Спорт • Бүгін, 10:22

Бүгін Азия чемпионатының финалында 9 боксшымыз бақ сынайды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиланд астанасы Бангкокта 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионатының финалдық бәсекелері басталды, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін Азия чемпионатының финалында 9 боксшымыз бақ сынайды

Фото: ҚБФ

World Boxing ұйымы ұйытқы болған сайысқа 25 елден 396 боксшы қатысқан.

Бүгін шаршы алаңға алғаш болып көтерілген ең жеңіл салмақ 48 келіде Гүлназ Бөрібаева өзбекстандық Робияхон Бахтиеровадан 4: 1 есебімен басым түсті. 

вв

70 келіде өнер көрсеткен Бақыт Сейдіш те  Өзбекстан өкілі Ойша Тоированы 5: 0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды. 

вв

Әйелдер сапынан Шұғыла Нәлібай қытайлық Зии Баоға есе жіберді. Бәсекені қарқынды бастаған Қытай қызы жекпе-жек тағдырын екінші раундта-ақ шешіп тастады. 80 келіден жоғары салмақта Әсел Тоқтасын - Ритикаға (Үндістан) қарсы жұдырықтасады.

Ал Азия чемпионатының финалына шыққан 5 ер боксшының да қарсыласы Өзбекстан боксшылары. 


Ерлер. 60 келі. Нұрислам Қалдыбаев - Шохрух Абдумаликов (Өзбекстан)
Ерлер. 65 келі. Илья Калинин - Саят Ильясов (Өзбекстан)
Ерлер. 70 келі. Нұрбек Мұрсал - Мухаммад Азизбек Исмоилов (Өзбекстан)
Ерлер. 80 келі. Санжарәли Бегалиев - Рахматулло Бойматов (Өзбекстан)
Ерлер. 90 келі. Темірлан Мұкатаев - Шахзод Полвонов (Өзбекстан).