Оқушы
Ғылым • 17 Қыркүйек, 2025
Мектеп оқушылары адамға даусын қайтаратын құрылғы ойлап тапты
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектепінің оқушылары дауысынан айырылған адамдарға сөйлеу мүмкіндігін қайтаратын VoiceX атты құрылғының прототипін әзірледі. Құрылғы мойындағы өте әлсіз вибрацияларды анықтап, оларды адамның өз дауысына мейлінше ұқсас сөйлеуге айналдырады. Жоба қазір патенттеу кезеңінде тұр, сондай-ақ Samsung Solve for Tomorrow байқауының жартылай финалына өткен, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 16 Қыркүйек, 2025
Оқушылар сарайы жаңа оқу жылын Отбасы күнімен ашты
Қыркүйектің екінші жексенбісі елімізде ерекше мәнге ие. Бұл күні Отбасы күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы жаңа оқу жылының ашылуын қала тұрғындарына арнап үлкен сахнада ұйымдастырды. «Ертіс Променад» сахнасында өткен мерекелік кеш көрермендерге қуаныш пен шаттық сыйлады, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 14 Қыркүйек, 2025
Жамбыл облысында төбелес кезінде 10-сынып оқушысы қаза тапты
Жамбыл облысында футбол матчынан кейін жоғарғы сынып оқушылары бір баланы соққыға жыққан. Ол алған жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады
Алматы облысында оқушылар мінген автобус жолаушылар көлігімен соқтығысқан. Салдарынан екі адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 08 Қыркүйек, 2025
Абай облысында «Мектепке жол» акциясы жалғасуда
Абай облысында тамыз айынан басталған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы және жағдайы төмен отбасындағы балаларды мектепке дайындау әлі де жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Суицид • 06 Қыркүйек, 2025
Шымкентте оқушы көз жұмар алдында төрт сыныптасына хат қалдырған
Шымкентте 9-сынып оқушысы өз үйінің сарайында асылып қалды. Жақындарының айтуынша, қайғылы жағдайдың себебі — буллинг, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 06 Қыркүйек, 2025
Батыс Қазақстан облысында 15 оқушы оқитын мектеп бар
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Жетібай ауылындағы Жамбыл бастауыш мектебі туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 03 Қыркүйек, 2025
4-сынып оқушылары енді француз, неміс, ағылшын тілдерін оқиды
Қазақстанда 4-сыныптан бастап оқушыларға бірнеше шет тілін меңгеру мүмкіндігі беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Тараздағы жасөспірімнің өліміне қатысты жаңа деректер жарияланды
Тараз қаласында жасөспірімдер арасында 1 қыркүйек күні жанжал болып, салдарынан 14 жастағы оқушы пышақ жарақатынан көз жұмды. Күдікті ретінде тау-кен технологиялық колледжінің студенті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2025
Таразда мектеп оқушысы пышақ жарақатынан қаза тапты
Таразда мектеп оқушысы пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қыркүйек, 2025
Таразда 1 қыркүйекте болған төбелестен мектеп оқушысы қаза тапты
Әлеуметтік желіде 1 қыркүйекте Таразда кәмелетке толмағандар арасында жанжал болып, нәтижесінде олардың бірі пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат тарады. Ақпаратты Жамбыл облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 01 Қыркүйек, 2025
Бүгін — Білім күні. Бүгін 360 мың бала мектеп табалдырығынан алғаш рет аттайды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 6 тамызда өткен үкімет отырысында осындай мәлімет келтірді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 31 Тамыз, 2025
20 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды
Жамбыл облысында жаңа оқу жылында 20 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Тамыз, 2025
«Алтыналмас» компаниясы аймақ оқушыларын қолдау дәстүрін жалғастыруда
«Алтыналмас АК» АҚ жыл сайын «Мектепке жол» республикалық науқанына қосылып, өзінің қызмет ететін өңірлеріндегі отбасыларға балаларды оқу жылына дайындауға көмектесіп келеді. Білім күні қарсаңында алтын өндіруші кенттердің балдырғандарына оқу-құралдары салынған жиынтық сыйға тартып келеді.
Білім • 29 Тамыз, 2025
Астанада бірінші сыныпқа 31 мыңға жуық бала барады
Астана қаласында 2025-2026 оқу жылында бірінші сыныпқа шамамен 31 мың оқушы қабылданады. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметіндегі брифингте қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Қайырбаева мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Тамыз, 2025
Ата-аналардың есепшотына 25,3 млрд теңге аударылды
Жаңа оқу жылының қарсаңында әлеуметтік осал санаттағы оқушылардың барлығы «Жалпыға бірдей білім беру қоры» аясында толық қамтылып отыр. Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алуға 25,3 млрд теңге аударылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Тамыз, 2025
Бір баланы мектепке дайындау үшін қанша қаражат керек
Қыркүйек жақындаған сайын ата-аналар баласын жаңа оқу жылына дайындауға кіріседі. Дәптер, қалам, сөмке мен мектеп формасын түгендеудің құны бүгінде әр отбасының қалтасына айтарлықтай салмақ түсіретіні анық. Осыған байланысты Egemen.kz тілшісі бір баланы мектепке дайындауға кететін орташа шығынды зерттеп көрді.
