бОКС
Бокс • 23 Ақпан, 2024
Белградтағы турнирге баратын боксшылар белгілі болды
Бокс федерациясы 12-18 наурыз аралығында Сербияның Белград қаласында өтетін халықаралық турнирге баратын қазақ боксшыларының есімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 22 Ақпан, 2024
Жәнібек Әлімханұлының міндетті қарсыласы анықталды
Дүниежүзілік бокс ұйымы орта салмақтағы боксшылар рейтингін жаңартты, деп жазады Egemen.kz Sport.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 22 Ақпан, 2024
Олимпиада жолдамасы үшін. Боксшы қыздар Италияға аттанды
29 ақпан мен 12 наурыз аралығында Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж олимпиадасының лицензиялық турнирі өтеді. Алғашқы әлемдік іріктеу додасына еліміздің қыздар құрамасы аттанды, деп жазады Egemen.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
Бокс • 20 Ақпан, 2024
Өзбекстан чемпионатында өнер көрсеткен боксшы Қазақстанға қоныс аударды
2023 жылғы Өзбекстан чемпионатында қола жүлде еншілеген қандасымыз Аман Қонысбеков Қазақстанға көшіп келді, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 16 Ақпан, 2024
Ресейдің әйгілі боксшысы өмірін күрт өзгерткен қазақтың есімін атады
Ресей боксшысы Костя Цзю Қазақстанның атақты боксшысы оның өмірін күрт өзгерткенін мойындады, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 15 Ақпан, 2024
Белгілі боксшы Мұхтархан Ділдәбеков жаңа қызметке тағайындалды
Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясында бапкерлер штабымен жұмыс жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 14 Ақпан, 2024
Қамшыбек Қоңқабаев Париж Олимпиадасына қалай дайындалып жатқанын айтты
Төрт жылдықтың басты бәсекесі Париж Олимпиадасына 5 айдан аса уақыт қалды. Бұған дейін дүбірлі додаға жолдама жеңіп алған спортшылар дайындығын пысықтап, қызу жаттығу жасап жатыр. Әзірге, бокстан Парижге жолдама ерлер арасында +92 кг салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаевтың қолында ғана бар. Ол Олимпиада жолдамасын былтыр Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында жеңіп алған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 12 Ақпан, 2024
Өзбекстан озып кетті. Бокстан Странджа кубогінде Қазақстан қай орынға тұрақтады?
Болгария астанасы Софияда бокстан кіші әлем чемпионатына баланған Странджа кубогі мәресіне жетті. Ел құрамасы бұл бәсекеде 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен 5 орынға табан тіреді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 11 Ақпан, 2024
Болгарияның София қаласында бокстан өтіп жатқан Странджа кубогының финалына екі боксшымыз жетті, деп жазады Egemen.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 10 Ақпан, 2024
Еліміздің бұрымды боксшылары қатысатын «Париж-2024 лицензиялық турнирі» өтеді
Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында наурыз айының 4-12 күндері аралығында өтетін Париж-2024 лицензиясы сарапқа салынатын әлемдік турнирде Қазақстан қыздар құрамасы бес салмақ бойынша Олимпиада жолдамасына таласады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Ақпан, 2024
Странджа кубогі-2024: Қазақтың үш боксшысы жартылай финалға шықты
Болгарияның бас шаһары Софияда өтіп жатқан кіші әлем чемпионаты – Странджа кубогында шаршы алаңға шыққан Қазақстанның 8 боксшысының үшеуі жеңіске жетті, ал бесеуі қарсыластарына есе жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz Бокс федерациясына сілтеме жасап.
Спорт • 09 Ақпан, 2024
Париж-2024 жолдамасына таласатын Қазақстан боксшылары белгілі болды
Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Италияда өтетін әлемдік лицензиялық турнирге қатысатын боксшылар тізімін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 05 Ақпан, 2024
Қазақстан бокс федерациясынының жаңа басшысы сайланды
Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтті. Жиын барысында Федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды, деп жазады Egemen.kz Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 03 Ақпан, 2024
9 боксшымыз Испаниядағы турнирдің финалына шықты
Испанияның Ла Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2024 турнирінде еліміздің әйелдер құрамасынан 9 боксшы финалға жолдама алды, деп жазады Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 01 Ақпан, 2024
Бокс: Қазақстанда өтетін беделді турнирлердің тізімі
Азия бокс конфедерациясының (ASBC) баспасөз қызметі 2024 жылы Қазақстанда өтетін турнирлер тізімін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпқой бокс • 01 Ақпан, 2024
Бірінші раундта нокаут. Ел спортшысы бокс кешінде белбеу иеленді
Жеңіл салмақта әлем чемпионы, спорт шебері Ангелина Лукас (5-1, 2 КО) Бакуде өткен бокс кешінде қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберіп, WIBA белбеуін жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Қаңтар, 2024
Әлем чемпионатына пара-пар. Халықаралық турнирге қатысатын боксшылар белгілі болды
Ақпанның 2-12 аралығында Болгарияның София қаласында халықаралық Странджа турнирі өтеді. Әлем чемпионатына пара-пар додаға кімдердің қатысатыны нақтыланды, деп жазады Egemen.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қыметіне сілтеме жасап.
