іс
Спорт • 06 Сәуір, 2026
I тоқсан қорытындысы: Спортшылар ел қоржынына 200 медаль салды
2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылары халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Жалпы 200 медаль (79 алтын, 57 күміс және 64 қола) олжалаған ұлттық құрама ел абыройын асқақтатты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2026
Ақтауда жер сілкінуі мүмкін бе? ТЖД желіде тараған хабарламаға қатысты жауап берді
Әлеуметтік желілерде Ақтау қаласында алдағы уақытта жер сілкінісі болады деген бейнежазба тарады. Алайда бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2026
Түркістан облысында Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталды
Түркістан облысында Сарыағаш айналма жолының құрылысы қолға алынды. Жаңа автожол қала ішіндегі көлік жүктемесін азайтып, Өзбекстан бағытына өтетін транзиттік қозғалысты айтарлықтай жеделдетпек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 03 Сәуір, 2026
Әділет департаментінің түсіндірмесі: Сот актілерін қайта қарау туралы азаматтар нені білуі керек?
Астана қаласының Әділет департаменті азаматтардың өтініштері, жеке қабылдаулар негізінде қоғамда сот билігінің рөлі, оның тәуелсіздік принциптері және сот актілерін қайта қараудың заңда белгіленген тәртібі туралы түсінік толық қалыптаспағанына назар аударды, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 03 Сәуір, 2026
Жетісу облысында есірткі дайындаумен айналысқан 2 шетелдік азамат ұсталды
Жетісу облыстық полиция департаментінің қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, Талдықорған қаласында жасырын жұмыс істеген екі есірткі зертханасын анықтап, олардың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Сәуір, 2026
Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты
ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын арттыру туралы келісімге келуі мүмкін, алайда бұл шешімнің бастапқы кезеңде нарықтағы ұсынысқа айтарлықтай ықпалы болмауы керек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Сәуір, 2026
Қытайдың Шыңжаң өңірінде 5,1 балдық жер сілкінісі болды
2 сәуір күні Астана уақытымен сағат 12:39-да Қытайдың Шыңжаң өңірінде жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2026
Түркістан облысында жоғалған жасөспірім Шымкенттен табылды
Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірім жедел іздестіру шараларының нәтижесінде аман-есен табылды. Полиция қызметкерлері жүргізген ауқымды іздеу жұмыстарының арқасында бала Шымкент қаласынан анықталып, ата-анасына қайтарылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2026
Нұрай Серікбайдың ісі бойынша жаңа мәліметтер жарияланды
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты күдіктіге сот-психиатриялық тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Сараптама қорытындысы шыққан соң іс сотқа жолданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2026
Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
Қазақстан сейсмологтары көршілес Қырғызстан аумағында жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулері елорда уақытымен 2 сәуір күні таңғы 04:28-де болған. Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,9 балды құрады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Сәуір, 2026
Алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
2-4 сәуір аралығында Қазақстан аумағында ауа райы айтарлықтай құбылмалы болады. Елдің бірқатар өңірінде көктемнің жылы әрі құрғақ ауа райы сақталғанымен, батыста және кейіннен басқа аймақтарда жауын-шашын, найзағай және екпінді жел күтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 02 Сәуір, 2026
Индонезияда магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісі болды
2 сәуір күні таңертең Индонезия аумағында қуатты жер сілкінісі болды. Қытайдың сейсмологиялық желілер орталығының (CENC) мәліметінше, жерасты дүмпуі Бейжің уақытымен сағат 06:48-де Молукк бұғазы маңында тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
Қазақстанда 1 сәуірден бастап не өзгереді?