Қоғам • 25 Тамыз, 2025
Оқушыларға арналған көлік картасын қалай рәсімдеуге болады
Жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп формасы мен құрал-жабдықтары секілді көлік картасын да алдын ала әзірлеу маңызды. Осы орайда Астаналық оқушылар үшін қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік беретін картаны рәсімдеу жолдарын бөлісеміз, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 25 Тамыз, 2025
Шымкенттегі үш ауысымды оқыту мәселесі шешімін тапты
Жаңа оқу жылы қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Шымкент қаласындағы бірнеше білім беру мекемелерінде болып, олардың жұмысымен танысты. Сапар барысында министр мектептердің қауіпсіздігі, педагогтермен қамтылуы, оқушыларды тамақтандыру жүйесі және заманауи инфрақұрылымның дамуы сияқты негізгі мәселелерге ерекше көңіл бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Тамыз, 2025
Түркияда оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады
Оқиға Эрдемли ауданына қарасты Аяш ауылындағы Йемишкуму жағалауы маңында, D400 Мерсин – Анталья тасжолында болған, деп хабарлайды Egemen.kz Haberglobal басылымына сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2025
«Мектепке жол» акциясы аясында 4000-нан астам оқушыға көмек көрсетілді
Түркістан облысы Ордабасы ауданының орталығы Темірлан елді мекенінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында мектеп жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Тамыз, 2025
Оқушыларды мектепке дайындау үшін ата-аналарға 20 миллиард теңге аударылған
«Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында ата-аналардың және заңды өкілдердің есепшоттарына мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алу үшін шамамен 20 млрд теңге аударылған. Қолдау 430 мыңнан астам баланы қамтыған. Бұл Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 18 Тамыз, 2025
Оқушыларды мектептен мектепке онлайн ауыстыруға болады
Оқу-ағарту министрлігі бұл қызмет EGov порталында қолжетімді екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 08 Тамыз, 2025
Жасанды интеллект олимпиадасында Қазақстан оқушылары рекордтық жетістікке жетті
Қазақстан құрамасы мектеп оқушыларына арналған Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында (IOAI 2025) үздік нәтиже көрсетіп, 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Алтын медаль иегерлері – Қасымқан Жәнібек, Әбу Қанабек және Сұлтанби Исатай атанса, күміс медальді Аушахман Тәлім жеңіп алды, ал қола медаль Тимур Шакуов, Дәужан Бекетов пен Сұлтанбек Сарыға бұйырды. Сондай-ақ, IOAI ұйымдастыру комитетінің мақтау қағазымен Батыр Ерденов марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Тамыз, 2025
Алматы облысында 60 мыңнан астам балаға көмек көрсетіледі
Алматы облысында 2025–2026 жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Шілде, 2025
Жарты миллион оқушыға көмек көрсетіледі
2025–2026 оқу жылы қарсаңында елімізде «Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында оқушыларды мектепке дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл 500 мыңнан астам балаға материалдық қолдау көрсетіледі, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 27 Шілде, 2025
Қазақстан оқушылары әлемдегі ең беделді олимпиададан төрт қола медаль жеңіп алды
Филиппинде мектеп оқушыларына арналған әлемдегі басты зияткерлік сайыстардың бірі – Халықаралық биология олимпиадасы (International Biology Olympiad, IBO-2025) өз мәресіне жетті. Биыл бұл додаға 80 елден 320-дан астам дарынды жас қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 25 Шілде, 2025
Жас физиктер Францияда 5 жүлде жеңіп алды
Францияның Палезо қаласында 90 елден 400-ден астам дарынды оқушы қатысқан халықаралық физика олимпиадасында (International Physics Olympiad, IPhO-2025) ұлттық құрама екі күміс және үш қола, барлығы бес медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Шілде, 2025
Жаңа оқу жылына дайындық басталды
Ұлытау облысында әлеуметтік осал топтағы 3000-нан астам оқушыға қаржылай көмек беріледі. Бір реттік қаражат балаларды мектепке дайындау мақсатында халықтың әлеуметтік осал топ санатындағы оқушыларға киім-кешек, кеңсе тауарларын сатып алу үшін тамыз айынан бастап төлене бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Шілде, 2025
Қазақстан оқушылары әлемдегі ең беделді олимпиадада алты медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы әлемдік деңгейдегі зияткерлік сайыстарда жоғары нәтижелер көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.