Соңғы жаңалықтар
Елорда • 07 Мамыр, 2026
Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды
Астана қаласында «Медеу», «Қарталы», «Ақан сері» және «Сарыбұлақ» аялдамаларына уақытша кіруге шектеу қойылды. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Партия • 07 Мамыр, 2026
Жаңа саяси күш: «Әділет» партиясының басты ұстанымдары қандай?
Астанада өткен құрылтай съезінде «Әділет» партиясының ресми жұмысы басталып, ұйым Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Мамыр, 2026
Димаштың жанкүйерлері шала туған сәбилерге көмек көрсетті
Димаш Құдайбергеннің туған күні қарсаңында оның астаналық жанкүйерлері шала туған нәрестелерге арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. DQ Dears Astana, Еуразиялық фан-клуб және Dimash Ukraine Dears EFC өкілдері «28 ілмек Астана» клубына 290 орам жүн жіп тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 07 Мамыр, 2026
Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденовтің (1925–1974) қайталанбас ерлігі Президент Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағына, оның айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» бен «Отан» орденіне лайықты деп табылып, осы мемлекеттік ең жоғары атақ марқұмның перзенті Махамбет Кенжебайұлына тапсырылды.
Мереке • 07 Мамыр, 2026
Unitree роботы мен әскери шоу: Астанадағы мереке ерекше форматта өтті
Астана қаласындағы Қазақ елі монументі алаңында Отан қорғаушылар күніне орай үлкен плац-концерт ұйымдастырылды. Мерекелік шараға қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Мамыр, 2026
5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Елімізде Ұлы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне ауқымды әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр. Биыл бір реттік төлемдерге 32,9 мыңға жуық адамға 3,3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Олардың қатарында тыл еңбеккерлері, қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері және соғыс салдарынан мүгедектік алған азаматтар бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теңге • 07 Мамыр, 2026
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Қазақстан қалаларындағы айырбастау пункттерінде шетел валютасының бағамы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 07 Мамыр, 2026
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
15 наурызда бүкіл қазақ қоғамы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, еліміздің басты құқықтық іргетасы – жаңа Ата заңды қабылдады. Президент айтқандай, бұл құжатты «Халық Конституциясы» деп атауға толық негіз бар. Негізгі заңның басты құндылықтарының бірі – мемлекетіміздің зайырлылық сипатын бекітуі. Бұл – мемлекет пен дін қатынасының теңгерімді, әділ әрі өркениетті үлгісін айқындайтын басты ұстаным.
Өшпес даңқ • 07 Мамыр, 2026
Қан майданға аттанған ер-азаматтар отқа оранып, оқ бораған ызғарлы өмірді бастан кешті. Солардың санатында Қарағанды облысының Шет ауданына қарайтын Айғыржал дейтін шағын ауылдың тумалары – Омар әулеті де болды. Ел басына күн туғанда Омар ақсақалдың төрт бірдей ұлы – Ысқақ, Жолдас, Серік, Бөде майданға шақырылып, қолдарына қару алды.
Қоғам • 07 Мамыр, 2026
Кең көлемді амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік болатынын түсіндірді
Ішкі істер министрлігі болашақ амнистияға ілінуі мүмкін азаматтар санатын және керісінше қамтылмайтын топтарды жариялады. Сонымен қатар әкімшілік амнистия енгізу мәселесі де қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 07 Мамыр, 2026
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
2026 жылғы 7 мамырда Астанада жаңа «Әділет» саяси партиясының құрылтай съезі өтіп, партияның ресми қызметі басталды. Съезд барысында делегаттар ұйымның ресми атауын – «Әділет» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігі ретінде бекітіп, Жарғысы мен бағдарламасын қабылдады. Партия төрағасы болып Дәдебай Айбек Арқабайұлы сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 07 Мамыр, 2026
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Елімізде әскери қызметті заман талабына сай жаңғырту бағытында бірқатар бастама қолға алынып жатыр. Соның бірі – Қорғаныс министрлігі жүзеге асырып отырған «Sarbaz+» жобасы. Бұл бастама сарбаздардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, қызмет барысын ашық әрі тиімді етуге және әскердің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға бағытталып отыр.
Партия • 07 Мамыр, 2026
«Әділет» партиясы құрылтай съезі мүшелері ұйымның жарғысын бекітті
2026 жылғы 7 мамырда Астанада «Әділет» саяси партиясының құрылтай съезі басталды. Съезде партияның ресми қызметін бастау үшін қажетті құжаттар – жарғы, бағдарлама бекіту және басшылық органдарды айқындау міндеттері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Партия • 07 Мамыр, 2026
«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын мәлімдеді
Астана қаласында 2026 жылғы 7 мамырда «Әділет» саяси партиясының құрылтай съезі өз жұмысын бастады. Оған Қазақстанның барлық өңірінен шамамен 1000 делегат қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 07 Мамыр, 2026
Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады
Еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, армияны жаңғырту мен әскери әлеуетті дамыту – мемлекеттік саясаттың өзгермейтін басымдығы. Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні қарсаңында бұл тақырып ерекше қоғамдық мәнге ие болып, әскери дәстүрлердің сабақтастығы мен ел игілігі жолындағы қызметтің маңыздылығын айқындай түседі. Армияның қазіргі жағдайы мен техникалық жарақтандырылуы, қорғаныс-өнеркәсіптік кешеннің дамуы, бітімгерлік қызмет пен цифрландыру мәселелері туралы Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен ҚОСАНОВТАН алған сұхбатымызда кеңірек сөз болды.
