Президент • Бүгін, 11:02

2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қазақстанның 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болғанын айтты, деп хабарлайды Ақорда.

2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

«Біз спорт саласындағы ықпалдастықты өркендетуге, ең әуелі жапонның дзюдо, сумо және кэндо секілді дәстүрлі жекпе-жек өнер түрлерін дәріптеуге әзірміз.

Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды.

Бұрнағы күні мен қазақтан шыққан белгілі сумошы Кимбозан Харукимен (Ерсін Балтағұл) таныстым.

Тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз алдағы уақытта да халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға қызмет ете береді деп сенемін», деді Мемлекет басшысы.

Саммитте Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичи, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар