Қазақстан • 02 Желтоқсан, 2021

Рақымшылық – заңды бұзғандарға мемлекеттің білдірген сенімі – М.Әшімбаев

420 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты Парламент Рақымшылық туралы заң қабылдағаны белгілі. Аталған заңға қатысты Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рақымшылық – заңды бұзғандарға мемлекеттің білдірген сенімі – М.Әшімбаев

«Бүгін біз Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дайындалған маңызды заңды қабылдадық. Рақымшылық – бұл гуманизм актісі, заңды бұзған адамдарға қатысты мемлекеттің ізгі ниеті мен білдірген сенімі. Ол ардагерлерге, кәмелет жасына толмағандарға, егде жастағы азаматтарға, бірінші әрі екінші топтағы мүгедектерге және азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне аса қатер төндірмейтін адамдарға қатысты қолданылады», деді Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, қабылданған заң неғұрлым қауіпті қылмысқа барған адамдарға рақымшылық жасауға тыйым салады.

«Алдағы уақытта бұл құжат заң бұзған адамдарға бұрын жасаған қателіктерін қайталамай, жаңа өмір бастауына мүмкіндік береді деп сенеміз», деді Сенат төрағасы.

Өз кезегінде сенатор Сәуле Айтпаева заң рақымшылық жасауды қолданудың шарттары мен тәртібін, оны енгізу күнінен бастап 6 ай ішінде оны орындау жөніндегі мерзімдерді көздейтінін, сондай-ақ Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың тиісті шараларды іске асыру, оның ішінде босатылатын адамдарды орналастыру, жұмысқа орналастыру, емдеу, оларға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету жөніндегі құзыретін бекітетінін айтты.

«Қылмыстық кодекстің 78-бабында рақымшылық жасау актісін қабылдаудың және оны тарату шеңберінің жалпы өлшемдері айқындалған. Заң жобасы Қылмыстық кодекстің ережелеріне толық сәйкес келеді. Ол рақымшылық жасау қолданылмайтын адамдар тобын айқындайтын тізбе белгіленеді», деді Сәуле Айтпаева.

Заң жобасын іске асырудан күтілетін нәтижелер:

  • Сотталған адамдарды жазадан босатуға байланысты түрмеде отырғандарды азайту;
  • Пробациялық бақылаудағы сотталғандар санын азайту;
  • Әлеуметтік осал адамдар санатындағы және залалды өтеген сотталғандарға жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімдерін қысқарту;
  • Қылмыстық істерді тоқтату және қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдарды, ауырлығы орташа қылмыстар жасаған әлеуметтік осал адамдарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату.
Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025