е
Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады
Қазақстанда метеорологиялық болжаудың жаңа кезеңі басталды. «Қазгидромет» еліміздің бүкіл аумағын қамтитын, кеңістіктік ажыратымдылығы 2 шақырым болатын заманауи сандық модельді іске қосты. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің суперкомпьютерлік орталығы базасында жүзеге асты, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 13 Ақпан, 2026
24 айдың жұмысы 11 айда бітті: Алматы метросының жаңа Қалқаман бекеті қашан іске қосылады?
Алматыда «Бауыржан Момышұлы» метро бекеті мен салынып жатқан «Қалқаман» бекеті арасындағы ұзындығы 1593 метрді құрайтын оң бағыттағы тоннельдің қазу жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Ақпан, 2026
Қырғызстан президенті Тәшиевті неліктен қызметтен алғанын түсіндірді
Қырғызстан президенті Қамшыбек Тәшиевті қызметінен босату туралы шешім қабылдамас бұрын, оған қоңырау шалып, жағдайды түсіндірген. Шешімді содан кейін ғана қабылдаған. Садыр Жапаров бұл туралы «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Ақпан, 2026
«ҚазМұнайГаз» компаниясы геологиялық барлау жүргізуге ерекше ден қойды
Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның 2025 жылы атқарған жұмысы мен биылғы міндеттері жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 13 Ақпан, 2026
Қазақтың ою-өрнегі ИСЕСКО-ның мұралар тізіміне енді
Қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі ислам әлемінің мәдени қазынасы ретінде халықаралық деңгейде мойындалды. 11 ақпанда өткен ИСЕСКО Ислам әлемі мұралары комитетінің 13-сессиясында ұлттық ою-өрнекті беделді тізімге енгізу туралы шешім қабылданды. Қуанышты хабарды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сүйіншіледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Бейбіткүл Сәрсемханқызы: Республикалық референдум – Қазақстанның жаңа белесі
Қазақстанда жаңа Ата заңды қабылдау мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Конституцияның тағдырын азаматтардың өзіне сеніп тапсыру − мемлекеттік биліктің ашықтығы мен жауапкершілігінің айғағы.
Футбол • 13 Ақпан, 2026
Абат Айымбетов румыниялық клубқа ауысты
Шабуылшы Абат Айымбетов ресми түрде Петролул Плоешти футбол клубының ойыншысы атанды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Елде тіркелген SIM-карта халық санынан көп: Бір адамға бірнеше нөмір не үшін керек?
Өткен жылы Қазақстанда 27 млн мобильді абонент тіркелген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 3%-ға көп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды
Наурыз мейрамы күндері жолаушылар ағынының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» бірқатар бағытта қосымша пойыздар тағайындап, сұранысы жоғары қатынастардағы пойыздарға тіркеме вагондар қосады. Нәтижесінде мереке кезеңінде жолаушыларға 35 мыңға жуық қосымша орын ұсынылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Кедендік баж төлеудің мерзімі мен тәртібі қандай?
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік баждар мен салықтарды төлеу мерзімі мен тәртібіне қатысты түсіндірме жариялады. Аталған талаптар тауарлардың түріне, қолданылатын кедендік рәсімге және оларды декларациялау ерекшеліктеріне қарай айқындалады, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 13 Ақпан, 2026
Түркістанда инвесторларға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды
Түркістан облысында инвесторлардың құқығын қорғау мақсатында «прокурорлық сүзгі» жүйесі арқылы былтыр 41 заңсыз әкімшілік істі келісуден бас тартылып, 12 инвесторға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды. Соңғы екі жылда мемлекеттік органдардың 300-ге жуық шешімі зерделеніп, нәтижесінде 62 әкімшілік істі қозғаудан және 21 тексеруді тағайындаудан бас тартылған, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 13 Ақпан, 2026
Ерлан Қарин Ата заңның басты ерекшелігін атады
Жаңа Конституция ел дамуының жаңа бағдарын айқындайды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалиция «Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 13 Ақпан, 2026
Сарапшы: Ата заң асығыс жазылған жоқ
Елдің іргелі құндылықтары мен бағыттарын айқындайтын бас құжаттың жаңа жобасын қоғам белсенді талқылап жатыр. Ата заңды өзгертуге қатысты алып-қашпа әңгімелер мен дәйексіз деректер де аз болған жоқ. Сарапшы, экономист Айдархан Құсайынов жұрттың санасын сан-саққа жіберген сауалдарға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 13 Ақпан, 2026
Әдебиет оқырмансыз өмір сүре ала ма?
