Пікір • 10 Шілде, 2024

Қоғам үшін лудоманиямен күресетін негіз қаланды - Дәурен Сейітжанұлы

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ойын бизнесі, лотерея қызметі және лудоманияға қатысты заңға қол қойды деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам үшін лудоманиямен күресетін негіз қаланды - Дәурен Сейітжанұлы

Фото:https://www.facebook.com/dauren.seitzhanuly

Бүгінде елімізде 400 мыңнан астам лудоман бар. Бұл 400 мыңнан астам отбасының ғана емес, мемлекеттің басты әлеуметтік дертіне айналды. Осы орайда журналист Дәурен Сейітжанұлы желіде пікір білдірді.

«Енді жаңа заңнан кейін бәс тігетіндердің қатары азаяды. Себебі, Борышкерлердің біріңғай тізіліміне енген адамдар құмар ойын ойнай алмайды. Мемлекеттік қызметте, құқық қорғау органдарында істейтіндердің де бәс тігуіне тыйым салынды. Сонымен қатар букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамаларына шектеу қойылды. Тек спортқа байланысты іс-шаралар мен медиада ғана жарнамалауға рұқсат берілді», деп жазды журналист Дәурен Сейітжанұлы Facebook парақшасында.

Оның пікірінше, жаңа заңның қабылдануы лудоманияға қарсы жүйелі әрі тиімді күрес жүргізуге негіз болады.