Жапония
Әлем • 21 Қаңтар, 2026
Жапония соты экс-премьерді өлтірген қылмыскерге қатысты үкім шығарды
Жапонияда бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэні өлтірді деп айыпталған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Қаңтар, 2026
Жапонияда туристер мінген тікұшақ жоғалып кетті
Жапонияның Кумамото префектурасында туристік тікұшақ жоғалып кетті. Оның бортында үш адам болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Қаңтар, 2026
Жапонияда теңіз жағасындағы үй 6,5 млн теңгеге сатылымға шықты
Жапонияда теңіз жағалауындағы шағын үй бар болғаны 6,5 млн теңгеге сатылымға қойылды. Бұл туралы TrendWatching Telegram-арнасы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Қаңтар, 2026
Жапонияда зообақ қызметкерлері аң костюмін киіп өнер көрсетті
Пандаларсыз қалған Жапониядағы зообақ оның орнына арнайы костюм киген қызметкерлерді вольерлерге орналастырып, пандаларға арналған іс-шараларды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2025
Жапония Абай облысына 7 млн доллардан астам қаражат бөледі
Жапония үкіметі Семей медицина университетінің госпиталіне заманауи медициналық құрылғылар сатып алу үшін 7 миллион доллардан астам грант бөлді. Бұл көмек ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Желтоқсан, 2025
Жапониядағы жаппай жол апаты: 56 көлік соқтығысып, өрт шықты
Жапонияның Гумма префектурасы аумағында жаппай жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 56 автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Желтоқсан, 2025
Жапония әлемдегі ең ірі АЭС-ті іске қосу туралы шешім қабылдады
Дүйсенбі күні Жапония билігі әлемдегі ең ірі «Касивадзаки-Карива» атом электр станциясының жұмысын қайта бастау туралы соңғы маңызды қадамды жасады. Бұл 2011 жылғы «Фукусима» трагедиясынан кейін елдің атом энергетикасына оралуындағы бетбұрысты кезең болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 22 Желтоқсан, 2025
ERG мен Жапония әріптестігі: Галлий өндірісіндегі Қазақстанның серпілісі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға мемлекеттік сапары аясында Eurasian Resources Group (ERG) жапондық жетекші компаниялармен бірқатар стратегиялық келісімге қол қойды. Бұл келісімдер Қазақстанның сирек және аса маңызды минералдар нарығындағы орнын нығайтып, жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға серпін береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Президенттің Жапонияға ресми сапары мазмұнды әрі нәтижелі болды - Руслан Желдібай
Мемлекет басшысының Жапонияға ресми сапары мазмұнды әрі нәтижелі болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Сұхбат • 20 Желтоқсан, 2025
Токио бағыты: Қазақстан дипломатиясындағы жаңа маневр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға жасаған ресми сапары Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты аясындағы маңызды кезеңдердің біріне айналды. Бір қарағанда экономикалық мазмұны басым көрінетін бұл сапар шын мәнінде әлдеқайда терең геосаяси және стратегиялық мәнге ие. Жалпы құны 3,7 млрд долларды құрайтын инвестициялық келісімдер пакеті, сирек және стратегиялық маңызды металдар саласындағы ынтымақтастық, атом энергетикасы, жасанды интеллект пен көлік-логистика бағыттарындағы өзара іс-қимыл – мұның барлығы Токионың Орталық Азияға деген көзқарасы жаңа сапалық деңгейге көтерілгенін көрсетеді.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар іс-шараға Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичи, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты, деп хабарлайды.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Келесі «Орталық Азия – Жапония» саммиті елімізде өтеді
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Президент Қазақстанның 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болғанын айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Президент Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады
Мемлекет басшысы Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады. Оның ішінде бірыңғай туристік маршрут әзірлеу, виза рәсімдерін жеңілдету сынды мәселелер бар, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Токионың жасанды интеллект жөніндегі бастамасына қолдау білдірді
Мемлекет басшысы Токионың Орталық Азия елдерімен жасанды интеллект саласы бойынша тың серіктестік орнату жөніндегі бастамасына қолдау білдірді, дем хабарлайды Ақорда.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Президент ауыл шаруашылығы саласында бірлескен зерттеу платформасын құруды ұсынды
Президент еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша мән беретінін айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы ғалымдар мен зерттеушілердің кездесуін Астанада өткізуді ұсынды
Президент Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасының іске қосылуын құптайтынын айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Жапония Үкіметінің Ақтау портындағы кедендік рәсімдерді жетілдіруге атсалысу туралы шешімін құптады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Президенттің Жапонияға сапары аясында 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды
Президенттің Жапонияға сапары аясында сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөз сөйледі
Мемлекет басшысы бүгінгі тарихи кездесуді ұйымдастыруға бастамашы болғаны және қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиге алғыс айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Президент: Жаһандық қауіпсіздік жүйесін ядролық қарумен ұстап тұруға болмайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ университетінде оқыған дәрісінде адамзаттың ядролық қарудан тартқан зардабын Қазақстан мен Жапония сияқты терең түсінетін ел кемде-кем екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2025
Цифрландыру саласында Қазақстан мен Жапонияның ынтымақтастығы артады
Жапония тарапынан Қазақстанмен цифрландыру, жасанды интеллект, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және инновациялық технологияларды енгізу салаларында ынтымақтастыққа қызығушылық байқалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Жапония – Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған ел
1991 жылғы 28 желтоқсанда Жапония Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындады. 1992 жылы екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды, бұл кейінгі екіжақты диалогты дамытуда берік институционалдық негіз болып қалды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 19 Желтоқсан, 2025
Жапония Қазақстанның маңызды экономикалық әріптесі
Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың маңызды бағыттарының бірі – экономикалық ынтымақтастық. Жапония Қазақстан экономикасындағы ірі шетелдік инвесторлардың қатарына кіреді. Жиналған тікелей инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 8,5 млрд долларды құрайды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Токиода Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті
Мемлекет басшысы Жапонияда білім алып, он жылдан бері ірі халықаралық жарыстарда көш басынан көрініп жүрген Ерсін Балтағұлды қазақстандықтар мақтан тұтатынын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысы Хироши Микитаниді қабылдады
Жапониядағы ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Rakuten Group компаниясының негізін қалаушы, басқарма төрағасы және бас директоры Хироши Микитанимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Санаэ Такаичи бірлескен мәлімдеме қабылдады
Келіссөз қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Санаэ Такаичи Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Жапония Премьер-министрінің офисінде Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті
Жапония Премьер-министрінің офисінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Президент Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тошиаки Эндо бастаған Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.