Ер
Үкімет • 26 Тамыз, 2025
2035 жылы мемлекеттік бюджеттің кірісі ұлғаяды - Серік Жұманғарин
Үкімет отырысында 2026–2035 жылдарға арналған ұзақмерзімді даму болжамы қаралды. Құжатты Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 26 Тамыз, 2025
Үкімет азық-түлік бағасын бақылауды күшейтеді
Вице-премьер — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жетекшілігімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру және инфляцияны тежеу жөніндегі апталық кеңес өтті. Онда 2025–2026 жылдарға арналған тұрақтандыру қорларын толықтыру мақсатында жаңа өнімдер бойынша келісімшарттар жасасу барысы және соңғы аптадағы баға өзгерістері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 25 Тамыз, 2025
Азаматтардың конституциялық сотқа тікелей жүгінуге құқығы бар - Еркін Оңғарбаев
Астанада Конституциясының 30 жылдығына орай 2022 жылғы конституциялық түзетулерге түсіндірменің 2-басылымының тұсаукесері өтті, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 25 Тамыз, 2025
Түзетулердің нәтижесінде конституционализмнің жаңа кезеңі басталды – Индира Әубәкірова
ҚР-ның Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Индира Әубәкірова 2022 жылы қабылданған конституциялық түзетулер туралы айта отырып, жаңартылған Конституция Қазақстандағы конституционализмнің жаңа кезеңін бастауға негіз болғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Тамыз, 2025
Roblox ойынына қатысты ата-аналарға ескерту жасалды
ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналарға интернет кеңістігіндегі, соның ішінде балалар арасында кең таралған Roblox ойынындағы ықтимал қауіптерге қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 25 Тамыз, 2025
Конституцияға 30 жыл: 2022 жылғы реформалар қандай өзгеріс әкелді
Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай 2022 жылғы конституциялық түзетулерге түсіндірменің 2-басылымының тұсаукесері өтті. Мәжіліс депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Башимов конституциялық өзгерістердің мемлекет пен қоғам үшін маңыздылығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2025
Түркістан облысында 1 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды
Соңғы үш жылдың ішінде Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы шамамен 1 миллион гектар жер мемлекет меншігіне өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2025
Қостанай облысында 51 ауыл 4G интернет желісіне қосылады
Осыдан екі жыл бұрын «Билайн» байланыс операторы мен облыс әкімдігі арасында шалғай ауылдарға «Билайн Қазақстанның» базалық стансасын орнату жөнінде меморандум жасалған. Нәтижесінде бүгінге дейін 22 ауыл жоғары сапалы интернет байланысына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 25 Тамыз, 2025
Қоғамдық мүлікке зиян келтірген 165 адам жазаланды
Астанада полицейлер Байқоңыр ауданындағы аялдама павильонын әдейі бүлдірген ер адамды ұстады. 37 жастағы күдікті қоғам мүлкіне масаң күйде зиян келтірген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2025
Атырауда 100 мектепке «Сергек» камерасы мен SOS дабыл түймесі орнатылды
Атырау қаласында «Сергек» бақылау жүйесінің 2750 камерасы бар. Шаһардағы 100 мектеп аталған жүйенің камералары SOS дабыл түймесімен қамтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 24 Тамыз, 2025
Телефонға жолданған SMS әскерге шақыру туралы ресми хабарлама ретінде танылады
«Әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы мамырдағы қаулысына өзгерістер енгізуге қатысты тиісті құжаттың жобасы жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 23 Тамыз, 2025
Қазақстан Қарулы күштерінің шығармашылық ұжымы Мәскеудегі Қызыл алаңда зор қошеметке ие болды
Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына қарасты Орталық әскери оркестр мен Орталық ансамбльдің музыканттары мен әртістері Мәскеуде өткен XVII Халықаралық «Спасск мұнарасы – 2025» әскери-музыкалық фестивалінде табысты өнер көрсетті. Іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды.
