Би
Аймақтар • Кеше
Референдум күні Алматы облысында 24 сәби дүниеге келді
15 наурыз күні Алматы облысында түнгі сағат 00:00 мен күндізгі 12:00 аралығында 24 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 13 ұл және 11 қыз бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 13 Наурыз, 2026
Бинұр Жәленов Ұлттық банк Төрағасының орынбасары болды
Мемлекет басшысының өкімімен Бинұр Мұратұлы Жәленов Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 12 Наурыз, 2026
«Атырау» футбол клубының сапына нигериялық легионер қосылды
Нигериялық футболшы Марио Рабиу «Атырау» футбол клубында жартылай қорғаушы позициясында ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 11 Наурыз, 2026
Қазақстанда бизнеспен айналысатын әйелдерге кімдер көмектеседі?
Әйелдер әлем халқының 51%-дан астамын құрайды, ал олардың жұмыспен қамтылуы мен кәсіпкерлігі халықаралық ұйымдар тарапынан экономикалық тұрақтылық пен өсудің басты факторы ретінде қарастырылады. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, еңбек нарығы мен бизнесте гендерлік алшақтықты жою дүниежүзілік ІЖӨ-ні 20%-дан астам арттыруға мүмкіндік береді, өйткені экономика толық пайдаланылмаған адам капиталын тартып, жалпы өнімділікті арттырады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 11 Наурыз, 2026
Рахметолла Закарья: Конституция мемлекеттің саяси-философиялық болмысын бекітетін кешенді құжат
Мемлекеттің даму тарихында оның болашағын айқындайтын шешуші кезеңдер болады. Бүгінгі Қазақстан дәл осындай тарихи белесте тұр. Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі Референдум – жай ғана құқықтық рәсім емес, ұлттық дамудың ұзақмерзімді бағытын бекітетін стратегиялық таңдау. Бұл жаһандық технологиялық өзгерістер мен интеллектуалдық бәсеке күшейген дәуірде елдің қандай құндылықтарға сүйеніп, қандай модель бойынша дамитынын айқындайтын тағдырлы шешім.
Президент • 05 Наурыз, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы Тақ мұрагерімен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы аймақтық қана емес, жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа орасан қатер төндіретініне назар аударды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 03 Наурыз, 2026
Шотына 1 млн теңгеден астам қаражат түсетіндерге айыппұл салына ма?
2026 жылдан бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа бақылау тәртібі енгізілді. Қаржы вице министрі Ержан Біржановтың айтуынша, басты өзгеріс – аударымдардың жалпы сомасына қосымша талаптың енгізілуі, деп жазады Egemen.kz.
Шахмат • 03 Наурыз, 2026
Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте тоғызыншы орынға көтерілді
Халықаралық шахмат федерациясы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Жаңартылған тізімде шахматшы Бибісара Асаубаева үш сатыға жоғарылап, әлемнің үздік он ойыншысы қатарына енді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Наурыз, 2026
Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған көмек кабинеттері ашылады
Қазақстанда зорлық-зомбылықтан жапа шеккен балаларға кешенді көмек көрсететін мамандандырылған кабинеттер жұмыс істей бастайды. Жаңа тетік кәмелетке толмағандарға «бір терезе» қағидаты бойынша жан-жақты қолдау ұсынуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 27 Ақпан, 2026
Президент: Сербияның ЭКСПО көрмесін табысты өткізуіне тілектеспіз
Мемлекет басшысы келесі жылы Сербияның ЭКСПО көрмесін табысты өткізуіне еліміздің тілектес екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы: Сербия кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасауға дайынбыз
Бұл туралы Мемлекет басшысы Сербия Президентімен БАҚ өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичпен кеңейтілген құрамда мазмұнды келіссөз жүргізгеніне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 27 Ақпан, 2026
Биыл Сербия мен Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 30 жыл толады
Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруын қабыл алып, Астанаға ресми сапармен келгені үшін Президент Александр Вучичке және делегация мүшелеріне шынайы ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 27 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті халық қолдауына арқа сүйеп, елін алға бастап келе жатқан нағыз көшбасшы, беделді саясаткер деп санайтынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 27 Ақпан, 2026
Қазақстан мен Сербия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 27 Ақпан, 2026
Қазақстан мен Сербия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді
Бүгін Мемлекет басшысы Ақордада Сербия Президенті Александр Вучичті салтанатты қарсы алды. Ресми рәсімнен кейін тараптар шағын құрамда келіссөз өткізді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 27 Ақпан, 2026
Серік Жұманғарин: Еліміздің ІЖӨ мөлшері 300 млрд доллардан асты
Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысының экономиканы цифрландыру, бизнесті қолдау және бюджет қаражатын тиімді басқару жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Ақпан, 2026
Жолаушы пойызға үлгермей қалса не істеу керек?
