Ер
Оқиға • 27 Сәуір, 2026
Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды
Алматы қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде полиция қызметкерлері агрессивті жүргізу және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтап, жолын кесті. Шара барысында қала көшелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету күшейтілген режимде жүргізілді, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 27 Сәуір, 2026
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының жаңа маусымына арналған ресми таныстырылым өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 27 Сәуір, 2026
«Тоттенхэмнің» бұрынғы директоры Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды
2026 жылғы 27 сәуірде Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті Скотт Энтони Муннды Бас хатшы қызметіне бекітті. Ол бұл лауазымды 2030 жылғы 12 шілдеге дейін атқаратын болады. Жаңа бас хатшы өз міндеттерін 2026 жылғы 13 шілдеде бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Сәуір, 2026
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты үкім кесті. Ерлі-зайыптылар онлайн-курстар мен ұтыс ойындары арқылы қатысушыларды алдады деп айыпталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 27 Сәуір, 2026
Шығыс Қазақстан облысында жасырын есірткі зертханасының қызметі тоқтатылып, 70 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 27 Сәуір, 2026
Каспийде бір айда 20 рет жер сілкінді
Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының сейсмологиялық қызметі жанындағы республикалық мониторинг орталығының деректеріне сәйкес, сәуір айының басынан бері бүгінге дейін Каспий теңізі акваториясында 20 жер сілкінісі тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 27 Сәуір, 2026
Серік Сәпиевтің орнына жаңа басшы келді
Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы лауазымына ұсынылған кандидатура қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 27 Сәуір, 2026
Дербес деректер интернетте сатылған: Сатып алушылар арасында микроқаржы ұйымдарының өкілдері бар
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана және Алматы қалаларында Қазақстан азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинауда және таратуда күдікті адамдар тобы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Сәуір, 2026
Сайлау қарсаңындағы теракт: Колумбияда автобус жарылысынан 20 адам ажал құшты
Колумбияның Каука департаментіндегі Панамерикан тас жолында автобустың жарылуы салдарынан кемінде 20 адам қаза тауып, тағы 36 адам жараланды. Зардап шеккендердің арасында бес бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Сәуір, 2026
Жаңбыр жауып, жел күшейеді: 27 сәуірге арналған ауа райы болжамы
27 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктердің мәліметінше, кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Сәуір, 2026
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік желіде Салық кодексіне қатысты жазба жариялады. Жазба астына бизнес иелері мен экономистер ашық наразылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2026
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Алматыда қолына газ кілтін ұстап қан-жоса болып сұлулық салонына кірген ер адам қызметкерлерді шошытты. Ол әкімшілікке сес көрсетіп, жуынып алмақ болған. Бұл туралы заңгер Анна Чернова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2026
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Соғыс басталғалы бері алғаш рет украиналық ұшқышсыз ұшу аппараттары Ресейдің Свердлов және Челябинск облыстарына дейін жетті. Шабуыл кезінде дрондар 1700-1800 шақырымнан астам қашықтықты ұшып өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 25 Сәуір, 2026
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ерекше шара өтті. «Астана Тазалық» ЖШС, қалалық кәсіптік-техникалық колледж және Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының ұжымдары бірлесіп ағаш отырғызды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 25 Сәуір, 2026
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына еліміздегі «Келешек» мектептерінің оқушылары жаппай атсалысып жатыр. Бүгін 185 мектептің шәкірттері қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ауқымды сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2026
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Шымкент қаласында мемлекеттік қызметшіден ірі көлемде ақша бопсалаған блогерге қатысты сот үкімі шықты. Ол әкімдік өкілдерін «жағымсыз ақпарат жариялаймын» деп қорқытып, мемлекеттік тапсырыс алуға тырысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Сәуір, 2026
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
АҚШ- та енді ең ауыр қылмыс жасағандарға қатысты ату, электр орындығы және газбен тұншықтыру әдістері қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2026
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аталған форум – Орал қаласында өтті. Қатысушылардың айтуынша, өңірдегі 151 ауылдық округ, 400-ден аса елдімекеннің тыныс-тіршілігі, болашағы талқыланған жиынның пайдасы мол болды.
Ғылым • 24 Сәуір, 2026
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Алматыда Ұлттық ғылым академиясында «Science & Business» V халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ғылымды дамыту, ғылым мен бизнесті ықпалдастыру, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру тетіктерін жетілдіру мәселелеріне арналған жиын Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен «Жалын» ғылыми-өндірістік-техникалық орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2026
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Алматыда қарт әйелді аяусыз соққыға жыққан ер адамның бұрын да ауыр қылмыстар үшін сотталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2026
Қазақстан квотасымен шетелдіктерді қажылыққа апарғандар жауапқа тартылады
Қазақстан квотасымен өзге ел азаматтарын қажылыққа апарғандарға Қазақстан және Сауд Арабиясы тарапынан заңды шаралар қолданылады. Бұл туралы Астанада өткен 2026 жылғы қажылықты ұйымдастыруға арналған кеңейтілген жиналыста айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 24 Сәуір, 2026
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды. Осылайша бұл көрсеткіш өткен жылдың қазан айынан бері өзгеріссіз қалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 24 Сәуір, 2026
«Тобыл» клубының бас бапкері ауысты
Команданың тізгінін тәжірибелі маман Мирослав Ромащенко ұстады. Ол бұл қызметте Нұрбол Жұмасқалиевты алмастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 24 Сәуір, 2026
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі енгізіледі
Қазақстанда 2026 жылғы 19 шілдеден бастап барлық банктер бірыңғай банкаралық QR-төлемдер жүйесіне қосылуға міндетті болады. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 24 Сәуір, 2026
Енді «Сергек» камералары күмәнді әрекеттерді автоматты түрде тіркейді
«Сергек» камералары енді жол ережесін бұзғандарды ғана емес, қоғамдық орындардағы күдікті жағдайларды да тіркей алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2026
Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды
Алматыда аялдамада қарт әйелге шабуыл жасаған күдікті жедел ұсталды. Оқиға туралы Threads әлеуметтік желісінде жәбірленушінің қызы жазған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2026
Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады
Ақтау қаласында кезекті жаппай төбелес фактісі тіркелді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қаланың 20-шағын ауданында бірнеше адам екі жасөспірімге шабуыл жасап, дене жарақатын салған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 24 Сәуір, 2026
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
24 сәуір күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жекелеген өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс және батыста – жауын-шашын, дауыл, тұман, екпінді жел, батыс және оңтүстікте – шаңды дауыл, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2026
Жамбыл облысында 39 жылқыны ұрлаған екі қылмыстық топ ұсталды
Ішкі істер министрлігінің мал ұрлығына қарсы күресті күшейту бағытында жасаған жұмыстарының нәтижесінде сәуірдің екінші онкүндігінде Жамбыл облысының Сарысу ауданында жылқы ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 23 Сәуір, 2026
RES 2026 халықаралық саммиті: Әуезов университеті ғалымдарының экологиялық жобалары таныстырылды
Астанада бірқатар ел басшыларының қатысуымен өткен Өңірлік экологиялық RES 2026 саммиті аясында жасыл технологиялар көрмесі ұйымдастырылып, онда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары өздерінің бірегей ғылыми жобаларын ұсынды. Ауқымды жиын экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және жасыл энергетиканы дамыту мәселелерін талқылауға арналды, деп жазады Egemen.kz.