Қоғам • 30 Қыркүйек, 2025

Алматыдағы мамандандырылған музыка мектеп-интернаттарына жаңа автобустар берілді

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қолдауымен және демеушілік қаражат есебінен Алматыдағы екі мамандандырылған музыка мектеп-интернатына жаңа мектеп автобустары сатып алынды, деп жазады Egemen.kz.

Алматыдағы мамандандырылған музыка мектеп-интернаттарына жаңа автобустар берілді

Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының оқушылары жаңа оқу жылынан бастап «Integra Construction KZ» ЖШС берген 37 орындық автобуспен мектепке қатынап жүр.

Ал 26 қыркүйекте «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры Ахмет Жұбанов атындағы республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатына 27 орындық автобус табыстады. Жаңа көлік қала ішінде оқушыларды тасымалдау үшін пайдаланылады.

Бұған дейін балалар үлкен, ауыр музыкалық аспаптарын арқалап, бірнеше рет автобус ауыстырып мектепке жететін болса, енді олар сабаққа қауіпсіз әрі жайлы жағдайда бара алады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет пен өнер саласындағы білім беру ұйымдарының оқу жағдайын жақсарту және материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінде мектептерге жаңа музыкалық аспаптар сатып алынды. 1–4 сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылған. Сондай-ақ инвесторлар есебінен заманауи мектеп-интернаттар салу мәселесі қарастырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32