Спорт • 21 Қаңтар, 2024
Венгрияның Дебрецен қаласында өткен дәстүрлі турнирден боксшыларымыз олжалы оралды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 18 Қаңтар, 2024
«Жәнібек екеуміз жекпе-жек өткізсек». Танымал боксшы ұсыныс айтты
Кәсіпқой бокста 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен, бірінші жартылай орта салмақта IBO чемпионы Жанқош Тұраров орта дивизионда IBF және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеудің иегері Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) бірге жекпе-жек өткізу туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Қаңтар, 2024
«Олимпиада чемпионының інісі еді». Боксшының қалай жеңіске жеткені белгілі болды
Былтыр бокстан Өзбекстан чемпионаты өтті. Жас дарындар жарқырап көрініп, сыралғы боксшылардың өзін ығыстырған ішкі біріншілік туралы Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері сұхбат берді, деп мәлімдейді Egemen.kz.
Бокс • 18 Қаңтар, 2024
«Чемпиондар түні» нокаутпен құлаған Асланбектің ахуалы қалай? Мырзағали Айтжанов айтып берді
2023 жылдың 15 желтоқсанында Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Астанада «Чемпиондар түнін» өткізді. Осы бәсекеде бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов нокаутқа түсіп қалып, мексикалық қарсыласына есе жіберген еді. 71 келіде ел намысын қорғап жүрген боксшының сол жеңілістен кейінгі жағдайын бас бапкер Мырзағали Айтжанов Egemen.kz тілшісі Қуаныш Нұрданбекұлына берген сұхбатында баяндап берді.
Бокс • 18 Қаңтар, 2024
Толқын Қылышев Өзбекстанға Олимпиада жүлдесін сыйлайтын боксшыларды атады
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Алмас Манап өткен жылдың соңында бокстан Өзбекстан чемпионатын тамашалап қайтты. Сол сапарда тілшіміз бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышевпен тілдесті. Ол «Толқын Қылышев: Бізге қазақ боксының мықты болғаны керек» мақаласында көрші ел Париж Олимпиадасында қай боксшыларына үміт артатынын сұрап, білді, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 18 Қаңтар, 2024
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Алмас Манап өткен жылдың соңында Өзбекстан еліне іссапармен барып, көрші халықтың бокс бойынша ішкі чемпионатын тамашалап қайтты. Төрткүл дүниеде бұл спорт түрінен үзеңгілес қазақ-өзбек боксын әлем мойындап отыр. Мықтылар көшінде қатар тұрған қос ел боксшыларының айқасы тартысқа толы болып жүргені белгілі. Осы орайда Өзбекстан құрамасының бокстан бас бапкері Толқын Қылышев газетіміздің тілшісіне сұхбат беріп, спортшыларының бет алысын, екі ел боксының бүгінгі бағдарын талқы таразысына салды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Қаңтар, 2024
Бокстан ұлттық құрама мүшелері оқу-жаттығу жиынын жүргізіп жатыр. Жүктелген міндет орасан. Париж жазғы Олимпиадасының алты жолдамасын еншілеу басты мұрат. Одан кейінгі аманат та зілмауыр. Төрт жылда айналып соғатын дүние додасынан алтын медальсіз қайтпау. Мұндай жүктің артылуы да бекер емес. 1996 жылдан бері жазғы Олимпиада ойындарында алтынсыз қайтпаған осы боксшыларымыз еді. Тек 2021 жылы Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында тоқырауға ұрынып, қола жүлденің өзін толайым табысқа теңедік.
Спорт • 12 Қаңтар, 2024
«Алты жолдама алғымыз келеді». Бас бапкер лицензиялық турнирге кімдердің баратынын айтты
29 ақпан мен 12 наурыз аралығында Италияның Бусто-Арсицио аймағында бокстан Париж жазғы Олимпиадасына лицензия үлестіретін турнир өтеді. Әлемдік іріктеу додасында жартылай финалға шыққан боксшыларға жолдама беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Спорт • 10 Қаңтар, 2024
Ауылда оқитын әлем чемпионы арманын айтты
Толғанай Қасымхан – бокстан әлем чемпионы. Ол өткен жылдың желтоқсан айында Арменияның Ереван қаласында жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында алтын медаль олжалады. 26 салмақ дәрежесінде (13 салмақ ерлер, 13 салмақта қыздар) ұйымдастырылған әлем чемпионатынан боксшыларымыз 4 алтын, 6 қола медаль иеленді. Міне, осы айтулы додаға 60 кг салмақ дәрежесінде қатысып, әлемнің тегеурінді боксшыларын айқын ұтқан шынашақтай қыз ауылда оқиды. Ауылда тұратын әлем чемпионымен телефон арқылы тілдестік.
Спорт • 08 Қаңтар, 2024
«Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанбауы мүмкін еді». Атқарушы директор себебін түсіндірді
2022 жылы бокстан Сербияның Белград қаласында өткен әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов 51 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Әзиз Қожамбетов даңқты боксшыға алтын медаль үшін финалдық жекпе-жекке қатыспау қаупі туғанын айтты.
Спорт • 08 Қаңтар, 2024
Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановты бірнеше ел қызметке шақырған. Бұл жайында Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Әзиз Қожамбетов «Бірінші бол» ютуб арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Қаңтар, 2024
Зейнуллинов, Жакпеков және басқа қазақ боксшылары Венгрияда жұдырықтасады
Бокстан Иштван Бочкай мемориалына қатысатын Қазақстан құрамы @sportqazaq телеграм парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Қаңтар, 2024
Биыл ел спортшылары қандай ірі жарыстарда бақ сынайды?
Осы жылғы ірі спорттық жарыстар шымылдығын IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы түреді. Сайыс 2024 жылғы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтеді. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында 5 спорт түрі (10 дисциплина) бойынша 30 лицензия бар. Жасөспірімдер Олимпиадасында ел намысын 42 спортшы қорғайды, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.