Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:29

Дербес деректер интернетте сатылған: Сатып алушылар арасында микроқаржы ұйымдарының өкілдері бар

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана және Алматы қалаларында Қазақстан азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинауда және таратуда күдікті адамдар тобы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дербес деректер интернетте сатылған: Сатып алушылар арасында микроқаржы ұйымдарының өкілдері бар

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Тергеу материалдары бойынша қылмыстық іс фигуранттары заңсыз жолмен алынған ақпаратты интернет желісінде сатып келген.

Шымкентте тәулік бойы жұмыс істеген халықаралық онлайн-казино желісі әшкере болды

Сатып алушылар қатарында микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың кейбір өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған. Тінту барысында компьютерлік техника, электрондық ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемде ақша қаражаты және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Кінәлілерге Қылмыстық кодекстің 147, 208 және 210-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар