Бокс • Бүгін, 10:10

Жүлделі орындар үшін таласатын боксшылар анықталады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Таиландта бокстан жастар арасындағы (U-19) Азия біріншілігінің ширек финалдық сайыстары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүлделі орындар үшін таласатын боксшылар анықталады

Таңғы сессияда екі жерлесіміз шаршы алаңға шығады. Атап айтсақ, 60 кг салмақтағы Әділет Төртубек тайпейлік Шен Чик Куомен күш сынасады. 70 кг салмақ дәрежесіндегі Бейбарыс Әшірбай моңғолиялық Баттумур Ньям-Очирмен айқасады.

Кешкі сессияда төрт боксшымыздың өнерін тамашалаймыз. 75 кг салмақтағы Нұрсұлтан Шілдебай таиландтық Такла Сангпакпен, 80 кг салмақтағы Тимур Тайбеков түрікменстандық Сапаргелді Нұрягдыевпен, 85 кг салмақтағы Нұрсұлтан Қыстаубай қырығзстандық  Аврил Автандиловпен және 90 кг салмақтағы Расул Асанханов ирандық Арвин Шахбаикутенаимен шеберлік байқасады.