Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 20 Наурыз, 2018
Арқада апаттың алдын алу жұмыстары пысықталды
Ерте көктем туа Арқада алдымен өкпек жел соқты. Мұнысы даланы қымтап жатқан қасат қарды тесуге таптырмайтын тегеурінді күш. Көктемнің кәдімгі қара суығы. Одан кейін облыстың кей жерлерінде сіркіреп жаңбыр жауды. Бұның да өз хәлінше қар көбесін сөгерлік қауқары бар-ды. Енді, міне, қылышын сүйреткен қыс қыр аса бере, шағырмақ күндер басталды. Қардың шеті жіпсіп, жіңішке жүлгелерді қуалап су аға бастады.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Әнес Сарай: Алаштың табаны – Торғай, өзегі – Семей, жұлыны – Жымпиты
Уақытша үкіметтің басқару органы «Учредительное собрание» («Комуч») мүшелерімен кездесуге Алашорда атынан 1918 жылдың шілде айында Семейден Ә.Бөкейханов пен Ә.Ермеков, Түркістаннан М.Шоқай, Батыстан У.Танашев төртеуі Самарада бас қосады. Бұлар «Комичпен» келіссөз жүргізді. Нәтижесінде, 20-қыркүйекте Уфада Уақытша үкімет жанынан Алашорда Кеңесі ашылды.
Жазу мәселесі туралы соңғы сөз
Әліпби ауыстырудай күрделі іс Алаш арыстары тұсында да өткір мәселе болған-ды. Талай тартыс, дау-дамай болғанын сол кездегі газеттің сарғайған беттерінен көреміз. Авторы «Жүсіпбек» деп жазылып (Аймауытов – ред.), «Еңбекшіл қазақ» газетінің 1924 жылғы №208-209 нөмірлерінде жарық көрген «Жазу мәселесі туралы соңғы сөз» атты мақаланың алғашқы бөлімін ұсынып отырмыз.
Жас педиатрлардың тұңғыш басқосуы
«Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Екінші – ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек» деген Абайдың 32-қарасөзімен тұңғыш рет ел педиатрларының ғылыми мәжілісі өтті. «Педиатрлар одағы» қоғамдық бірлестігі мен С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың балалар аурулары кафедрасы ұйымдастырған жиын педиатрия және балалар хирургиясының бүгінгі өзекті мәселелері тақырыбына арналды.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Кесарь тілігі – амалсыздан жүгінетін тәсіл
Кесарь тілігі – ғасырлар бойы жасалып келе жатқан хирургиялық тәсіл. Небір жансыздандыру әдістері мен антибиотик дәрілер көбейген сайын жатырды тілу арқылы босандыру әлемде қалыпты құбылысқа айналды. Бүгінде Америка, Батыс Еуропа мемлекеттері ешқандай медициналық көрсеткіштерсіз-ақ, тек әйелдің қалауымен бұл отаны оп-оңай жасай беретін болды. Ал Қазақстандағы жағдай қандай? Жалпы, іштегі шарананы кесарь жолымен алу міндетті әдіс пе, әлде ана мен бала өмірін сақтаудың жалғыз жолы ма? Бұл туралы Астана қаласының №3 перинаталды орталығы қабылдау-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі, 25 жыл бойы талай сәбидің кіндігін кескен жоғары санатты дәрігер Гүлшат СЕРІКБАЕВАМЕН әңгімелескен едік.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Медицинада сирек кездесетін сырқатты орфандық аурулар деп атайды. Ресми деректерге жүгінетін болсақ, Жер шарындағы адамдардың шамамен – 3, кейбір деректерде 6-8 пайызы осы ауруға шалдығады екен.
Президент • 20 Наурыз, 2018
ҚХР төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты Наурыз мейрамымен құттықтады
Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Астанада Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен этномәдени іс-шара өтті
Кеше Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Туған жерге тағзым» атты этномәдени шара өтті.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Бүгінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан тарихының ажырамас бөлігі саналатын әр аймақтың, қала мен елді мекендердің тарихын зерттеп-зерделеудің, сондай-ақ әр өлкенің дамуына елеулі үлес қосқан тарихи тұлғалардың есімдерін ұлықтап, танып білудің өзектілігі арта түсті. Осы орайда Қазақстанның әрбір жас азаматы туған жердің бұлағынан нәр алып, топырағының қасиеттерін бойына сіңіріп, білімімен сусындап өсуі тиіс. Әсіресе еліне адал қызмет еткен тұлғалардың өмірін үлгі тұтып есімдерін білуге міндетті. Сондай тұлғалардың бірі – Қазанғап би Сатыбалдыұлы.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2018
Рухани жаңғыру. Рухтың түлеуі – ұлттың тілеуі
Тұңғыш Президентімізді еңбекпен есейтіп, саяси тұлға ретінде қалыптастырған Қарағанды өңірінде тағы бір өнегелі іс өріс алды. Нақтырақ айтқанда, кеншілер астанасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Орталық сараптама кеңесінің көшпелі мәжілісі өтіп, руханиятымызды өркендетуге қызмет ететін құнды пікірлер, өміршең ұсыныстар айтылды.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Наурыз кездесулері Астана сәулетіне арналды
Биыл Назарбаев зияткерлік мектептерінің дәстүрлі наурыз кездесулері Астана қаласының айшықты сәулетіне арналып отыр. Яғни сегізінші мәрте өткен наурыз кездесулері елорданың 20 жылдығы мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің құрылғанына 10 жыл толуы аясында ұйымдастырылды.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
«ҚазТрансОйл» Мемлекет басшысы белгілеген міндеттердің барлығын жүзеге асыруда
Төртінші өнеркәсіптік революция жүзеге асты, ол тіпті консервативті құбыр желісі мәселесін де қозғады. Өз бизнесін жоспарлы түрде жаңарта отырып, магистральды мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор «ҚазТрансОйл» АҚ 4.0 индустриясының келуіне бәрінен де жақсы дайындалған екен.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2018
16 мал бордақылау алаңы бар елді мекен
Елбасы биылғы Жолдауында өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген тұрғындар мәселесіне ерекше тоқталып: «Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек», деген еді. Жақында Абай ауданына ісссапармен барғанымызда осы бағытта бірқатар жүйелі жұмыстардың жүзеге асырылып жатқанына көзіміз жетті.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Нұрбол Құрман: Тиімді әрі тың бастама
«Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру». Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Үндеуінде осындай міндет қойып отыр.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Ғабит Тұяқбаев: Халық мемлекет қамқорлығын сезінді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы қазақстандықтардың болашағына деген сенімін нығайтатын тағы бір маңызды қадам деп айтуымызға болады.
