Фото: Ақорда
«Мемлекет басшысы елімізде білім алып жатқан шетелдік студенттермен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі
Бүгінде Қазақстанда 31 мыңнан астам шетел студенті оқиды. Президент 2029 жылға қарай аталған межені 100 мыңға дейін жеткізу міндетін жүктеді», делінген хабарламада.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқитын француз студенті Адриан Давус Президентке қазақ тілін үйреніп жүргенін айтты.
Мемлекет басшысы оның ана тілімізді үйренуге деген ықыласына ризашылығын білдірді.
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                