Әлем • Кеше

Жапония әлемдегі ең ірі АЭС-ті іске қосу туралы шешім қабылдады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүйсенбі күні Жапония билігі әлемдегі ең ірі «Касивадзаки-Карива» атом электр станциясының жұмысын қайта бастау туралы соңғы маңызды қадамды жасады. Бұл 2011 жылғы «Фукусима» трагедиясынан кейін елдің атом энергетикасына оралуындағы бетбұрысты кезең болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
 

Жапония әлемдегі ең ірі АЭС-ті іске қосу туралы шешім қабылдады

Фото: АЗЕРТАДЖ

Токиодан солтүстік-батысқа қарай 220 шақырым жерде орналасқан «Касивадзаки-Карива» станциясы 2011 жылғы жойқын жер сілкінісі мен цунамиден кейін тоқтатылған 54 реактордың бірі болатын. Қазіргі уақытта Жапония қазба отынының импортына тәуелділікті азайту үшін қолданыстағы 33 энергоблоктың 14-ін қайта іске қосты.

NHK телеарнасының хабарлауынша, станциядағы жеті реактордың біріншісіне 2026 жылдың 20 қаңтарында отын жүктеу жоспарланған. АЭС-тің жалпы қуаттылығы 8,2 ГВт-ты құрайды, бұл бірнеше миллион үйді электр энергиясымен қамтамасыз етуге жеткілікті. Жоспар бойынша, келесі жылы қуаттылығы 1,36 ГВт болатын бір энергоблок, ал 2030 жылға қарай дәл сондай тағы бір блок іске қосылады.

«Балқаш»: Еліміздегі алғашқы АЭС-қа атау берілді

Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичи энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және импорттық отын бағасының өсуіне тосқауыл қою үшін атом станцияларын қолдауды жалғастырып отыр. Өткен жылы ел сұйытылған табиғи газ бен көмір импортына 10,7 триллион иен (68 млрд доллар) жұмсаған.

Жапония жасанды интеллект пен деректер орталықтарының дамуына байланысты алдағы онжылдықта энергияға деген сұраныс артады деп болжап отыр. Осы қажеттілікті өтеу үшін ел басшылығы 2040 жылға қарай энергия балансындағы атом энергетикасының үлесін 20%-ға дейін екі еселеуді мақсат еткен.

Соңғы жаңалықтар

Доллар 4 теңгеге арзандады

Қаржы • Бүгін, 16:20