Сәуір айының 1-інен бастап елімізде заңнамалық, экономикалық және әлеуметтік салаларда бірқатар маңызды өзгеріс күшіне енеді. Бұл жаңашылдықтар коммуналдық тарифтерден бастап мемлекеттік қызметке қабылдау, қаржы нарығы, салық жүйесі және балалар қауіпсіздігіне дейінгі кең ауқымды қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 01 Сәуір, 2026
Түркістандағы кісі өлімі: Сот айыпталушыларға 20 жылға дейін жаза тағайындады
Түркістан облысында көлік жуатын орында болған жанжал қайғылы оқиғаға ұласып, адам өлімімен аяқталды. Сот екі айыпталушыны да кінәлі деп танып, оларға ұзақ мерзімді жаза кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Наурыз, 2026
Жетісу облысында тағы да жер сілкінді
Жер сілкінісі 31 наурыз күні сағат 13:23-те тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Наурыз, 2026
Бір тәулікте екінші рет: Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді
ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығы» сейсмикалық станциялар желісі бүгін сағат 11:11-де Жетісу облысында екінші рет жер сілкінгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Наурыз, 2026
Қазақстан жолдарында жүргізушісіз көліктер пайда болады
Бүгін Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пилотсыз технологияларды дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 31 Наурыз, 2026
Бизнестегі бюрократия азайды ма? Қаржы вице-министрі жауап берді
Қазір Қаржы министрлігінің жекелеген цифрлы сервистері біртұтас экожүйеге шоғырландырылып жатыр. Осыған сәйкес кез келген кәсіпкер салық пен кеденнен бастап сатып алулар мен мемлекеттік қолдау шараларына дейінгі барлық негізгі процеске бір терезе арқылы қол жеткізеді. Мемлекет пен бизнестің арасындағы өзара байланыстың жаңа тәсілдері мен саладағы өзге де жаңашылдықтары жөнінде Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтан сұрап білген едік.
Оқиға • 31 Наурыз, 2026
Қазақстанның Деректер орталығының жедел мәліметтеріне сүйенсек, 2026 жылғы 31 наурызда Астана уақытымен сағат 00:42-де жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 31 Наурыз, 2026
Пәкістандағы су тасқынынан 17 адам қаза тапты
Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында болған су тасқыны салдарынан 17 адам қаза тапты. Олардың басым бөлігі – балалар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Наурыз, 2026
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 3 есеге төмендеді
Биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 3 есеге төмендеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кеңесте мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 30 Наурыз, 2026
Алматы мен Түркістанда жаңа әскери нысандар салынып жатыр
Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына жұмыс сапарымен барып, Алматы мен Түркістандағы әскери нысандардың құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 28 Наурыз, 2026
Біздің кейіпкеріміз – Камал Әлпейісова. Жан-жақты талант иесі. Ілеспе аудармашы, жазушы, публицист, ғалым. Камал апайдың жүзі сондай жылы. Мейірімі төгіліп тұрады. Ол кісімен кездескенде бір жақыныңды көргендей боласың. Көңілі таза, жаны ізгі адам. Қаламгердің осы қасиетін оны танитындар айрықша бағалайды.
Оқиға • 27 Наурыз, 2026
Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетпек болған қаруланған топ ұсталды
Ішкі істер министрлігі қылмыстық топтардың жолын кесу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. 27 наурыз күні Алматы қаласында жедел әзірлеме аясында адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері бойынша кешенді жедел-тергеу іс-шаралары өтті. Нәтижесінде барлық күдіктілер анықталып, ұсталды. Сонымен қатар 17 санкцияланған тінту жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 27 Наурыз, 2026
Олжас Бектенов ЕАЭО аумағында жүк тасымалын реттейтін ЖИ платформасын құруды ұсынды
Премьер-министр Олжас Бектенов ЖИ базасында ЕАЭО-дағы жүк ағындарын үйлестірудің интеграцияланған платформасын құруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 26 Наурыз, 2026
Мораторий аяқталды: Енді – нақты тариф саясаты
2026 жылғы 26 наурызда Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті мораторий аяқталғаннан кейінгі тарифтік саясат мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдар, сарапшылар және қоғам өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2026
Олжас Бектенов Түркістанда салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жоба Ұлттық электр желісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 26 Наурыз, 2026
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA Series турнирінің алғашқы кездесуінде Намибияны жеңді. «Астана Арена» стадионында өткен ойын 2:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2026
Енді шетелдегі отандастар төлқұжатты 40 күнде ала алады
Қазір құжаттарды ресімдеу 90 күнге дейін созылса, жаңа ереже қабылданса, бұл мерзім 40 жұмыс күніне дейін қысқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.