Пікір • 07 Мамыр, 2026
Кейінгі жылдары әлемде орнықты қорғаныс, гибрид соғыс, пилотсыз ұшу аппараты (дрон), т.б. жиі айтылып, заманауи қауіпсіздік талданып-таразыланып жатқаны бекер емес. Сондай-ақ «соғыстан қашқандар», «киберқару лаңы», «ғарыш майданы», т.б. үрдіс те бүгіннің ақиқатына айналды. Әлемдік аяда бейбітшілікке кепіл халықаралық институттар, дипломатия тығырыққа тіреліп, бір-біріне қару кезенген, соғыс ашқан мемлекет көбейді. Кезінде дүниені қос лагерьге бөлген саяси қырғиқабақтық енді, көрші өзбек ағайынша сипаттасақ, тура «суық ұрысқа» ұласқандай...
Руханият • 07 Мамыр, 2026
Белгілі қаламгер, қайраткер, академик Дархан Қыдырәлінің шығармалары өзіне тән әсерімен оқырманға кеңінен таныс. Ол біраз жыл республиканың бас басылымы – «Egemen Qazaqstan» газетінің тізгінін ұстап, баспасөздегі руханиятты нығайтуға елеулі үлес қосты. Біз сөз еткелі отырған «Нүкте философиясы» кітабы – соның бір дәлелі.
Әскер • 07 Мамыр, 2026
Қазақстан армиясының әлемдік рейтингтегі орны бағаланды
Қазақстан әскері әлемдік әскери қуат рейтингі – Global Firepower 2026 бойынша 145 елдің ішінде 58-орынға жайғасты. Сарапшылар елдің әскер санын, техникасын, авиациясын, қаржылық мүмкіндігін және мобилизациялық ресурсын ескерген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 07 Мамыр, 2026
АҚШ Иранға Ормұз бұғазын кезең-кезеңімен ашуды ұсынды
АҚШ Иран еліне Ормұз бұғазын біртіндеп ашып, порттарға қойылған блокаданы алып тастауды ұсынды. Бұл ұсыныстар Вашингтон Тегеранға жолдаған өзара түсіністік туралы меморандумға енгізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 07 Мамыр, 2026
Алматыда «Батырларға тағзым – мәңгі жадымызда» патриоттық акциясы өтеді
«Ауғанстан соғысы ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Абдушүкіров өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында Алматы тұрғындары мен қонақтарына үндеу жариялады. Өз хабарламасында ол қазақстандықтарды келе жатқан мерекелермен құттықтап, ұрпақ сабақтастығының маңыздылығын алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Егемен Қазақстан • 07 Мамыр, 2026
«Қазақ газеттері» басшылығы Иран елшісімен кездесті
Кеше «Қазақ газеттері» серіктестігіне Иран Ислам Республикасының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Әли Әкбар Джоукар бастаған делегация келіп, ұжым басшылығымен кездесті. Басқосу барысында Қазақстан мен Иран арасындағы тату көршілік қарым-қатынас, тарихи-мәдени байланыстарды жандандыру, сондай-ақ ақпараттық әріптестікті нығайту мәселелері әңгіме арқауына айналды.
Заң • 07 Мамыр, 2026
18 жастағы студенттің өлімі: Астанада сот процесі басталды
Астана қаласында 18 жастағы студент Әди Чүкеевтің өліміне қатысты сот процесі басталды. Қайғылы оқиға өткен жылдың желтоқсан айында елордадағы түнгі клубтардың бірінің маңында болған. Айыпталушылар орнында екі адам отыр, олардың бірі қылмыс кезінде құқық қорғау органының қызметкері болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 07 Мамыр, 2026
Жаңбыр, найзағай, бұршақ: бүгін ауа райы қандай болады?
7 мамыр күні «Қазгидромет» еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 07 Мамыр, 2026
Венецияда Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды
Венецияда 61-ші халықаралық өнер биенналесі аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны ашылды. Көрмеде еліміз «Қоңыр: Тыныштық архиві» атты жобаны таныстырып, руханият, мәдени мұра мен тарихи жады тақырыптарын заманауи өнер арқылы көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2026
Шымкентте құны 90 млн теңге болатын 1,2 га жер мемлекетке қайтарылды
Шымкент қаласының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, заңсыздықтарды анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 06 Мамыр, 2026
Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер тарту ететінін айтты
Белгілі продюсер Баян Алагөзова Қазақстанның халық әртісі, «Қыз Жібек» фильміндегі басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол актрисамен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Мамыр, 2026
Шығыс Қазақстанда қар барысы фототұзақты зақымдап кеткен
Шығыс Қазақстан облысында сирек кездесетін жыртқыш – қар барысын зерттеу мақсатында кешенді далалық экспедиция жүргізілді. Жұмысқа Катонқарағай ұлттық паркінің мамандары, Аршаты орманшылығының мемлекеттік инспекторлары және Қазақстанның Зоология институтының ғалымдары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 06 Мамыр, 2026
Енді науқастар ұзақ уақыт кезек күтпейді: Астанада алғашқы ревматология орталығы ашылды
Елордада ревматологиялық ауруларды емдеуге арналған алғашқы мамандандырылған орталық іске қосылды. Жаңа нысан науқастарға стационарлық көмекті қолжетімді етіп, ұзақ кезек мәселесін шешуге мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Мамыр, 2026
Алматыда студент сегізінші қабаттан құлап кеткен
Алматыда бірінші курс студенті университет ғимаратынан құлап, оқиға орнында көз жұмған. Аталған деректі оқу орнының медиаорталығы растаған, деп жазады Egemen.kz.