із
Коронавирус • 23 Қыркүйек, 2021
Ресейлік вакцинаның өндірісі тоқтады
Ресейде КВИ-ге қарсы «КовиВак» вакцинасын шығару препараттың шикізат өндірісін жаңарту үшін бірнеше айға тоқтатылды. Оның жаппай шығарылуы күздің соңына дейін кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2021
Риддерде жоғалып кеткен 5 жасар бала табылды
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен 5 жасар бала табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Қыркүйек, 2021
Нұр-Сұлтанда жоғалып кеткен 19 жасар қыздың денесі табылды
Нұр-Сұлтанда жоғалып кеткен 19 жасар қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2021
ТЖМ жылыту маусымына байланысты ескерту жариялады
Күздің суық күндерінің басталуына байланысты ТЖМ тұрғындарға пеш жабдықтарын жылыту маусымына дайындауға және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2021
Әскери теңізшілер Каспийде оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындады
Қазақстан армиясында ҚР Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы бойынша жүргізілетін тексеру шеңберінде Каспий теңізі акваториясында Әскери-теңіз күштерінің корабльдік тобы әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2021
Түркістан облысында мас жүргізуші адам қағып кетті
Түркістан облысында мас көлік жүргізушісі рулге ие бола алмай, жолдың оң жақ бетіне шығып кетіп, жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 21 Қыркүйек, 2021
Тау суының тамшысындай сылдырлаған сұлу сазды көкірегіңе қондырған өнерге деген іңкәрлікті тілмен айтып жеткізу қиын-ақ. Ал өнердің өресін кеңіткен бабалар үнін тыңдағанда, сол кеудеңді бірде шаттық кернеп, бірде мұң ториды. Замана зары, өмір шындығы, ел ерлігі деген ізгі қасиеттердің бәрін кеудесі кенді кешегілер әнмен мұра еткен-ау. Сол үшін де Мұқағали ақын айтқандай: «Бабаларым, рахмет сендерге!» деп тебірене түсесің. Бұлай тебіренуге кәсіби жыршы, термеші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Күнсұлу Түрікпен себеп болды. Рухани шөліркеген ұлтты әнмен сусындатқан өнер иесімен сұхбаттасудың сәті түсті. Жүрекжарды лебізі мен ән тағдырына деген алаңдаушылығын тыңдадық. Әншінің орамды ойларын, пайым-парасатынан өрілген өрелі сөздерін осы орайда зерделі оқырман назарына ұсынуды жөн санап отырмыз.
Ел және Елбасы • 21 Қыркүйек, 2021
Алға бастайтын бағыт-бағдар айқын
2021 жыл Қазақстан үшін ерекше мәнге ие. Еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толғалы отыр. Бұл – басты ұлттық мерекеміз. Тәуелсіздік әлемдегі кез келген мемлекет секілді Қазақстанға да егемендіктің сенімді әрі берік негізін қалыптастырып берді.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2021
Серік Егізбаев Апостолдық Нунциймен кездесті
2021 жылғы 21 қыркүйекте Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев Қазақстандағы және Тәжікстандағы Апостолдық Нунций Фрэнсис Ассизи Чулликаттпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 21 Қыркүйек, 2021
Пойыздағы қауіпсіздікке қатысты заңнамаға түзетулер енгізіледі
Жолаушылар пойыздарының жылжымалы құрамының соқтығысуына әкелген оқиғаларды тексеруді уәкілетті органның құзыретіне беру ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2021
Авиакомпаниялар сот шешімінсіз жолаушыларды «қара» тізімге енгізе алмайды
Авиакомпаниялар жолаушыларды әуе тасымалы шектеулі адамдардың тізіміне тек сот шешімі бойынша кіргізе алады. Бұл туралы Мәжілісте көлік мәселелері бойынша түзетулердің таныстырылымында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Берік Камалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021
ШҚО-да кезекті наркокурьер ұсталды
Алтай ауданындағы тас жолда есірткі саудасымен айналысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2021
Халықаралық теңіз ұйымы Қазақстанды «ақ тізімге» енгізді
Халықаралық теңіз ұйымының (ХТҰ) тәуелсіз сарапшылар комиссиясы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қазақстанды «ақ тізімге» енгізуге арналған жаңаша өтінімін қанағаттандырды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 20 Қыркүйек, 2021
Әлемдегі ең қауіпсіз қала анықталды
Саяхатшылардың қауіпсіздігі ұзақ уақыт бойы басты мәселеге айналған. 2021 жылы «қауіпсіздік» термині сәл өзгеше мағынаға ие болды және Economist Intelligence Unit (SCI) қауіпсіз қалалардың Топ-5 рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Қыркүйек, 2021
Алматыда мектеп оқушысы жоғалып кетті
Алматыда 14 жастағы қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 16 Қыркүйек, 2021
