Қысқы спорт • Бүгін, 09:06

Қысқы Олимпиада: Бүгін Михаил Шайдоров еркін бағдарламада өнер көрсетеді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияда өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Бүгін төртжылдықтың басты бәсекесінде ел құрамасы спорттың 3 түрі бойынша жарыс жолына шығады, деп жазады Egemen.kz.

Қысқы Олимпиада: Бүгін Михаил Шайдоров еркін бағдарламада өнер көрсетеді

Фото: Сали Сабиров/ҰОК баспасөз қызметі

Бүгін жүлдеге таласатын ел спортшылары: 

Шаңғы жарысында Ә.Мұратбеков, В.Пухкало, Н.Башмаков сынға түседі. 15:45-те басталатын сайыста спортшылардың уақыт көрсеткіші жеке есепке алынады.

Сондай-ақ бүгін биатлоншыларымыз да бақ сынайды. В.Киреев пен Ә.Дүйсеновтің өнерін 18:00-де тікелей эфирден тамашалауға болады. 

Ал 23:00-де М.Шайдоров еркін бағдарлама бойынша бақ сынайды. Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы жекелей сырғанауда қысқа бағдарлама бойынша 92.94 ұпай жинап, нәтижесінде 5-ші орынға тұрақтаған еді. 

Айта кетейік, күні кеше могулшы Павел Колмаков жекелей сында жарыс жолынан шығып қалды.

Соңғы жаңалықтар