Мал іздеп шыққан ер адамның денесі табылды
Қарағанды облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақта 18 желтоқсан күні мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
2025 жылы ел есінде қалған 10 маңызды оқиға
Биыл халық жадында қалған оқиғалар аз болмаса керек. Әйтсе де барлық дерлік саланы қамтитын 10 оқиға қандай? Ел есінде қалған деп атауға болатын 10 маңызды оқиға – саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени бағыттар бойынша 2025 жылы қоғамда жиі әрі кеңінен талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Желтоқсан, 2025
Алматыдан Астанаға бағыт алған "Эйр Астана" ұшағында апаттық жағдай болды
17 желтоқсан күні таңертең Алматы – Астана бағытындағы тұрақты жолаушылар рейсін орындау кезінде Air Astana әуе компаниясына тиесілі әуе кемесінде авиациялық оқиға болды. Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақ экипажы салонда түтін пайда болуына байланысты MAY-DAY апаттық сигналын қосқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Желтоқсан, 2025
Теміржолдағы қайғылы оқиға: қаза тапқан 4 теміржолшының аты-жөні белгілі болды
Мойынты – Шығанақ учаскесінде өндірістік жұмыстар атқару кезінде қаза тапқан «Қазақстан темір жолы» АҚ төрт қызметкерінің аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Астанада жас жігітті сауда орталығынан әскери комиссариатқа күштеп алып кеткен
Астанадағы сауда орталығының бірінде әскери комиссариат қызметкерлері 23 жастағы жігітті еркінен тыс алып кеткен. Оқиға куәгерлері бұл сәтті видеоға түсіріп алған. Аталған жағдайға елордалық Қорғаныс істері жөніндегі департамент түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Астанада бұрынғы «Cinema City» өртеніп жатыр
Астана қаласы Байқоңыр ауданында Амангелді Иманов көшесінде орналасқан жеке тұрған бір қабатты павильоннан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2025
Петропавлдың «Береке шағын ауданындағы «Норд-Агрохим» кәсіпорнына интернет орнату кезінде көтеріп тұрған бесік үзіліп кетіп, алты метрдей биіктен құлаған 2 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Желтоқсан, 2025
Қарағанды тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды
Қайғылы оқиға Қарқаралы-Қарағайлы тасжолында болды. «Camry» және «Lada Largus» маркалы көліктер соқтығысып, салдарынан 28 жастағы «Lada Largus» жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.