Жолаушылар пойызға жиі үлгермей жатады. Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздан қалып қойған жағдайда қандай әрекет жасау керек екенін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 26 Ақпан, 2026
Сербия Президенті Астанаға ресми сапармен келді
Сербия Президенті Александр Вучич Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келді. Сербия Президентін әуежайдан Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 26 Ақпан, 2026
Әмірліктер неге биткоин монеталарын сатпай, сақтап отыр?
Біріккен Араб Әмірліктері билігі «Citadel» атты майнинг компаниясы арқылы 450 млн доллардан астам сомаға тең биткоин өндірген, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Ақпан, 2026
Сербия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
26-27 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата заң • 23 Ақпан, 2026
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Конституциялық реформа – мемлекеттің саяси жүйесін, билік тармақтарының теңгерімін және азаматтардың құқықтарын айқындайтын стратегиялық қадам. Жаңа реформаның мақсаты – басқару тиімділігін арттыру, демократиялық институттарды нығайту және қоғам мен мемлекет арасындағы жауапкершілікті тең бөлу. Осы орайда сенатор, Бас редакторлар клубының төрағасы, конституциялық комиссияның мүшесі Бибігүл Жексенбай әлемдік тәжірибеде кез келген конституциялық реформа алдымен эмоциялық реакция тудыратынын, кейін барып мазмұнды талқылауға ұласатынын айтады. Оның айтуынша бүгін біз дәл осы екінші кезеңге қадам басып отырмыз.
Қоғам • 23 Ақпан, 2026
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар ұшқыш қызмет етеді. 3656 әскери бөлімінің ұшқышы, әуе кемесінің командирі Хабиболла Берікболсын тоғызыншы сыныптан бастап ұшақ тізгіндеген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2026
Биыл қанша суару каналы цифрландырылады?
Елімізде су ресурстарын тиімді басқаруға бағытталған ауқымды жоба қолға алынды. Биыл «Қазсушар» қарамағындағы 86 суару каналын цифрландыру басталады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 20 Ақпан, 2026
Дзюдошы Әбиба Әбужақынова еліміздегі реформаларға қолдау білдірді
Дзюдодан әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Әбиба Әбужақынова Ата заңның жаңа жобасын қабылдауға арналған республикалық референдумға қатысты пікірін білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 20 Ақпан, 2026
Бибісара Асаубаева: Еліміздің тұрақтылығына арналған реформаларды қолдаймын
Елімізде Ата заңның жаңа жобасы ұсынылып, оны қабылдау мәселесі 15 наурызда өтетін референдум нәтижесінде белгілі болады. Қоғамда азаматтар заң жобасын қызу талқылап, қолдау білдіріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2026
8 наурыз мерекесіне орай пойыздарға қосымша вагондар қосылды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Халықаралық әйелдер күні қарсаңында солтүстік, оңтүстік, батыс өңірлер мен қала маңы бағыттарында қосымша тіркемелі вагондар қосады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Ақпан, 2026
Өткен жылы Қазақстан зауыттары 171 мыңнан астам көлік шығарды
Елімізде автокомпоненттер өндірісін локализациялау орталығы құрылып, саладағы ішкі өндіріс үлесін арттыру көзделіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2026
Әуе билетіндегі қате жазылған деректер қандай жағдайда тегін түзетіледі?
Бас көлік прокуратурасы азаматтардың өтініштерін талдау барысында әуе билеттерін рәсімдеу кезінде тегінде, есімінде және әкесінің атында кеткен елеусіз қателер үшін көптеген айыппұлдар салынғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Шахмат • 16 Ақпан, 2026
Бибісара Асаубаева шахматтан әлем чемпионын жеңді
Шахматшы Бибісара Асаубаева фристайл-шахматтан өткен көрнекі ойында классикалық шахматтың әлем чемпионы Александра Костенюкті ұтты. Төрт партиядан тұрған кездесу Бибісараның пайдасына 2,5:1,5 есебімен аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Ақпан, 2026
Алматыда әскери-патриоттық тәрбиеге баулу жүйелі іске асып келеді
Алматы қаласында Үкімет қаулысымен бекітілген 2030 жылға дейінгі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасы аясында жұмыстар жүйелі іске асып келеді. Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде қалада мамандандырылған сыныптар мен әскери-патриоттық клубтар ұйымдастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.