Биологиялық қауіпсіздік мамандарын даярлауға 400 грант бөлінеді
Биологиялық қауіпсіздік саласында қатерлі микроорганизмдермен тікелей жұмыс істейтін мамандар дайындау үшін 400 грант бөлінуі мүмкін. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов Мәжіліс депутаттарына осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ел және Елбасы • 16 Қыркүйек, 2021
Ауғанстанда жаңа үкіметтің құрылуы тыныштық орнады дегенді білдірмейді – Қ.Тоқаев
Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Елорда • 15 Қыркүйек, 2021
Түрік телеарнасы Елорда туралы бағдарлама түсіреді
Түркияның мемлекеттік арнасы ТРТ-нің түсірілім тобы «Қалама қош келдіңіз» жобасын түсіру үшін Қазақстанға келді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Қыркүйек, 2021
Атамбаевқа тағы да айып тағылды
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz 24KG сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2021
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына құжат қабылдау жалғасуда
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру жөніндегі конкурсқа құжаттар қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Әлем • 15 Қыркүйек, 2021
Грузияда жоғалып кеткен алматылық іздестіріліп жатыр
Ксения Пилпани 14 жастағы баласын іздеу әлі де жалғасып жатқанын, бірақ әзірге нәтиже жоқ екенін, оның жоғалып кеткені бойынша қылмыстық істің жабылмағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2021
Сегізінші қабаттан екі жасар қыз құлады
Шымкенттегі жазатайым оқиға екі жасар қыздың өмірін қиды. Бала сегізінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 14 Қыркүйек, 2021
Мектептерде санитариялық нормалардың сақталуын бақылауда ұстау қажет - Мамин
Білім беру ұйымдарында санитариялық нормалардың сақталуын ерекше бақылауда ұстау қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қыркүйек, 2021
Нұр-Сұлтанда іздеу топтарының халықаралық конференциясы өтеді
24-25 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда Қазақстанның іздеу топтарының халықаралық конференциясы өтеді. Бұл туралы Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары Райгүл Мушанова хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2021
Мектеп меңгерушісі балаларды қорлады
Шахтинск қаласындағы № 6 жалпы білім беру мектебінің меңгерушісіне балаларға тіл тигізгені үшін қатаң сөгіс жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тәуелсіздік • 08 Қыркүйек, 2021
Тобылда «Тәуелсіздік аллеясы» ашылды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Тобыл қаласының орталығында жаңа аллея ашылды. Қала тұрғындары үшін қолайлы демалыс алаңының құрылысы биыл мамыр айында басталған. Содан бері жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен алаңқай аумағына жарық тартылды.
Сұхбат • 08 Қыркүйек, 2021
Талғат Мұсабаев: Ғарыш саласы – елді дамытатын заманауи сала
Тәуелсіздік жылдарындағы табыстарымызды сөз еткенде Қазақстанның ғарышты игеру бағытындағы ірі қадамдарын айтпай өте алмаймыз. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен, тікелей қолдауымен жүзеге асырылған игі істердің тұтас тарихы қалыптасты деуге болады. Әсіресе Елбасының қазақ ғарышкерлерінің ғарышқа аттануына кеңінен жол ашқан еңбегін ерекше атап өткіміз келеді. Сол азаматтарымыздың бірі – қазақтан шыққан екінші ғарышкер, Парламент Сенатының депутаты Талғат Мұсабаевпен Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында әңгімелескен едік.
Технология • 08 Қыркүйек, 2021
Жеке деректер көрінгеннің қолында кетпесін десек...
Әр онжылдық сайын адамзат түрлі қиындықпен бетпе-бет келеді. Ақпараттық технологияның дамуы тарихта болмаған жаңашылдықты алып келді. Алайда бұл үрдіспен қатар, жаңа мәселелер де туындай бастады: күнделікті қолданып жүрген әлеуметтік желіден бастап, өзге де пайдалы онлайн платформаларда әр қолданушының жеке басына қатысты деректер сақталған.
Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2021
Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі өзгереді
ҚР Ішкі істер министрлігі мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Әр түрлі санаттағы көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алуға теориялық және практикалық емтихандарды қабылдауды оңтайландыру» пилоттық жобасын іске қосу туралы бұйрық шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2021
Павлодарда жаяу жүргіншіні жүк көлігі қағып кетті
Павлодарда жүк тиегіштің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.