қазақ
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2026
Қазақстан паспорты әлемдік рейтингте 61-орынға көтерілді
Henley & Partners компаниясы 2026 жылға арналған паспорттар рейтингін жариялады. Зерттеуде 199 елдің төлқұжаты қамтылған. Негізгі өлшем визасыз баруға болатын мемлекеттердің саны, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 13 Қаңтар, 2026
Үкімет: Еліміздің барлық елді мекені 100% ауыз сумен қамтылды
Бүгін Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Мемлекет басшысының халықты 2025 жылдың соңына дейін ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының толық орындалғаны туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Қаңтар, 2026
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Ал шығыс өңірлерде түнде қалың қар түсуі мүмкін. Батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда қар аралас жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 12 Қаңтар, 2026
Елімізде қылмыс жылдан-жылға азайып келеді
Өткен жылы Қазақстанда 17 миллионнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Ведомство дерегіне сүйенсек, бірқатар ауыр қылмыс түрлері бойынша қылмыс саны 6 мыңға қысқарған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026
Шығыс Қазақстанда полицейлер күрежолда әйелді құтқарып қалды
Өскемен – Самар тасжолының 63-ші шақырымында қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция жасағы жол жиегінде тоқтап тұрған автокөлікті байқаған. Мән-жайды анықтау барысында көлік ішінде 60 жастағы әйелдің денсаулығы сыр бергені мәлім болған, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Қаңтар, 2026
Қар, жаңбыр және көктайғақ: Бүгінгі ауа райы болжамы белгілі болды
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болжанып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Елімізде медициналық қызметке арналған ваучерлер беріле бастайды
Бұл – медициналық көмек алу үдерісін мейлінше ашық етеді. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қазақстанда медициналық қызметтерге арналған ваучерлер беріле бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
8 қаңтарда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 508,91 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 3,19 теңгеге төмен. Айта кетейік, Ұлттық банктің 8 қаңтарға белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 512,83 теңге, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
«Қазақтелеком» қаңтар айындағы төлемнің неге жоғары болатынын түсіндірді
«Қазақтелекомның» 1 қаңтардан бастап көрсетілетін қызметтер бағасын көтеретіні туралы хабарламасы әлеуметтік желілерде талқыланып жатыр. Пайдаланушылардың бірі белгіленген тарифпен үш жылдық келісімшарт жасасқанын, алайда баға бәрібір өсетінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2026
Каникул кезінде батысқазақстандық 126 бала құқық бұзған
Батыс Қазақстан облысында «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде кәмелетке толмаған 126 баланың әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 07 Қаңтар, 2026
Астанада ересектерге арналған тегін қазақ тілі курсына қабылдау басталды
Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қала тұрғындарын ересектерге арналған тегін қазақ тілі курсына қатысуға шақырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ауа райы • 06 Қаңтар, 2026
Қазақстанда Рождество мерекесінде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 7 қаңтар – Рождество мерекесі және одан кейінгі күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің ірі қалаларында құбылмалы ауа райы күтіледі. Солтүстікте қар жауып, боран соқса, оңтүстік өңірлерде күндізгі температура нөлден жоғары болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Жаңа жылдан бастап SIM-картаны іске қосу тәртібі өзгерді
Қазақстанда 3 қаңтардан бастап абоненттік нөмірлерді сатып алудың жаңа ережелері күшіне енді. Енді азаматтар SIM-картаны қолдану үшін міндетті түрде биометриялық сәйкестендіруден өтуі тиіс. Бұл талаптың қалай жұмыс істейтіні туралы Телекоммуникация комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков түсіндіріп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Пойыздар мен ұшақтарда Starlink деңгейіндегі интернет пайда болады
2026 жылы «Қазақстан темір жолы» пойыздары мен «Air Astana» әуе кемелерінде жолаушылар үшін спутниктік интернет іске қосылады. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Қазақстанның бес облысында жол жабылды
2026 жылғы 6 қаңтардағы ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қазақстанның бес өңірінде республикалық маңызы бар тасжолда көлік қозғалысына шектеу қойылды. «Қазавтожол» ұлттық компаниясы қазіргі уақытта 700-ден астам арнайы техника трассаларды қар мен мұздан тазартып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 06 Қаңтар, 2026
