
Күндізгі бағдарлама, 15:00 (Астана уақыты)
70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан ересектер арасында алғаш рет әлем чемпионатында өнер көрсетеді. Оның бірінші қарсыласы Ислам Ячи (Алжир) болмақ.
Кешкі бағдарлама, 22:00 (Астана уақыты)
Виктория Графеева (60 келіге дейін) косоволық Донета Садикумен өзара мықтыны анықтайды.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Надежда Рябец Қытай өкілі Лина Уангпен қолғап түйістіреді.
Ал 60 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Жексеннің алғашқы қарсыласы Джунмилардо Огаири (Филиппин).