Денсаулық • 23 Тамыз, 2025
Өзгеге өмір сыйлаған еріктілер
Шымкент қаласында ел Конституциясының 30 жылдығына орай «30 мерейлі күн» акциясы жүріп жатыр. Осы акцияның аясында «Өзгеге өмір сыйла» бастамасымен еріктілер қалалық қан орталығында қан тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 22 Тамыз, 2025
Әскерилерге бөлінетін қаражат – ең алдымен адамға бағытталуы тиіс
Мәжіліс депутаты Олжас Құспековтің айтуынша, қорғаныс саласына бөлінетін қаржы ең алдымен әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталуы қажет, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 22 Тамыз, 2025
Аман Бақтығалиұлы шығармалары насихатталды
Мемлекеттік орталық музейде Қазақстанның көрнекті суретшісі, графика және кескіндеме жанрларының хас шебері Аман Бақтығалиұлының 80 жылдық мерейтойына арналған мемориалдық көрме ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Қазақстан-Қырғызстан Президенттері «Достықтың алтын көпірі» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
Мемлекеттер басшылары Бішкек қаласындағы Қазақстан мен Қырғызстан достығы аллеясында орналасқан «Достықтың алтын көпірі» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2025
Мереке қарсаңында арнайы санаттағы тұрғындарға бір реттік көмек беріледі
Аталған қолдау шарасы Конституцияның 30 жылдығына орай Шымкент қаласы мәслихатының шешімімен «Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына» сәйкес қабылданып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Тоқаев Қырғызстанның мемлекет және қоғам қайраткерлерін марапаттады
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық және одақтастық қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Президенттер жаһандық және аймақтық мәселелер туралы пікір алмасты
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Қырғызстанның көптеген халықаралық түйткілге қатысты ұстанымы – ортақ. Әсіресе, Орталық Азиядағы ықпалдастықты күшейту екі елдің мүддесіне сай келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 22 Тамыз, 2025
Астанада әскери музыкант қайғылы оқиғаның алдын алды
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Орталық ансамблі эстрадалық-симфониялық оркестрінің концертмейстері аға сержант Аббас Аппазов қайсарлық танытып, 19 жастағы қыздың өмірін сақтап қалды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Қ.Тоқаев Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың төрағалығымен Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызмметіне сілтеме жасап.
Өндіріс • 22 Тамыз, 2025
Әуе кемелерінің паркі жаңа ұшақтармен толықтырылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында Үкімет азаматтық авиацияны дамыту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 22 Тамыз, 2025
Жамбыл облысында тұңғыш рет Меркі мемлекеттік өңірлік табиғи паркі құрылды
Жамбыл облысында алғаш рет ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие «Меркі мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» құрылды. Бұл бастама өңірдің бай табиғи мұрасын сақтауға, экологиялық тепе-теңдікті қорғауға және экотуризмді дамытуға зор серпін бермек. Жоба Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылды, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 21 Тамыз, 2025
Қазақстанның энергия компаниялары кірістерінің тек 7% жаңғыртуға жұмсады
«Энергокомпанияларддың кірістері қайда кетеді» деген айтыла-айтыла сарытіс болып кеткен сауалға агенттік бір-ақ ауыз сөзбен жауап береді. Табыстың 7 пайызы жаңғыртуға жұмсалып келген, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 21 Тамыз, 2025
Бішкекте ІІІ қазақ-қырғыз өнерлі жастар форумы өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Бішкек қаласында ІІІ қазақ-қырғыз өнерлі жастар форумы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 21 Тамыз, 2025
Қырғызстанда Шоқан Уәлиханов туралы деректі фильмнің таныстырылымы өтті
Бүгін Қырғызстанда қазақ-қырғыз жастар форумының аясында ұлы ғалым, этнограф Шоқан Уәлихановтың өмірі мен еңбегіне арналған деректі фильмнің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Тамыз, 2025
Жол-құрылыс саласы отандық битуммен толық қамтамасыз етілді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаһандық жобалармен қатар іргелес салаларды негізгі ресурстармен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы міндеттер де шешіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2025
Берденовке оқ атқан Ернар Жиембай сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді
Бірнеше айдан бері қоғамда қызу талқыға түскен Берденов пен Жиембайға қатысты іске ақыры нүкте қойылды. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абинұр Қарабаев 20 тамызда Ернар Жиембайды Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды. Сотта Е.Жиембай үкіммен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 21 Тамыз, 2025
138 мың оқушы оқу жылын жаңартылған мектептерде бастайды
Жаңа оқу жылы басталғанға дейін 163 білім беру ұйымында жөндеу жұмыстары аяқталады. Жаңартылған және толықтай қайта жабдықталған мектептерде 138 мыңнан астам оқушы білім алады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 21 Тамыз, 2025
9 жылу электр орталығы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа көшті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажеттігіне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.