у
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Құлсарыдағы жағдайдың қазіргі ахуалы қандай?
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі су астында қалған Құлсары қаласын дронның көмегімен әуеден көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 12 Сәуір, 2024
Сенат Спикері Грузия Парламентінің Төрағасымен кездесті
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Грузия Парламентінің Төрағасы Шалва Папуашвилимен кездесті. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және тағы басқа өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Тасқынмен күрес: 3 071 тұрғын үй, 1 931 аула аумағынан су бұрылды
Тасқын ахуалы тұрғысындағы соңғы сандық деректер мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 12 Сәуір, 2024
Арқалықта тасқыннан зардап шеккендердің үй алуына 405 млн теңге бөлінді
Үкімет қаулысымен тасқын салдарынан зардап шеккен Қостанай облысына қарасты Арқалық қаласы тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін 2024 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Үкіметтің төтенше резервінен 405 млн теңге бөлінді. Қаржыландыру Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы комиссияның бағалауына сәйкес Арқалық қаласында үйлері қалпына келтіруге келмейтін отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін нысаналы трансферттер түрінде Қостанай облысының әкімдігіне жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2024
Шымкентте оқушылар қоғамдық көлікте тегін қатынайды
Шымкент қаласының оқушылары 1 мамырдан бастап қоғамдық көліктерде тегін жүретін болды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков фейсбуктегі ресми парақшасында осы қуанышты хабарды бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Сенатор Нұртөре Жүсіп қоғам өміріндегі баспасөздің рөлі туралы айтты
ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп өңірдегі мерзімді басылымдар республикалық форумының екінші отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Ұлттық ұланның 2700-ден астам жауынгері су басқан өңірлерде жүр
Ұлттық ұланның 2700-ден астам жауынгері, 120 техникасы және авиа транспорттары су басқан барлық өңірлерде белсенді көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Астанада І халықаралық акушерлер конгресі аяқталып келеді
Елордада кеше, 11 сәуір күні басталған акушер мамандардың «Аялы алақан» атты І халықаралық конгресі бүгін мәреге жақындап келеді. Отандық денсаулық сақтау ісіндегі акушерлердің қызметін жетілдіріп, рөлін арттыруды көздейтін екі күндік конгресті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен AYALA қайырымдылық қоры ұйымдастырып, ДДҰ, Назарбаев Университеті Медицина мектебі, «University Medical Center» корпоративтік қоры қолдау көрсетті. Форумға Қазақстан, Швеция, Австралия, Латвия, Беларусь, Литва, Ресей, Қырғызстан елдерінен 250-ден астам маман қатысып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 12 Сәуір, 2024
Астана су қоймасы 99%-ға толды
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 12 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы жоғары оқу орындарының кемшін тұстарын атады
Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев университет ғылымы мен ғылыми инфрақұрылымды дамытуға назар аудару қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Сенатор: Ауыл шаруашылығын дамытуға қаражат жеткіліксіз жоспарланған
2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Жамбыл облысына қомақты қаржы бөлінген болатын. 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шамамен 30,6 млрд. теңге қаржыға ие болды. Алайда, сенатор Сәкен Арубаев ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін аталған қаражат жеткіліксіз жоспарланғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Алматы әуежайында ұрлыққа түскен жүк тиеуші сотталды
Алматы әуежайындағы уақытша сақтау қоймасының 29 жастағы жүк тиеушісі жалпы сомасы жеті миллион теңгеден астам ұрлық жасап, 3,5 жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Алматы аумағына арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында Алматыда арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2024
Қалғұты өзені арнасынан асып кетті
12 сәуірде қатты жауын-шашынның салдарынан Күршім ауданындағы Қалғұты өзенінің суы арнасынан шығып, жазық аумаққа жайылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 12 Сәуір, 2024
Ғалымдардың жалақысы екі есе көбейген
Мемлекет ғылымға бөлетін қаражаттың көлемін алдағы уақытта да арттыра түседі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Сәуір, 2024
Еліміздегі ахуал өте күрделі - Президент