Ешқандай кәсіпке айырбасталмайтын ең қызық, ең күрделі, ең әмбебап мамандық – журналистика. Тағдыр талайымызға жазған осы кәсіптің арқасында бұйырған елдерді аралаудың талай рет сәті түсіпті.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Президенттің бес әлеуметтік бастамасы – халықты қолдаудың айқын көрінісі
Осы елдің азаматы ретінде мен кәсіпкерлік қызметке толық қолдау жасалған, тұрақтылық орнаған, болашаққа нық қадам басқан елде тұратынымызды сезіндім.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Сергей Огай: Бірлікке шақыратын Үндеу
Мемлекет басшысы 5 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында халықтың тұрмысын жақсартуға арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін жариялады.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2018
Қостанайда Елбасы Үндеуі кеңінен талқыланды
Мемлекеттік органдар, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өкілдері, зиялы қауым және білім ордасының оқытушылары мен студенттері қатысқан Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтындағы басқосуда Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі кеңінен талқыланды.
Инфографика • 20 Наурыз, 2018
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Туре Наэрланд: Ауқымды жобалар ел игілігіне айналады
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз халқының тұрмыс жағдайын жақсарту бағытындағы Үндеуімен мұқият танысып шықтым. Ол маған жақсы әсер етті. Қазақстанға ерекше құрметпен қарайтын азамат ретінде мен елдегі тың бастамалардың күн тәртібіне шығарылғанына қуаныштымын.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Бес әлеуметтік бастама – жағдайды жақсартуға бағытталған үлкен қадам
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа әлеуметтік бастамаларында көкейтесті мәселелердің қамтылғандығына көз жеткіздім. Оның ішінде солтүстік өңірлерді газдандыру мәселесіне ерекше тоқталғым келеді.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Аллаберген Қонарбаев: Үміт сыйлаған бастамадан нәтиже күтіледі
Елбасы Н.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында бес әлеуметтік бастама жайлы Үндеуі мен секілді аудан, ауыл жастарына ерекше ұнады.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Елбасы Үндеуінде адам капиталына басымдық берілген
Алматы қаласының ардагерлері Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасын» асқан ризашылықпен қарсы алды.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Жаңғыру тетігі – жаңа маман даярлау
Қазір әлемде небір өзгерістер болып жатыр, сол өзгерістерге Қазақстан түбегейлі дайын деуге болады. Жаңа дәуірге қадам басу жолында еліміздің алдына қойылған бірқатар міндеттерді қамтыған Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында соның нақты межелері көзделген.
Әлем • 20 Наурыз, 2018
Ресей халқы өз таңдауын жасады
Өткен жексенбі күні Ресей Федерациясында 2018-2024 жылдар аралығындағы мерзімге президент сайлауы болып, іс басындағы Президент Владимир Путин қарсыластарынан айқын басым шықты.
Әлем • 20 Наурыз, 2018
Берік Имашев РФ президентін сайлаудағы жұмыс қорытындысына арналған іс-шараға қатысты
2018 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашев Ресей Федерациясы президентінің сайлауындағы ТМД байқаушылары миссиясының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясына қатысты.
Парламент • 20 Наурыз, 2018
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат бюросының отырысы өтті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты бюросының отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2018
Алматыда Елбасы Үндеуін талқылауға арналған республикалық кеңес өтті
Алматыдағы Достық үйінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін талқылауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық кеңесі өтті. Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко бастаған Ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, сондай-ақ бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты.
Үкімет • 20 Наурыз, 2018
Үкіметте білім саласын цифрландыру мәселесі қаралды
Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның төрағалығымен «Білім беру саласындағы цифрландыру» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті.