Қазақстан • 02 Желтоқсан, 2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты 1000 адам бостандыққа шығады

540 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты 1000 адам бостандыққа шығады

«Құжаттың мақсаты – аса ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін жазадан босату және кейбір ауыр, аса ауыр қылмыстар үшін жаза мерзімін қысқарту. Рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, жасы үлкендерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға қолданылады», деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, заң жобасын талқылауға мемлекеттік орган өкілдері, қоғам қайраткерлері және сарапшылар атсалысқан, ғылыми-құқықтық сараптама жасалды.

«Еліміздегі 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мың адам бар. Оның ішінде 30 мың азаматқа сот үкімі шыққан. Қалған 4 мың адам тергеуде қамауда отыр. 93 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда отыр. 45 пайызы оның алдында бірнеше рет сотталған. Сонымен қатар, 32 мың адам пробациялық бақылауда», деді Ерлан Тұрғымбаев.

Министрдің сөзіне қарағанда, жоба бойынша 2292 сотталушыға, 11 753 пробацияда тұрған адамға рақымшылық жасалады. Нәтижесінде, 1000 адам қамаудан бостандыққа шығады. 3881 адам пробациялық бақылаудан босатылады.

«Екіншіден, 1330 сотталушыға, 7492 пробацияда тұрған адамға жаза мерзімі қысқартылады. Үшіншіден, сотқа дейінгі тергеу өндірісіндегі 5 мың қылмыстық іс қысқартылады. Оның ішінде 1674 адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. 1471 адамға сот органдары жаза мерзімін қысқарту немесе босату ережелері қолданылады», деді Е.Тұрғымбаев.

Ведомство басшысы заң бойынша аса ауыр қылмыс жасаған азаматтарға рақымшылық жасауға тыйым салынғанын ескертті.

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025