Соңғы жаңалықтар
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
Instagram-да жаппай тазарту: Роналду мен Кайли миллиондаған оқырманынан айырылды
Instagram желісінде соңғы күндері жаппай «тазарту» жүріп жатқаны байқалды. Әлем бойынша көптеген қолданушылар бір түннің ішінде жазылушылар саны күрт азайып кеткенін айтып шағымдануда. Бұл жағдай қарапайым адамдардың аккаунттарына ғана емес, танымал жұлдыздарға да әсер еткен. Мысалы, Криштиану Роналду шамамен 8 миллион, ал Кайли Дженнер 14 миллионға жуық оқырманынан айырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағзым • 08 Мамыр, 2026
Астанадағы жалғыз соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді
«Ардагерлерге тағзым» республикалық акциясы аясында Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының әскери қызметшілері Астанада тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Рзағұл Байкешевті Жеңіс күніне орай арнайы құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 08 Мамыр, 2026
Ақмола облысында батырларға арналған музей ашылды
Ақмола облысындағы Родина ауылында Қазақстан Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы әскери-тарихи музейінің жаңа филиалы ашылды. Салтанатты шара Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткішке гүл қою рәсімімен басталды. Ескерткіште соғыс жылдары Жеңіске үлес қосқан 130-дан астам ақмолалықтың есімі жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 08 Мамыр, 2026
Балқан математикалық олимпиадасында Қазақстан құрамасы үздік алтылыққа енді
Қазақстан құрамасы Балқан математикалық олимпиадасында сәтті өнер көрсетіп, жалпы командалық есепте 24 елдің арасында 6-орынға тұрақтады. Отандастарымыз халықаралық додада 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Мамыр, 2026
Президент Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турниріне барды
Мемлекет басшысымен бірге сайысты Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
Жол үстіндегі фонтан: Қостанайда құбыр жарылып, су сыртқа атқылады
Қостанай көшелерінің бірінде коммуналдық апат салдарынан су атқылап, көпқабатты үй деңгейіне дейін көтерілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 08 Мамыр, 2026
Эль-Класикода «Реалды» Винисиус Жуниор бастап шығады
Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниор 10 мамыр күні «Камп Ноуда» өтетін Испания чемпионатындағы «Барселонаға» қарсы матчта алғаш рет команданың капитаны ретінде алаңға шығады. Бұл шешім негізгі және вице-капитандардың жоқ болуына байланысты қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Мамыр, 2026
Қағазда – «қанттай», көшеде – қоқыс: Үндеуге үн қоспаған Үржар
Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатқалы екі жылдан асып барады. Жұрт болып жұмыла атқарған жұмыс осы күні шын мәнінде елдік сипат алып үлгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Мамыр, 2026
Жапония пен Сингапурдан кем емес: Алматыдағы арнайы мектептің өнерлі өрендері көпті тәнті етті
Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне орай Алматыдағы №2 арнайы мектеп-интернатта «Ұлы Жеңіске – мәңгілік тағзым» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 08 Мамыр, 2026
Минутына 30 сөз жазады: Ойды мәтінге айналдыратын бас киім пайда болды
АҚШ-та адамның ойын тікелей мәтінге айналдыра алатынын жасанды интеллектке негізделген бас киім пайда болды. Әзірлеушілердің айтуынша, құрылғыны қолдану үшін миға имплант орнату немесе хирургиялық тәсілдерді пайдалану қажет емес, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
Таразда жасөспірімдер арасындағы кикілжің жаппай төбелеске ұласты
Таразда жоғары сынып оқушылары арасындағы жаппай төбелес видеоға түсіп, әлеуметтік желіде кең тарады. Оқиғаға байланысты Жамбыл облысы полиция департаменті барлық қатысушының анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
Екібастұзда картонға маркермен мемлекеттік нөмір жазып алған жүргізуші ұсталды
Екібастұзда полицейлер мемлекеттік тіркеу нөмірінің орнына қолдан жасалған картон белгі таққан көлікті тоқтатты. Анықталғандай, жүргізуші нөмірді қара маркермен өзі жазып шыққан екен, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 08 Мамыр, 2026
Президент Алатау қаласының ерекше мәртебесіне қатысты шешім қабылдады
Мемлекет басшысы «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 08 Мамыр, 2026
Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсуі мүмкін
Қазақстанда ең төменгі жалақыны арттыру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
Полиция ер адамға күш көрсеткен: Желіде тараған даулы видеоға қатысты түсініктеме берілді
Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлері ер адамды күшпен ұстап жатқан сәт түсірілген бейнежазба тарады. Оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Мамыр, 2026
