АҚ
Әлем • 27 Маусым, 2025
АҚШ Украинаға қаржылық көмекті қысқартты
АҚШ 2026 жылға Украинаға бағытталған бірқатар қор бойынша шығындарын азайтты. Бұл туралы Пентагон басшысы Пит Хегсет әуе күштері генералы Дэн Кейнмен өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 26 Маусым, 2025
«AMANAT» партиясы жариялаған медиа сыйлықтың жеңімпаздары анықталды
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында «AMANAT» партиясы журналистер арасында өткізілетін дәстүрлі республикалық «AMANAT медиа сыйлығының» қорытындысын шығарды. Биыл 10 номинация бойынша 11 жеңімпаз анықталды. Жалпы, осы уақыт аралығында бұл марапатты отандық медиа саласының 150-ден астам өкілі иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Маусым, 2025
Қырғызстан Қазақстанға тұрақты әуе рейстерін іске қосады
2025 жылдың 27 маусымынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Қырғызстандық жаңа «Asman Airlines» авиакомпаниясы кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 26 Маусым, 2025
Президент орман шаруашылығы туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Маусым, 2025
Семейде автобус жүргізушісін балағаттаған ер адам қамалды
Семей қаласында Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот жергілікті тұрғынды қайталанған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ер адам куәгерлердің көзінше маршрут жүргізушісін балағаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 26 Маусым, 2025
Отандық режиссер Аустрияға шақырылды
«Астана Опера» режиссері Еренбақ Тойкенов 2 шілдеден 31 тамызға дейін опера өнері әлеміндегі жетекші халықаралық жобалардың бірі – Аустриядағы Вена опералық фестиваліне шақырту алды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Маусым, 2025
Қазақстандағы демалыс саябақтарының саны артты
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9,1%-ға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Маусым, 2025
Қостанай облысында бес айда 1800 пәтер пайдалануға берілді
Қостанай облысының құрылыс саласы айрықша серпінмен дамып келеді. Өңір әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдік жиынында мәлім етілгендей, жыл басынан бері жүргізілген құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 75,5 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70 пайызға артық көрсеткіш, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Маусым, 2025
Қазақстандық актер өртеніп жатқан көліктен жүргізушіні құтқарып қалды
Қазақстандық актер Сануржан Сүлеймен мен түсірілім тобының мүшелері АҚШ-та жол апатына ұшыраған жүргізушінің өмірін құтқарып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 26 Маусым, 2025
Қазақстан Тәжікстан нарығына астық экспортын арттырады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзодамен, сондай-ақ тәжік ауыл шаруашылығы бизнесінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 26 Маусым, 2025
Қазақ қызы студенттерге арналған халықаралық сыйлықты иеленді
Меруерт Бижанова 2023 жылы «Биологиялық ғылымдар» бакалавриат бағдарламасы бойынша Nazarbayev University-ді бітіріп, АҚШ-тағы Ivy League университеттерінің бірі – University of Pennsylvania оқу орнына қабылданды. Ол жерде қазақ қызы «Білім саласындағы көшбасшылық» магистратура бағдарламасы бойынша білім алды.
Оқиға • 26 Маусым, 2025
Индонезияда есірткімен ұсталған екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін
Индонезияның Бали аралында сәуір айында ұсталған азаматтардан шамамен 49 грамм метамфетамин тәркіленген. Қазір бұл іске байланысты Индонезияның құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 25 Маусым, 2025
Елімізде ЖИ саласын реттейтін заң жобасы әзірленіп жатыр
Елімізде жасанды интеллект (ЖИ) технологиясын дамыту бағытында нақты қадамдар жасалып келеді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев БАҚ-қа берген сұхбатында нормативтік база, этикалық қағидаттар және отандық ЖИ модельдерінің сапасы жөнінде ой қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Маусым, 2025
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Будапештте өткен әлем чемпионатынан кейін рейтинг тізімін жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Маусым, 2025
1 млн адамды ЖИ-ге баулимыз - Жаслан Мәдиев
Қазақстан жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын дамытуда аймақтық көшбасшы елге айналып отыр. Бұл жөнінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев BAQ.KZ ақпарат агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Маусым, 2025
Президент халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты
Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 25 Маусым, 2025
Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсе ме
Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мұндай бастамаларды іске асыру кезінде инфляцияға әсерін ескерген жөн екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 25 Маусым, 2025
Қазақстанда жаңа банк пайда болды
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «БиЭнКей Коммерциялық банкі» АҚ-на банк операцияларын жүргізуге лицензия берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 25 Маусым, 2025
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 2 млн-ға жуық адам қатысқан
Аталған ауқымды экологиялық жұмысқа қатысқан 2 млн-ға жуық адамның 156 мыңы – еріктілер, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Маусым, 2025
Көкшетау археологтары сақ дәуірінің жәдігерін тапты
Көкшедегі көне дүниенің кебежесі тағы бір олжа – тарихи жаңалықпен толықты. Ұлттық музейдің археологтары Кенжебай қорымында қазба жұмыстарын жүргізген кезде Сақ дәуіріне тиесілі тоналмаған екі мола мен бірнеше құнды жәдігерлер тауып, олжалы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 24 Маусым, 2025
Бүгін елордамызда «Астана Тазалық» серіктестігінің бастамасымен журналистерге арналған баспасөз туры өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Маусым, 2025
Тұмар-2025 ұлттық сыйлығына үміткерлердің қысқа тізімі жарияланды
Бүгін БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында «Тұмар-2025» ұлттық телевизиялық сыйлығының он бір номинациясы бойынша номинанттар анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2025
Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Мемлекет басшысына сот жүйесі қызметінің биылғы бес айдағы қорытындысы жөнінде мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2025
Президенттің қолынан марапат алған журналистер белгілі болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 24 Маусым, 2025
Отандық журналистер әрдайым шығармашыл, жаңашыл әрі дамуға құштар - Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент журналистер қауымын алдағы Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен құттықтап, ұлттық медиа – халықтың үні, ал журналист жасампаздық жаршысы екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 24 Маусым, 2025
Балалар ақылды роботпен кездесті
Астанада №109 мектеп жанындағы жазғы лагерь аясында ерекше шара өтіп, балалар «Темірбек» есімді ақылды роботтың іс-қимылын тамашалады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Маусым, 2025
Түркістан облысында тоқыма өнеркәсібі дамиды
Түркістан облысында мақта саласын қолдау, мақта-тоқыма кластерін құру мақсатында бірқатар ірі инвестициялық жобалар іске асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Маусым, 2025
Отандық оқушылар Балқан олимпиадасында ел намысын қорғайды
24–29 маусым аралығында Солтүстік Македонияның Струга қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Балқан математика олимпиадасы (JBMO) өтеді. Аталған додаға 20-дан астам елдің өкілдері қатысады, олардың қатарында Қазақстаннан барған ұлттық құрама да бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 24 Маусым, 2025
Қазақстанда дәрігерлер тапшылығы 20%-ға төмендеген
Елімізде медицина қызметкерлерін, әсіресе ауылдық елді мекендерге тарту және тұрақтандыру мақсатында кешенді мемлекеттік қолдау шаралары белсенді жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2025
Президент Одиль Рено-Бассомен пікір алмасты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың перспективасын талқылап, әлемдік экономиканың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.