Қазақстан • 20 Наурыз, 2018

Туре Наэрланд: Ауқымды жобалар ел игілігіне айналады

191 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаевтың өз халқының тұрмыс жағдайын жақсарту бағытындағы Үндеуімен мұқият та­нысып шықтым. Ол маған жақ­сы әсер етті. Қазақстанға ерек­ше құрметпен қарайтын азамат ретінде мен елдегі тың баста­малардың күн тәртібіне шыға­рыл­ғанына қуаныштымын.

Туре Наэрланд: Ауқымды жобалар ел игілігіне айналады

Қазақстан – аумағы бойынша әлемдегі тоғызыншы ел. Онда көптеген этностардың та­ту-тәтті өмір сүріп жатқаны, түрлі конфес­сия­лардың өзара түсініс­тік танытып отырғаны талайларды қызықтырады.

Н.Назарбаев наурыз айының басында ұсынған бес әлеуметтік бастамасында атап көрсетілген бағыттар мен нақты міндеттерді жоғары бағалаймын.

Бұл бастамалар бойынша мемлекет халыққа тиімді несие беруді қалайды, төмен жалақыға салық жүктемесін 10-нан 1 пайызға дейін қысқартуды көздейді. Сондай-ақ жоғары білім алғысы келетін жастарға бұған дейін бөлініп келген 54 мың грантқа 2018-2019 оқу жылында қосымша 20 мың грант беру жоспарлануда. Бұл жастардың сапалы білім алуына қолжетімділікті қам­тамасыз ететін болады. Нұр­сұл­тан Назарбаев атап өткендей, жас­тар басымдыққа ие болуы керек.

Сондай-ақ микронесиелеу кө­лемін биылғы жылы 62 млрд теңгеге (193,4 млн АҚШ дол­лары) ұлғайту ұсынылып, кәсіп­кер­лікті жандандыруға баса назар аударылмақ. Бұл жаңа жұмыс орындарын көптеп құруға жол ашады.

Президенттің Қызылорда облысынан Жезқазған, Қарағанды және Теміртау қалалары арқылы Ас­танаға ірі газ құбырын тарту арқылы 2,7 млн адамға газ игі­лігін көрсетуге қатысты тапсырма беруі де халыққа жасалған шы­найы қолдау болды.

Мен өзімді әрдайым қазақ халқының досы санаймын. Қа­зақтар – үлкен құрметке лайық тамаша халық.

Мен Президент Н.Назар­баев­ты Семей ядролық сынақ алаңын жауып, әлемге үлгі көрсеткені жә­не ядролық қауіпсіз әлем құру жөніндегі батыл бастамалары үшін, сондай-ақ Сирияда бей­біт­шілік орнатудағы белсенді қыз­меті үшін құрметтеймін.

Туре НАЭРЛАНД,
Халықаралық «Bike for Peace» ҮЕҰ төрағасы (Норвегия)