Оқиға • 02 Ақпан, 2026

Қарағандыда хоккейші матч кезінде көз жұмды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда «СКА-Приозерск» әуесқой командасының хоккейшісі ойын үстінде қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда хоккейші матч кезінде көз жұмды

Еkaraganda ақпараттық порталының мәліметінше, матч өткен сенбі күнге белгіленген еді. Әуесқой хоккей лигасының ойыны барысында хоккейшінің жағдайы кенеттен нашарлаған. 

«Ол 46 жаста еді, мұз алаңына сәлемдесу үшін шыққан, бірақ кенеттен екі тізесіне құлап, есінен танып қалды. Жағдайы нашарлады. Оқиға орнына жедел-жәрдем келіп, ойыншыны аман алып қалуға тырысты. Алайда, оның қайтыс болғаны анықталды», делінген хабарлмада.

Соңғы жаңалықтар