у
Қазақстан • 13 Наурыз, 2024
Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетеді
Қазақстан елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі директорының орынбасары Сохибджон Зиёдуллоевке салтанатты түрде 15 мың тонна мазутқа сертификат тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2024
«Гонорары 10 млн». Павлодарда Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртас ән айтады
Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртас Павлодардағы Наурыз мерекесінде өнер көрсетеді. Мерекелік концерт 22 наурызда Орталық алаңда өтеді. Әншілердің гонорарына қала бюджетінен барлығы 10 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz golos-naroda.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2024
Нанды ең көп жейтін облыс анықталды
Ұлттық статистика бюросы жан басына шаққандағы азық-түлік тұтыну дерегін жариялады. Есеп 2023 жылдың IV тоқсанындағы көрсеткіштер негізінде дайындалған, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 13 Наурыз, 2024
Ел азаматтары Таиландқа визасыз бара алады
Қазақстан азаматтары Таиландқа 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз бара алады. Тиісті Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Наурыз, 2024
Сенатор: Оқушылардың зиянды тағамдарды қол созым жерден алуы алаңдатады
Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі тақырыбында Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай оқу-ағарту, денсаулық сақтау, сауда және интеграция, қаржы, мәдениет және ақпарат министрліктерінің, сондай-ақ «Қазақстан республикалық тұтынушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Наурыз, 2024
Наурыз мерекесінде қосымша пойыздар қатынайды
Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты қосымша үш пойыз енгізіледі. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2024
Көкшетаудағы облыстық сот ғимаратынан өрт шықты
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сағат 19.55-те тұтанғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Наурыз, 2024
Жауын-шашын, бұрқасын, қар: Алматы тұрғындарына ауа райына байланысты ескерту жасалды
Алматы қаласының әкімдігі 12-14 наурызда жауын-шашын жауып, арты қарлы бұрқасынға ұласатынын ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Наурыз, 2024
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Сағат 21:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Тағайындау • 12 Наурыз, 2024
Лаура Мерсалимова Әділет вице-министрі қызметін уақытша атқарады
Үкімет қаулысымен Алма Қайратқызы Мұқанованың әлеуметтік демалысқа шығуына байланысты Лаура Қанатқызы Мерсалимова уақытша әділет вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Наурыз, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Шуша қаласына барды
Мемлекет басшысының Әзербайжанға сапары Шуша қаласында жалғасты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 12 Наурыз, 2024
Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
Серік Төленбергенов ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 12 Наурыз, 2024
Жаяу жүргіншіні қағып, көзден тасаланған жүргізуші ұсталды
Семей қаласында Қаржаубайұлы көшесіндегі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде 31 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ізін суытқан жүргізуші ұсталды. Оқиға салдарынан түрлі жарақат алған жергілікті тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Фотогалерея • 12 Наурыз, 2024
Физулиде Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығы ашылды
Бүгін Әзербайжанның Физули қаласында қазақтың дәулескер күйшісі Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Наурыз, 2024
Әзербайжан Президенті барша Қазақстан халқына алғыс айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Физулиде Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 12 Наурыз, 2024
Бокстан Олимпиадаға соңғы іріктеу турнирі Тайландта өтеді
Бұл туралы @sportqazaq телеграм парақшасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 12 Наурыз, 2024
Дзюдошылар Австриядағы маңызды гран-при турнирінде жүлдесіз қалды
Австрияның Линц қаласында дзюдодан Гран-при турнирі мәресіне жетті. Ел спортшыларының қоржыны бұл сында бос қалды, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы Физули қаласына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Физули қаласына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 12 Наурыз, 2024
Үкімет басшысы: Қалдықтарды қайта өңдеп, өнім шығаратындар аз
Қалдықтарды қайта өңдеп, түпкілікті өнім шығарып отырғандар аз екенін, қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту мәселесі толық шешімін таппағанын, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою мәселелері уақтылы шешілмейтіндігін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 12 Наурыз, 2024
Олжас Бектенов бағасы шарықтап кеткен өнімдерді атады
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда инфляцияны одан әрі төмендетудің маңызы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Наурыз, 2024
Қазақ боксшылары Париж Олимпиадасына 5 жолдама жеңіп алды
Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан әлемдік іріктеу кезеңі мәресіне жетті. 49 Олимпиада жүлдесі сарапқа салынған турнирде 11 боксшы (6 ер, 5 әйел) ел намысын қорғады. Әйел боксшылардан ширек финалға шыққан Валентина Хальзова және Алуа Балқыбекова қарсыластарына есе жіберді. Яғни, Қазақстанның әйелдер құрамасы олимпиадаға лицензия ала алмады, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 12 Наурыз, 2024
Көктайғақ, тұман, жел: 12 наурызға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 12 наурызда Қазақстанда күтілетін синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Наурыз, 2024
Президент Жұмабай Шаштайұлының жақындарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы жазушы Жұмабай Шаштайұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Наурыз, 2024
Атырау тұрғыны жаңа туған сәбилерін сатумен айналысқан
Жаңа туған нәрестелерді сату ісі бойынша сотталған бес адамға қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 12 Наурыз, 2024
Жазушы Жұмабай Шаштайұлы дүниеден өтті
Белгілі жазушы, бірқатар басылымда бас редактор қызметін атқарған журналист Жұмабай Шаштайұлы 73 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Наурыз, 2024
40-тан астам киіз үй тігіледі: Маңғыстауда биылғы Амал мерекесі қалай өтеді?
Маңғыстауда Амал мерекесіне орай 40-тан астам киіз үй тігіліп, мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 11 Наурыз, 2024
Елдің басым бөлігінде күн суып, екпінді жел соғады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 11 Наурыз, 2024
Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасымен сынға түседі
Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 11 Наурыз, 2024
Ғабит Мүсірепов: Мен қазақтың қазақтығына жетерлік ештеңе бар деп ойламаймын
Афоризм – шағын философиялық ой, тәжірибелік түйін, логикалық қисын. Афоризмнің басты шарттары – өмірлік құбылыстарға және адам мінезіне деген көзқарастағы анықтық, ойды жеткізудегі дәлдік пен қысқалық. Афоризм – ой тамызығы. «Афоризмдер» айдарында Ғабит Мүсірепов, Бауыржан Момышұлы ойларын ұсындық.
Дін • 11 Наурыз, 2024
Мәулен Әшімбаев: Рамазан айы адамзатты ізгілікке үндейді
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Рамазан айының басталуына орай әлеуметтік желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.