у
Аймақтар • 23 Мамыр, 2024
Асхат Хасенов «Ембімұнайгаз» жұмысымен танысты
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асхат Хасенов Атыраудағы еншілес кәсіпорындарында болды.
Президент • 23 Мамыр, 2024
Президент Сингапур Премьер-министрінің орынбасарын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Премьер-министрінің орынбасары – Экономикалық саясат жөніндегі үйлестіруші министр Хенг Суи Кеатты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Мамыр, 2024
Иран басшысының қазасына орай көңіл айтты
«Қазақ газеттері» серіктестігінің басшылығы Иран Президенті Ибрахим Раисидің қаза табуына байланысты аталған елдің Қазақстандағы елшілігі мәдени өкілдігіне барып, иран халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2024
Талғар өзенінде су деңгейі көтеріліп, жолды шайып кетті
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылдық округі аумағында Талғар өзенінде су деңгейі күрт көтеріліп, салдарынан балама жол шайылып кетті, деп жазады Egemen.kz Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Сингапур Премьер-министрі Лоуренс Вонгпен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Сингапурдың Премьер-министрі лауазымына тағайындалған Лоуренс Вонгты құттықтап, оның жаңа мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс • 23 Мамыр, 2024
Қостанайда таксистің тамағына пышақ тақаған сотталушының үкімі өзгертілді
Таксистке қастандық жасау туралы іс сотта қайта қаралды. Бұған дейін жас жүргізушінің тамағына пышақ қойған адам шартты жазаға кесілген болатын. Алайда мемлекеттік айыптау өкілдері мұндай шешіммен келіспеді. Нәтижесінде облыстық соттың апелляциялық комиссиясы олардың талаптарын қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Мамыр, 2024
Қазақстанда 57 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, биылғы сәуір метеорологиялық бақылаулар тарихында Солтүстік жарты шардың көптеген елдеріндегі ең жылы айлардың бірі ретінде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 23 Мамыр, 2024
Сингапур Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынасты жоғары бағалады
Сингапур Президенті Тарман Шанмугаратнам екі ел арасындағы қарым-қатынастың даму динамикасына жоғары баға берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 23 Мамыр, 2024
23 мамырға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктердің болжамы бойынша, 23 мамырда атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Сингапур Президентінің Istana сарайына барды
Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент Тарман Шанмугаратнам қарсы алды. Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2024
Ақтауға қона алмаған FlyArystan ұшағы Атырауға қонды
FlyArystan компаниясының 7606 Кутаисиден Ақтауға ұшқан әуерейсі Қазақстан әуежайына қону кезінде қиындыққа тап болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 22 Мамыр, 2024
Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мәжіліс төрағасы Иран Президентімен қоштасу рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Иран Ислам Республикасына жұмыс сапарымен барды. Тегеранда Ерлан Қошанов Президент Ибрахим Раисидың қайтыс болуына байланысты көңіл айту және құрмет көрсетуге арналған іс-шараға қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2024
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қызмет алушылардың құқықтарын қорғау мақсатында белсенді шараларды қабылдайды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2024
Атырау - Индер трассасы жабылады
Қарқын алған өр суына байланысты бүгін, 22 мамыр сағат 21:00-ден бастап, «Атырау - Индер» трассасы уақытша жабылады. Бұл туралы облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2024
ШҚО-да заңсыз балық аулағандар анықталды
Шығыс Қазақстан облысы полицейлері «Нерест» жедел профилактикалық іс-шара барысында Ұлан ауданы тұрғындарын анықтады. Заңсыз балық аулағандары үшін жауапкершілікке тартылған құқық бұзушылар 10 және 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 22 Мамыр, 2024
Қазақстан туризм бойынша әлемдік рейтингте нешінші орында?
Қазақстан жаһандық туризм рейтингінде 14 сатыға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2024
Алаяқтық жасаған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды
Халықаралық іздеуде жүрген алаяқ Әзербайжанда анықталып, Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 22 Мамыр, 2024
Halyk Bank және «Халық» қоры Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлей бастады
«Халық» қайырымдылық қоры Halyk Bank-пен біріге отырып, Атырау облысы Құлсары қаласындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға атаулы қаржылай көмек көрсете бастады. Қордың негізін қалаушы, белгілі меценат Тимур Құлыбаев 31,4 млрд теңге аударды, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 22 Мамыр, 2024
Сенаторларға «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң таныстырылды
ҚР Парламенті Сенатында сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңайлату және бюрократиядан арылту, рәсімдерді одан әрі автоматтандыру, құрылыс нарығын монополиясыздандыру, сондай-ақ сатып алудың бірыңғай тұғырнамасын жасау мақсатында әзірленген «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң депутаттарға таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2024
Асқар Забикулин атындағы кадет сыныбы ашылды
Қызылорда облысы білім басқармасының келісімі бойынша Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері білім бөліміне қарасты №101 мектептің оқу ғимаратында Асқар Забикулин атындағы кадет сыныбын ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2024
Қытайдағы су бөгетінің бұзылуы Қазақстанға қалай әсер етеді?
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытайдағы бөгеттің бұзылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2024
Алматыда Қазақстан мен Үндістан Жоғарғы сотының төрағалары кездесті
Қазақстан мен Үндістан Жоғарғы Соттарының төрағалары Асламбек Мерғалиев пен Дхананджайя Чандрачуд Алматыда өткен кездесу барысында өзара іс-қимылдың алдағы уақыттағы аспектілерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 22 Мамыр, 2024
Азия чемпионаты: Ұлытаулық құтқарушы қола жүлде иеленді
Осы айдың 17-19 күндері Өзбекстанның Нүкіс қаласында таяқ тарту (масрестлинг) спортынан өткен Азия чемпионатында отандасымыз жүлделі үшінші орын тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 22 Мамыр, 2024
Сенаторлар елордадағы кітапханалардың қызметімен танысты
Сенат Төрағасы бастаған Палатаның бір топ депутаты Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметімен танысты. Қазіргі таңда аталған жүйе 22 кітапхананы біріктіреді. Сенаторлар оқу залдарына арнайы барып, кітап қорына назар аударды. Сондай-ақ олар кітапхана қызметкерлерімен бірге елімізде бұл саланы дамыту және халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Мамыр, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Сингапурге барады
Мемлекет басшысы 23-24 мамыр күндері Президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2024
Солтүстік Қазақстанда су басқан үйлерді техникалық тексеру жұмыстары аяқталды
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқынынан зардап шеккен Бескөл ауылының тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі парақшасында аймақ басшысы сауалдарға жауап беріп, біржолғы көмекті төлеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жөндеу жұмыстары бойынша түсініктеме бергенін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Вьетнамның жаңадан сайланған Президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламға Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 22 Мамыр, 2024
Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр
Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Орталық спорт клубы базасында Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық қаһарманы Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған бокстан халықаралық турнирдің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара басталмас бұрын ұйымдастырушылар, спортшылар, курсанттар Құрлық әскерлері әскери институтындағы даңқты батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің мәліметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 22 Мамыр, 2024
Найзағай ойнап, бұршақ жауады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы үш күнге, дәлірек айтқанда 23, 24 және 25 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.