Спорт • 17 Сәуір, 2024

Париж-2024: Лицензиялық турнирде 16 балуанымыз белдеседі

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы айдың 19-21 күндері Қырғыз елінің бас шаһары Бішкекте күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі өтіп, Париж Олимпиадасы жолдамаларына талас қызады. Грек-рим күресі және еркін күрестен ер балуандар бес салмақ тұрғысында, ал бұрымдыларымыз алты салмақ бойынша белдесулерге шығады, деп жазады Egemen.kz.

Париж-2024: Лицензиялық турнирде 16 балуанымыз белдеседі

Фото: kazsports.kz

Париж-2024 лицензиясына таласатын балуандар тізімі:

Грек-рим күресі:

60 келі: Айдос Сұлтанғали
67 келі: Мейіржан Шермаханбет
77 келі: Демеу Жадыраев
97 келі: Олжас Сырлыбай
130 келі: Әлімхан Сыздықов.

Еркін күрес: 

57 келі: Ерасыл Мұхтарұлы
65 келі: Майис Әлиев
74 келі: Нұрғожа Қайпанов
97 келі: Әлішер Ерғали
125 келі: Юсуп Батырмұрзаев

Әйелдер күресі: 

50 келі: Лаура Ғаниқызы
53 келі: Жұлдыз Ешімова
57 келі: Эмма Тисина
62 келі: Ирина Кузнецова
68 келі: Елена Шалыгина
76 келі: Жәмила Бақбергенова.