Пол
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2025
Ұлытау облысында өрт кезінде балаларды құтқарған полиция қызметкерлері марапатталды
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен Ұлытау облысында өрт кезінде үш баланы құтқарған патрульдік қызмет взводының инспекторы Әсет Әбдуақитов және Ұлытау облысы ПД-ның Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің патрульдік қызмет взводының инспекторы Нұрболат Нұрғабыл «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 10 Желтоқсан, 2025
Елорда полициясы күшейтілген қызмет режиміне көшті
Астанада қолайсыз ауа райына байланысты полиция департаменті қызметін күшейтті. Тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтарға жедел көмек көрсету жұмыстарын тоқтатпай жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Астанада таңертеңнен бері 100-ге жуық жол апаты тіркелді
Бүгін елордада қалың қар жауып, жолдардың тайғақ болуы салдарынан 93 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Ақтөбе облысында автобус апатынан бес шетелдік қаза тапты
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 7 желтоқсанда шамамен таңғы сағат 8:40-та Самара – Шымкент тас жолында болған. 49 жолаушысы бар автобус жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылған. Салдарынан бес жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Алматыда жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол апаты болды
7 желтоқсан күні шамамен түнгі 23:10-да Алматы қаласының Әуезов ауданында Škoda көлігі Chevrolet көлігімен соқтығысқан. Салдарынан көлік тоқтап тұрған жолаушылар автобусына, содан кейін инерция салдарынан Volvo көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Шығыс Қазақстан облысындағы жол апатынан 3 адам қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы 7 желтоқсанда Шемонаиха-Усть-Таловка тасжолында болған. Салдарынан бір жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 08 Желтоқсан, 2025
Ақтөбеде нашақорлар жиналатын бірнеше притон әшкереленді
Ақтөбе қаласында өтіп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көпқабатты үйлердің қабырғаларына жазылған 44 есірткі жарнамасы анықталып, осы іс бойынша 27 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ маскүнемдер мен нашақорлардың бірігіп, есірткі қабылдап, ішімдік ішуіне үй-жайларын берген екі пәтер иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2025
Ақмола облысында қызметтік міндетін атқару кезінде полицей қаза тапты
Ақмола облысында патрульдік полиция инспекторы Асанәлі Әскербековтің қызмет бабында қаза болуына байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Енді патрулдік полиция жүргізушінің жеке деректерін тексере алмайды
Елімізде енді полиция қызметкерлері планшет арқылы жүргізушілердің жеке деректерін көре алмайды. Сақшылар үшін сенсорлық құрылғы тек хаттама толтыруға жарайды, деп хабарлайды Egemen.kz Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Қазақстан полицейі әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Жаһандық жарыс Ресейдің Саратов қаласында әмбебап жекпе-жектен өтті. Қарашаның 25-30 күндері өткен додаға 32 елдің спортшысы қатысты. Олар кедергілер жолағынан өту, пышақ лақтыру, пневматикалық қарудан ату, қоян-қолтық ұрыс бойынша сайысты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Желтоқсан, 2025
Алматыда суицид жасамақ болған ер адамды полицейлер құтқарып қалды
Алматы қаласы Полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағы «Алматы-1» теміржол станциясы аумағында өзін-өзі пышақтамақ болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 03 Желтоқсан, 2025
Ірі қалалардың әкімдіктеріне жаңа құзырет беріледі
Астана мен Алматы және басқа да қалалардың әкімдіктеріне полицейлерге тән өкілеттік беріледі. Бұл нормалар бүгін Мәжілісте қабылданған «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заң мен ілеспе құжаттарда қамтылған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2025
Әуежайда өз-өзін өртеген адамға қатысты іс тоқтатылды
Алматы әуежайында өз-өзін өртеген ер азаматқа қатысты қозғалған іс тоқтатылды. Полицияның мәліметінше, тергеу Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу немесе соған итермелеу» бойынша жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 02 Желтоқсан, 2025
Алматыда бір түнде 6 мас жүргізуші ұсталды
Алматыда жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған республикалық «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 02 Желтоқсан, 2025
Алматыда алаяқтықтың 30 дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды
Алматының Алмалы аудандық полиция қызметкерлері интернет-платформаларда жалған хабарландырулар орналастырып, тұрғындарды алдап келген 18 жастағы күдіктіні ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Желтоқсан, 2025
Алматы-Бішкек тас жолында ірі апат болып, жеті адам қаза тапты
Алматы-Бішкек тас жолының 129-шақырымында жеңіл көлік жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысып, салдарынан жеті адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
Жетісу облысында патрульдік полиция шетелдік азаматтарға көмек көрсетті
Үшарал ауылы маңында патрульдік полиция экипажы көлігінің дөңгелегі жарамсыз болып, жолда қалған Қытай азаматтарына қол ұшын созды. Полицейлер Алматы–Өскемен трассасында тоқтап тұрған көлікті байқап, көмекке ұмтылған, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 01 Желтоқсан, 2025
«421 мың тонна прекурсор анықталды»: Қазақстанда 1000-ға жуық ұйым тексерілді
Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы прекурсорлардың заңды айналымын бақылау мақсатында 981 ұйымға тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қараша, 2025
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Астана ЭКСПО-2017»-ге қатысы бар шендіні қамауға алды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Астана ЭКСПО-2017» төрағасының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Киберқылмыстың алдын алу мақсатында семинарлар өткізілді
Полицейлермен қатар оқыту курстарына прокуратура, сот, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы өкілдері және халықаралық деңгейдегі IT-мамандары қатысқан, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қараша, 2025
Алматыда көлік өртеніп, ұзын-сонар кептеліс пайда болды
Алматыда сағат 07:00 шамасында әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің маңында үш көлік қатысқан ірі жол апаты болды. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар жарияланып, жүргізушілер қозғалыстың толық тоқтап қалғанын айтып шағымданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қараша, 2025
Алматы облысында болған жол апатынан алты адам қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы Алматы–Бішкек тас жолының 65-шақырымында болған. Салдарынан бес адам жарақат алып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 23 Қараша, 2025
Астанада жоғалып кеткен 10 жастағы қызды мыңнан астам адам іздеді
Астанада туған күннен кейін топтан бөлініп, белгісіз бағытқа кетіп қалған 10 жастағы қызды іздеуге мыңнан астам қала тұрғыны қатысты. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Қараша, 2025
БҚО-да екі көлік соқтығысып, 8 адам көз жұмды
17 қараша күні Чапай – Жаңақала – Сайқын облыстық маңызы бар автожолдың 50-шақырымында Toyota Camry мен Volkswagen Sharan автокөліктері соқтығысып, бір көлік өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 17 Қараша, 2025
Польша Қазақстанмен агроөнім саудасын арттыруға қызығушылық танытты
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Польша Республикасының Ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Яцек Чернякпен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Digital • 17 Қараша, 2025
Ішкі істер министрлігінде полиция жұмысының тиімділігін арттыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін цифрлық технологияларды жүйелі түрде енгізіліп жатыр. Солардың бірі – бүгінде еліміздің барлық өңірінде кеңінен қолданылып жатқан дрондар, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2025
Астанада болған жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты
Астанада болған ауыр жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісі көз жұмды. Ақпаратты Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 12 Қараша, 2025
Астанада бейбіт уақытта ерлік пен жанқиярлық танытқан полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін ұлықтауға арналған «Қазіргі заман қаһарманы» республикалық акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қараша, 2025
Түркістан облысында полицей пара алған сәтте ұсталды
Созақ ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі 200 мың теңге көлемінде пара алғаннан кейін ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан Кароль Навроцкийді Польша Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.