Қазақстан • 20 Наурыз, 2018

Президенттің бес әлеуметтік бастамасы – халықты қолдаудың айқын көрінісі

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы елдің азаматы ретінде мен кәсіпкерлік қызметке толық қолдау жасалған, тұрақтылық орнаған, болашаққа нық қадам басқан елде тұратынымызды сезіндім.

Президенттің бес әлеуметтік бастамасы – халықты қолдаудың айқын көрінісі

Мемлекет басшысы айтқан төртінші әлеуметтік бас­тамада кәсіпкерлік сала­ға қол­дау көрсету, атап айтқан­да, микро­несиелендіруді кеңей­ту мәселесі көтерілді. Мик­ро­не­сиелендіру ісін әлі де жетілдіре түсу халықтың өзін-өзі еңбек­пен қамтып отыр­ған бөлігінің жұмыс табуына мүмкіндік туғыза­тыны сөзсіз. Бар­лық деңгей­дегі кәсіпкерлік құрылымдар еңбекпен қамту ісінде және халықтың тұрмыс сапасын көтеруге, сол арқылы елдегі әлеуметтік ахуалды жақ­сар­туға ықпал ететінін ескер­сек, бұл өте маңызды. Еліміз­дің одан әрі әлеуметтік-экономи­ка­лық дамуы осыған байланысты.

Сөз жоқ, бұл мақсатқа бизнес орта мен мемлекет өзара тізе қосып әрекет еткенде ғана жете алады. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан бизнес саласын дамытуға ерекше жағ­дай жасалып отыр. Ендігі кезекте жеке кәсіпкерлік барынша қанат жайып, қарқынды түрде дамуға тиіс. Мен барлық кәсіпкерлер мен ел азаматтарын Елбасы көтерген бастамаларды жүзеге асыру үшін өзара тізе қосып, белсенді түрде әре­кет етуге шақырамын.

Әсен ЖАҚСЫЛЫҚОВ,
«Гормолзавод» ЖШС директоры