Жаңа заңның мақсаты – «темекісіз ұрпақ» қалыптастыру және жастар арасында темекі тұтынудың алдын алу. Осылайша, 17 жасқа толмаған және одан кіші азаматтар үшін темекі өнімдеріне қолжетімділік біржола шектеледі.
Қазақстан Ұлыбританиямен бірлесіп сирек жер металдарын игереді
Заң күшіне енгеннен кейін, министрліктерге темекі, вейп және никотин өнімдерін реттеу бойынша қосымша өкілеттіктер беріледі. Бұл шаралар өнімдердің құрамы, хош иістендіргіштері және қаптамасына қатысты талаптарды қатаңдатуды қамтиды.
Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі бұл құжатты «тарихи шешім» және «қоғамдық денсаулық саласындағы ең ірі өзгеріс» деп бағалады. Оның айтуынша, заң көптеген адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Ұлыбритания бұған дейін де темекі өнімдеріне қатысты жарнамаға шектеу қою, қаптаманы стандарттау және сату жасын кезең-кезеңімен қатаңдату сияқты бірқатар шараларды енгізген.