Қазақстан • 20 Наурыз, 2018

Нұрбол Құрман: Тиімді әрі тың бастама

707 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру». Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Үндеуінде осындай міндет қойып отыр.

Нұрбол Құрман: Тиімді әрі тың бастама

Халықтың тұрғын үй жағ­да­йын жақсарту мақсатында, тәуел­­­сіздік жылдарында еліміз­де көптеген бағдарламалар қабыл­данды. Соның ішінде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметкерлер, бюджет саласының мамандары аз қамтылған және жас отбасылар, бір сөзбен айтқанда, түрлі категориядағы азаматтар тұрғын үйге жеңілдіктермен қол жеткізген болатын. Қазіргі кезде «Нұрлы жер» бағдарла­масы халық арасында үлкен таны­мал­дылыққа ие болды. Себебі «Нұрлы жер» аясында тұрғын­дарға пәтермен бірге, жеке тұр­ғын үй алу мүмкіндігі де беріліп отыр. Үндеуде келтірілген дерек­тер­де өткен жылы ғана елімізде 11,2 миллион шаршы метр тұр­ғын үйдің пайдалануға берілгені айтылады. Расымен де, бұл – рекордтық көрсеткіш.

Десе де, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының жыл санап көбеюі, мәселенің әлі де болса шешімін таппай отырға­нын көрсетеді. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «7 – 20 – 25» бағдарламасын ұсынуы тың бастама дер едім. Бұл еліміздің шын мәніндегі әлеуметтік мемлекетке айналғанын көрсетеді. Прези­дент өз ұсынысында несие өсімінің мөлшерлемесін қазір­гі­дей 14-16 емес, жылына 7 пайыздан асырмауды және бас­тапқы жарна құнының 20 пайыздан аспауын тапсырып отыр. Бұл қарапайым аза­маттар үшін өте тиімді қадам. Біз­дің азаматтарымызда ақша жи­нау мәдениеті қалыптасуда. Демек, баспанаға жол жеңілірек болады.

Нұрбол ҚҰРМАН,
Қазақстанның «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры