Оқиға • Бүгін, 11:52

Бір тәулікте екінші рет: Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығы» сейсмикалық станциялар желісі бүгін сағат 11:11-де Жетісу облысында екінші рет жер сілкінгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бір тәулікте екінші рет: Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді

Фото: istockphoto.com

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 км қашықтықта орналасқан. 

Алматы облысында жер сілкінісі сезілді

Жер сілкінісі Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында – 2 балдық көрсеткішпен тіркелген.
Текелі қаласында – 2 балл;
Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында – 2 балл.

ТЖМ зардап шеккендер мен қираулар туралы мәліметтер мен тұрғындар тарапынан 112 нөміріне қоңырау тіркелмегенін атап өтті.

Бұған дейін жер сілкінісінің қуаты – 4,4 балл болған еді. 

 

Соңғы жаңалықтар