Сайлау жүйесіндегі жаңа талап: Жемқорлықпен сотталғандар комиссия мүшесі бола алмайды
Мәжіліс «Сайлау туралы» конституциялық заңға енгізілетін маңызды түзетулер жобасын мақұлдады. Жаңа құжат сайлау комиссияларының жұмысын ашық етіп, оның мүшелеріне қойылатын талаптарды айтарлықтай күшейтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күрес • 08 Мамыр, 2026
Grand Slam турнирі: Қазақ балуаны Олимпиада жүлдегерін жеңіп, финалға шықты
Дзюдодан Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақ балуаны Талғат Орынбасар 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды. Отандасымыз жартылай финалда Токио-2020 Олимпиадасының күміс жүлдегері, Тайпей спортшысы Ян Юнвэйн жеңді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
Қазақ жігіті Лондонның беделді ауданына мэр болып сайланды
33 жастағы қазақстандық Санжар Әбішев Лондонның тарихи орталығында орналасқан беделді Сент-Джеймс (St. James's) ауданының мэрі болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 08 Мамыр, 2026
ОПЕК-тегі өзгерістер Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ОПЕК-тегі өзгерістер мен мұнай нарығындағы жағдайдың Қазақстан экономикасына әсері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Мамыр, 2026
Вице-президент пен Халық кеңесінің жұмысы қалай қаржыландырылмақ? Министр жауап берді
Қазақстанда құрылатын Халық кеңесі мен Вице-президент институтын қаржыландыру көзі алдын ала айқындалды. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, жаңа құрылымдарға қажет қаражаттың басым бөлігі Үкімет резервінен бөлінуі ықтимал. Алайда нақты сома әзірге жарияланбады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
42 млн теңгеден астам қаржыны қалтасына басқан: Балабақша басшылығының былығы әшкере болды
Шығыс Қазақстан облысында балабақша басшылығы 42 млн теңгеден астам қаржыны заңсыз аударған. Аталған факті Үлкен Нарын ауданында жүргізілген тексеру барысында анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 08 Мамыр, 2026
Қазақстанда газ тағы қымбаттауы мүмкін: Жұманғарин себебін түсіндірді
Үкімет газ өндірісін арттыру және салаға инвестор тарту мақсатында көтерме бағаны тағы да өсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Мамыр, 2026
Жаңа пандемия қаупі бар ма? Еуропада хантавирус жұқтыру деректері көбейді
Соңғы уақытта Израиль, Франция және Швейцария елдерінде хантавирус жұқтыру деректері тіркеле бастады. Осыған байланысты қоғамда «жаңа пандемия бастала ма?» деген қауіп туындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
Есірткі ұсынып, бірге кетуге көндірген: Алматыда жасөспірім қызға тиіскен ер адам іздестіріліп жатыр
Алматыда жасөспірім қызға есірткі ұсынып, тиіскен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 08 Мамыр, 2026
Қазақстан әскери мақсаттағы дрон өндірісін қаншалықты жолға қойды?
Заманауи соғыс тәсілдері өзгеріп, дрондар қосымша құрал ғана емес, әскери операциялардың ажырамас бөлігіне айналғаны мәлім. Соңғы жылдары Қазақстан ұшқышсыз авиациялық жүйелерді дамытуға айрықша мән бере бастады. Осы орайда әскери мақсаттағы дрон өндірісін жолға қою, оны жүйелі түрде дамыту және отандық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібіне шыға бастады. Әскердегі ұшқышсыз жүйелердің нақты мүмкіндіктері мен оларды даярлау ісі қалай ұйымдастырылған? Қазақстан бұл бағытта қандай деңгейге жетті?
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
600-ден астам зат тәркіленді: Алматыда әлеуметтік желі арқылы қару сату дерегі әшкереленді
Алматыда аңсыз айналымнан пневматикалық қарудың партиясы анықталып, суық қаруға жататын заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
Шашынан тартып, лақтырған: Павлодарда 16 баланы азаптаған тәрбиешіге үкім шықты
Павлодарда 16 бүлдіршінге қатыгездік көрсеткен тәрбиешіге қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
Алматыдағы студенттің өлімі: Қайғылы оқиғаға әділетсіз бағалау себеп болды ма?
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 1-курс студенті 8-қабаттан құлап, қаза тапты. Қайғылы жағдайдан кейін қоғамда жоғары оқу орындарындағы психологиялық қысым мен сессия кезіндегі бағалау жүйесі қызу талқылана бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Мамыр, 2026
Жемқорлық үшін өлім жазасы: Қытайдың екі бірдей экс-министріне қатаң үкім шықты
Қытайда екі бұрынғы қорғаныс министрі жемқорлық фактілері бойынша сотталып, оларға шартты түрде өлім жазасы кесілді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
Астанадан Франкфуртқа ұшқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды
Air Astana компаниясына тиесілі Астана – Франкфурт бағыты бойынша KC921 рейсін орындаған ұшақ техникалық себеппен Ақтөбе қаласына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz.