Қоғам • 09 Шілде, 2024

Жеке бастың тыныштығын бұзғандарға қанша теңге айыппұл салынады?

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция қызметкерлері басқа адамның тыныштығын бұзғаны үшін айыппұл 18 460 теңгені құрайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Жеке бастың тыныштығын бұзғандарға қанша теңге айыппұл салынады?

Фото: gov.kz

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, түнде тыныштықты бұзған адамдарға 2024 жылы 18 460 теңге - 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Заңбұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл сомасы екі еселенеді.

«Әкімшілік заңнамаға сәйкес, жұмыс күндері сағат 22:00-ден 9:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден 10:00-ге дейін азаматтардың тыныштығын бұзуға болмайды, яғни адамдардың, оның ішінде көршілердің қалыпты демалуына кедергі келтірмеу қажет. Сондай-ақ тұрғын үйлерде және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық мекемелерінің тыныштықты бұзуы 20 АЕК айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға әкеп соғады. Осыған байланысты одан кейінгі моральдық және материалдық шығындардың алдын алу үшін тұрғындарды өзара түсіністікке, басқалардың, оның ішінде көршілердің тыныштығын құрметтеуге шақырамыз», деді Ақтөбе облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Жандарбек Әлібаев.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 2800-ден астам адам полицияға жүгінген. Мұндай заңбұзушылықтар әсіресе жаз айында болады.