Оқиға • Бүгін, 10:05

Индонезияда есірткімен ұсталған екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезияның Бали аралында сәуір айында ұсталған азаматтардан шамамен 49 грамм метамфетамин тәркіленген. Қазір бұл іске байланысты Индонезияның құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Индонезияда есірткімен ұсталған екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растады. Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстанның Джакартадағы елшілігі тергеу органдарымен және айыпталушылардың туыстарымен байланыс орнатқан.

«Бұл мәселе қазақстандық дипломаттардың бақылауында тұр», деді  Айбек Смадияров.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін СІМ өкілі Ирандағы оқиғаларға қатысты түсінік беріп, Таяу Шығыстан келуі мүмкін босқындар мәселесіне де пікір білдірген еді.