ERG, KIA, Mars: Қазақстанда өнеркәсіп локализациясы өсіп келеді
Ұзақ уақыт бойы әлемдік аренада Қазақстан өндіруші секторға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларға және транзитке баса ден қойған экономика ретінде қабылданып келгені рас. Бірақ 2020 жылдардың басынан бұл көзқарас өзгере бастады: көптеген халықаралық корпорациялар елге өткізу нарығы ретінде қарағанды қойып, өз өндірістерін осында орналастыруға көшті, жергілікті жеткізушілерді қолдай отыра, шығаратын өнім көлемін көбейтті. Нәтижесінде бұл ел біртіндеп экспортқа деген нақты амбициясы бар аймақтық өнеркәсіптік платформа ретінде қалыптасып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Ел тұрғындары енді көлік нөмірін өздері таңдай алады
5 қаңтардан бастап ел азаматтары көлік нөмірін өз қалауынша таңдай алады. Бұл норма 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгенмен, аталған қызмет бүгіннен бастап қолжетімді болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2026
Қазақстан халқының саны 20,4 миллионнан асты
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 478 879 адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 05 Қаңтар, 2026
20 қаңтардан бастап Ресейден келетін балаларға Қазақстанға кіру үшін төлқұжат қажет
2026 жылдың 20 қаңтарынан бастап Ресей Федерациясынан Қазақстанға келетін балаларға қойылатын талап өзгерді. Енді туу туралы куәлік шекарадан өту үшін жарамды құжат болып саналмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Бүгін «Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды сұхбаты жарияланды. Сұхбат барысында «Turkistan» газетінің бас редакторы Президенттен еліміздегі ірі бизнес өкілдерінің әрекеттері мен олардың қайырымдылықпен айналысуына қатысты сұрақ қойды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 05 Қаңтар, 2026
Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетіп, ел тарихындағы рекордтық көрсеткіштердің бірін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясын ерекше назарда ұстайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Қазақстанда ауқымды саяси өзгерістердің жаңа кезеңі басталып, экономикалық реформалар жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 02 Қаңтар, 2026
«Таза Қазақстан»: онлайн-платформаға астаналықтардан 3 600-ден астам өтінім түсті
Елордада абаттандыру, көгалдандыру және жол жөндеу мәселелері бойынша өтінім жолдауына арналған «Таза Қазақстан» онлайн-платформасының жұмысы нәтижелі түрде жалғасып келеді. Қала тұрғындары арасында бұл қызметке сұраныс жоғары, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Өндіріс • 02 Қаңтар, 2026
Қазақстан май экспортынан 532 млн доллар табыс тапты
Еліміздің сыртқы сауда айналымында күнбағыс майының үлесі айтарлықтай артып, негізгі экспорттық тауарлардың қатарына қосылды. Қазіргі таңда сыртқа жөнелтілетін өнім көлемі ішкі нарықтағы сату көрсеткішінен 2,4 есе көп. Экспорт пен ішкі өткізу көлемі арасындағы мұндай алшақтық соңғы жылдары алғаш рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қаңтар, 2026
«Қазақтелеком» интернеттің нашарлау себебін түсіндірді
«Қазақтелеком» абоненттері интернет жылдамдығының төмендеп кеткеніне наразы. Пайдаланушылардың айтуынша, әсіресе YouTube платформасындағы видеолар өте баяу жүктеліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қаңтар, 2026
Қазақстанда балағат сөздер мен қоқыс тастағаны үшін салынатын айыппұл мөлшері өсті
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылатын ақшалай санкциялар көлемі ұлғайды. Бұл айыппұлдар мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуімен байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Қаңтар, 2026
Қазақстанда қар жауып, көктайғақ болады: 16 облыста ескерту жарияланды
Бүгін ел аумағының басым бөлігінде қалың қар жауып, көктайғақ пен тұман күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
Қазақстан 1 қаңтардан бастап шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатты
Бүгіннен бастап Қазақстанның шетелдегі мекемелері шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беруді тоқтатты. ЖСН беру бойынша пилоттық жобаның мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 31 Желтоқсан, 2025
Доллар бағамы 3 теңгеге көтерілді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы бір күнде 3,02 теңгеге өсіп, 505,53 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда жолдардың жабылуына байланысты қосымша пойыздар іске қосылды
Ауа райының қолайсыздығынан бірнеше тасжолда қозғалыс шектелді. Осыған орай «Жолаушылар тасымалы» компаниясы азаматтардың діттеген жеріне аман-есен жетуі үшін 13 қала маңындағы пойызды ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.