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Грузия Парламентінің төрағасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилиге ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Оңтүстік Кавказ өңіріндегі негізгі серіктестерінің бірі – Грузиямен жан-жақты қарым-қатынасты нығайтуға айрықша мән беретінін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Грузия арасындағы достық пен өзара түсіністік екіжақты байланыстарды тереңдету ісінде елеулі табысқа қол жеткізу үшін берік негіз болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2024
Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 166 млн теңге төленді
Зардап шеккен халықты әлеуметтік қолдау жұмыстары су тасқынының алғашқы күндерінен бастап жүргізілді. Бүгінгі күні бір реттік төлемге 1345 өтініш түсіп, оның 715 өтініш бойынша 166 млн теңге төленді. Өтініштер мен төлемдерді қабылдау жұмыстары жалғасады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Сенатор отандық ұн тартушылардың банкроттан құтқарылуын талап етті
Еліміздің ұн экспорты төмендеп кетті, ал шетелге астық сату – өсіп барады. Ұнның орнына астық сатып алу және өз диірменін жұмысқа пайдалану шетелдіктерге тиімді екені даусыз. Ал бұдан отандық ұн тарту кәсіпорындары зардап шегіп отыр. Сенатор Сұлтан Дүйсембинов өзінің депутаттық сауалында отандық ұн тартушылардың проблемаларын көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 12 Сәуір, 2024
Қазақстанда мектеп оқулықтары цифрлық форматқа көшірілді
Қазақстанда барлық мектеп оқулықтары цифрлық форматқа көшірілді. Бұл туралы Білім және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Еліміздің сегіз облысында төтенше жағдай режимі сақталып тұр
Өңірлерге қолдау көрсету және су тасқыны салдарын барынша азайту жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. 3,5 мыңға жуық жекеменшік үй су астында қалды. 67 елдімекен көлік қатынасынсыз қалып отыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 12 Сәуір, 2024
ҚазҰУ-да «Фараби» заманауи обсерваториясы ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым қызметкерлері күні мен Халықаралық ғарышкерлер күні қарсаңында «Фараби» заманауи обсерваториясы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 12 Сәуір, 2024
Бүгін академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл
Қаныш Имантайұлы 1899 жылы 12 сәуірде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің (руы Қаржас) отбасында дүниеге келді. Шын есімі – Ғабдул-Ғани.
Ауа райы • 12 Сәуір, 2024
Көктайғақ, шаңды дауыл: Бүгінгі ауа райы
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша 12 сәуір, жұма күні атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Қазақстан • 12 Сәуір, 2024
1961 жылдың 12 сәуірінде Қазақстанның «Байқоңыр» айлағынан алғашқы ғарыш кемесі аспанға ұшты. Бұл – барша адамзат тарихындағы маңызды әрі айтулы оқиға. Осылайша Юрий Гагарин әлемнің тұңғыш ғарышкері атанса, Байқоңыр – ғарыш айлағына айналды.
Төтенше жағдай • 12 Сәуір, 2024
Су тасқыны: Қазақстанда 100 мыңға тарта адам қауіпсіз аймаққа көшірілді
ҚР ТЖМ су тасқыны жағдайы бойынша сағат 00.00-дегі ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 11 Сәуір, 2024
Бекболат Орынбеков республикалық жолдарды салу және жөндеу мерзімдерінің ұдайы кешігуіне наразы
Қыруар қаржы бөлінеді, ал жолдарды жөндеу жұмысының аяғы көрінбейді. Бұл сала тек ақша құюды талап етеді. Сенатор Бекболат Орынбеков өзінің депутаттық сауалында жолдарды жөндеу мәселесі ұзақ жылдар бойы шешілмейтіні туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 11 Сәуір, 2024
Сұлтанбек Мәкежанов Салық кодексі нормаларының тиімділігін жақсарту тетіктерін ұсынды
Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов еліміздің Премьер-министрінің атына депутаттық сауал жолдап, жаңа Салық кодексіне қатысты ұсынысын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Сәуір, 2024
Су тасқыны: Депутаттар жағдай толық тұрақталғанша тұрғындар арасында болады
Елдің солтүстік және батыс өңірлеріндегі елді мекендерге тасқын судың келуі толастамай тұр. Сондықтан Мәжiлiс депутаттары жағдайды бақылау үшiн аймақтарда жүр. Олар апатқа қарсы жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесіп, зардап шеккен тұрғындарға мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіріп жатыр. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 11 Сәуір, 2024
Ғарыш саласын қаржыландырудың әдіс-тәсілдерін қайта қарау қажет – депутат
Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев өзінің депутаттық сауалында Қазақстанның қолда бар ғарыштық әлеуетін сақтау және зымыран ғылымын дамыту жөнінде пәрменді шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.