Автор соңғы нүктені қойды. Көркем шығарма аяқталды. Бірақ оның ғұмыры әсте аяқталған жоқ. Ол ендігі ғұмырын оқырман санасында жалғастырады. Феникс деген құс бар-ды. Мыңдаған жылдар жасай береді. Өле қалса өртеп, күлін отқа салсаң қайта тіріліп тұра келеді. Асылында, көркем шығарма да сол сияқты.
Білім • 13 Ақпан, 2026
Жасанды интеллект мұғалімнің жұмысын қалай жеңілдетеді?
2025 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде алғаш рет «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданды. Қазақстандағы білім беру жүйесінде ЖИ технологияларын оқыту процесіне сауатты әрі сапалы енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Жолаушыларға ескерту: Пойызда қандай әрекеттерге тыйым салынады?
«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол көлігінде белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтау әр жолаушының міндеті екенін ескертеді. Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, пойыз ішіндегі тәртіп пен жайлылық – баршаға ортақ жауапкершілік, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2026
Жұмыртқа мен сары май қымбаттаған: Жетісуда бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды
Жетісу облысында Сауда және тұтынушылардың құқықығын қорғау департаменті азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлерді анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2026
Алматыда есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында есірткі заттарын интернет арқылы байланыссыз тәсілмен таратумен айналысқан интернет дүкеннің қызметін тоқтатты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2026
Шет ауданында жаңа спорт кешені ашылды
Шет ауданының Нұра ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Енді ауыл тұрғындары футзал, жекпе-жек, фитнес және басқа да спорт түрлерімен жыл бойы айналыса алады. Нысан 200 адамға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Патрульдік полицияны жасанды интеллект алмастырды
Ақтөбе облысының Қандыағаш, Алға қалаларында жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге арналған кешендер іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Өткен жылы өндіріс 6,4%-ға артты: Қай салалар оң динамика көрсетті?
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025 жылды қорытындылауға арналған алдағы кезеңге арналған жоспарлары қаралған алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2026
Қызылордада бойжеткеннің соңынан қалмай, аңдыған өгей әкесі темір торға тоғытылды
Қызылорда қаласында бойжеткенді аңдып, мазалаған азамат қамауға алынды. Полицияға арызданған жәбірленушінің айтуынша, оны өгей әкесі аңдыған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 13 Ақпан, 2026
Жасанды интеллект ауаның ластануын алдын ала болжай ала ма?
Қазір экология мәселелері адамзат үшін ең өзекті әрі күрделі проблемалардың біріне айналды. Табиғи ресурстардың шектен тыс пайдаланылуы, қоршаған ортаның ластануы, климаттың жаһандық өзгеруі және биоалуандылықтың азаюы табиғи экожүйелердің тұрақтылығына елеулі қауіп төндіріп отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының және Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының (IPCC) мәліметтері бойынша, кейінгі онжылдықтарда парниктік газдардың көлемі айтарлықтай артып, жаһандық орташа температураның көтерілуіне себеп болған.
Ауа райы • 13 Ақпан, 2026
Көктайғақ, тұман, жел: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» синоптиктері 13 ақпанда еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтілетінін ескертті. Кей аймақтарда көктайғақ, тұман, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 13 Ақпан, 2026
Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 13 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Бүгін Михаил Шайдоров еркін бағдарламада өнер көрсетеді
Италияда өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Бүгін төртжылдықтың басты бәсекесінде ел құрамасы спорттың 3 түрі бойынша жарыс жолына шығады, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 12 Ақпан, 2026
Бельгияда Мұқағали Мақатаевтің мерейтойы мен шығармашылығына арнап әдеби іс-шара өтті
Брюссель қаласындағы Қазақ мәдени орталығында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай әдеби-поэтикалық кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Ақпан, 2026
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ертең елордада бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы хабарлама таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 12 Ақпан, 2026
Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі 6,4%-ға өсті
Еліміздегі өңдеу өнеркәсібі тұрақты даму қарқынын сақтап отыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жариялаған деректерге сәйкес, 2025 жылы саладағы өндіріс көлемі 6,4% өскен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2026
Абай облысында алимент өндіру тетігі күшейді
Абай облысында алимент өндіру мәселесіне қатысты жедел-профилактикалық іс-шаралар жүріп жатыр. Тексеру барысында алимент бойынша берешегі бар азаматтар анықталған. Қарыз көлемі бірнеше мың теңгеден бастап, қомақты қаражатқа дейін жеткен жағдайлар кездеседі, деп жазады Egemen.kz.