Әлем • Бүгін, 14:17

Қытайдың Шыңжаң өңірінде 5,1 балдық жер сілкінісі болды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2 сәуір күні Астана уақытымен сағат 12:39-да Қытайдың Шыңжаң өңірінде жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қытайдың Шыңжаң өңірінде 5,1 балдық жер сілкінісі болды

Фото: Ашық дереккөз

Сейсмологтардың мәліметінше, жерасты дүмпуінің қуаты 5,1 балды құраған. Зілзала ошағы Үрімші қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан.

Айта кетейік, бұл аймақта соңғы уақытта сейсмикалық белсенділік жиілеген. Мәселен, дәл осы күні таңғы сағат 04:28-де Қырғызстан аумағында да магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі болған еді. Сонымен қатар 31 наурызда Қазақстанның Жетісу облысында қуаты 5,4 балдық жерасты дүмпуі тіркелген болатын.

Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді

Қазіргі уақытта Шыңжаңдағы зілзаладан зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар