м
Президент • 22 Сәуір, 2026
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Өңірлік экологиялық саммитте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі халықаралық консультациялардың бірінші кезеңі өтетініне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2026
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Ел астанасында Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері өтеді. Бағдарлама аясында өткізілетін шығармашылық және іскерлік іс-шаралар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Сәуір, 2026
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Өңілік экологиялық саммит аясында Президент су қауіпсіздігі мәселесі Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірі үшін аса маңызды екендігіне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Елордада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысының қоғамда кең қолдау тапқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Сәуір, 2026
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде халықаралық құқықтың негізі саналатын БҰҰ Жарғысы нормаларын таңдаулы түрде қолдануға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент: Экология мәселесінде таңдаулыларға басымдық беру әбестік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі. Президент экологиялық саясатты қалыптастыру барысында әртүрлі елдердің, әсіресе экономикалық дамушы мемлекеттердің қажеттіліктері ескерілуі керектігіне атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі
Президент саммит қатысушыларына ілтипат білдіріп, халықаралық диалог алаңының маңызына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 22 Сәуір, 2026
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Мәжілісте жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңға енгізілетін өзгерістер талқылануы барысында депутат Азат Перуашев арнайы салық режимі бойынша бірыңғай мөлшерлеме енгізу мәселесін қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 22 Сәуір, 2026
Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды
Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жаңа заң жобасында ауылдық округтердің бюджетін мүлік салығы мен лицензиялық алымдар есебінен кеңейту ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 22 Сәуір, 2026
Мәслихат таратылған жағдайда депутаттарға жәрдемақы берілуі мүмкін
Мәжілісте қаралып жатқан «Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері туралы» заң жобасына сәйкес, мәслихат депутаттарына әлеуметтік кепілдіктер күшейтілмек. Осыған байланысты мәслихат таратылған жағдайда депутаттарға әлеуметтік төлемдер төленуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 22 Сәуір, 2026
Алматыдағы театрлардың біріне Асанәлі Әшімовтің есімі берілді
Алматыдағы «Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің есімі берілді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 22 Сәуір, 2026
Ұлыбританияда кәмелетке толмағандарға зиянды өнімдерді сатуға өмір бойына шектеу қойылды
Ұлыбритания Парламенті табак өнімдері мен вейптерге қатысты заң қабылдады. Жаңа заңға сәйкес заңға сәйкес, 2009 жылдың 1 қаңтарынан кейін туған азаматтарға темекі өнімдерін өмір бойы сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды, Egemen.kz.
Әлем • 22 Сәуір, 2026
Алматылық оқушы әлемдегі үздік үш өнертапқыштың бірі атанды
Алматы қаласының 11-сынып оқушысы Дана Қадырбек Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде өткен Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Сәуір, 2026
Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр
Аймақтық экожүйені сақтау, су және жер ресурстарын қорғау әрі бірлесе пайдалануды мақсат еткен жиын 22-24 сәуір аралығында жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Автомектептерде олқылықтар анықталды: 700-ден астам оқу тобы жабылды
Елімізде автомектептердің қызметіне жүргізілген тексерулер бірқатар өрескел олқылықты анықтады. Ішкі істер министрлігі заң талаптарын бұзған оқу топтарының жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 22 Сәуір, 2026
17 жыл мал баққан шопан күдікке ілінді: Жетісу облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы ашылды
Жетісу облысының Ескелді ауданында 46 миллион теңгеден астам шығын келтірген мал ұрлығы фактісі анықталды. Отарды 17 жыл баққан шопан қылмысқа басты күдікті ретінде саналып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
35 млн теңге өтемақы: Алматыдағы жол апатынан зардап шеккен отбасы сот шешіміне наразы
Алматы облысында бес ай бұрын Алматы – Жандосов – Бесмойнақ тасжолында болған жол-көлік оқиғасына қатысты іс қаралып, сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 22 Сәуір, 2026
Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтерген маңызды дипломатиялық оқиға болды. Сапар барысында саяси диалогты тереңдету, экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және бірқатар инфрақұрылымдық жобаны ілгерілету мәселелері талқыланды. Осы тақырып аясында біз саясаттанушы Айсұлу Рахметпен сұхбаттасып, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы қарым-қатынастардың даму үрдістерін, экономикалық және көлік-логистикалық байланыстардың болашағын талқыладық. Сарапшы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі драйверлері мен аймақтық ықпалдастықтағы маңызына кеңінен тоқталды. Сұхбат барысында Айсұлу Рахмет тарихи-мәдени байланыстардың, сондай-ақ нақты инфрақұрылымдық жобалардың екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті. Оның пікірінше, қазіргі бастамалар ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықтың берік негізін қалыптастырады.
Елорда • 22 Сәуір, 2026
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Астана қаласының әкімдігі 22 сәуірден бастап қаладағы жылу беру маусымы ресми түрде аяқталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Астана қаласында 22-24 сәуір аралығында көшелердің жабылу кестесі туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Шығыс Қазақстан облысында білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, полицияның ерекше бақылауына алынды. Бұл бастама оқушылар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 22 Сәуір, 2026
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
22 сәуір күні таңертең Алматы қаласына жақын аумақта жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Астана уақытымен сағат 04:26-да тіркелген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2026
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қазақстанда 27 наурыздан бастап су есептегіштеріне қатысты жаңа талаптар күшіне енді. Бұл өзгерістер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформаның бір бөлігі және ол 2029 жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, деп жазады Egemen.kz.
Бюджет • 22 Сәуір, 2026
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
7 коллекторлық агенттікте жалпы сомасы 11,8 миллиард теңгеге кірістерді асыра көрсету фактілері анықталған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 22 Сәуір, 2026
Электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді
Елімізде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында электр желісі инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр. Қазірдің өзінде жаңғырту жұмыстары нәтижесінде электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға азайған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Сәуір, 2026
«Уақытты босқа өткізу»: Иран АҚШ-пен кездесуден бас тартты
Иран билігі АҚШ-пен өтетін келіссөздердің екінші кезеңіне қатысудан ресми түрде бас тартты. Кездесу 22 сәуір, сәрсенбі күні Пәкістан астанасы Исламабадта өтуі тиіс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 21 Сәуір, 2026
Допинг дауы: WBO Әлімханұлының ісі бойынша соңғы шешім шығарады
Боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг ісіне байланысты берілген дисквалификацияны қайта қарату үшін ресми қадам жасады. Ол командасымен бірге WBO ұйымына апелляция жолдап, жазаны қысқарту немесе толық алып тастауды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2026
Жамбыл облысында әйел TikTok-тағы балағат сөздері үшін сотталды
Істі Сарысу аудандық соты қараған. Сот материалдарына сәйкес, 2026 жылдың қаңтар айында әйел әлеуметтік желідегі парақшасында басқа бір әйелге қатысты балағат және қорлайтын жазбалар жариялаған. Ол жазбаларға жәбірленушінің фотосуреттерін қоса тіркеп, жағымсыз пікірлер қалдырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Сәуір, 2026
Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Астанада 22–24 сәуір аралығында Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Осыған байланысты қаладағы бірқатар негізгі көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеліп, кей жерлерде жолдар жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2026
Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.