Оқиға • 02 Желтоқсан, 2021

Жапон теңізіне 8 тонна көмір төгілді

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Панама туы ілінген Houei Crystal жүк кемесі Жапон теңізіне батып кетті. 17 экипаж мүшесі құтқарылды, біреуін іздеу жалғасуда, деп жазады Egemen.kz.

Жапон теңізіне 8 тонна көмір төгілді

Апат туралы дабыл Жапонияның батысындағы Шимане аймағындағы жағалауынан түскен.

Өңірге жапондық жағалау күзетінің фрегаттары жіберілді.

Мәліметтерге сәйкес, жүк тасымалдаушы Окиносима аралынан солтүстік-шығысықа қарай 380 шақырым жерде суға батып кеткен.

Оңтүстік Кореяның жағалау күзеті кемелері аймаққа келіп, құтқару қайығынан 17 экипаж мүшесін тапты.

Жоғалған экипаж мүшесін іздеумен Жапонияның жағалау күзеті айналысуда.

Бортында 8 тонна көмірі бар кеме Ресейдің Находка портынан Жапонияның орталық бөлігіндегі Кинуура портына бет алған.

Айта кетейік, барлық экипаж мүшелері Вьетнам азаматтары.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50