Оқиға • 26 Қаңтар, 2026

Семейде ер адам полицияның қызметтік көліктерін өртеп жіберді

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылғы 25 қаңтарда кешкі сағат 18:10 шамасында учаскелік полиция пунктінің алдында құқық қорғау органдарына тиесілі екі қызметтік көлік лаулап өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде ер адам полицияның қызметтік көліктерін өртеп жіберді

видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде тараған видеодан Chevrolet Cobalt және Changan маркалы автокөліктерді жалын толық шарпығанын көруге болады.

Өрт кезінде қаза тапқан бес жасар қыздың анасы қамауға алынды

Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті – 66 жастағы жергілікті тұрғын, бұрын сотталған. Өрт қою сәтінде ол алкогольдік мас күйде болған.

«Бұрын сотталған жергілікті тұрғын мас күйінде учаскелік пункт маңында полиция қызметкерлеріне тиесілі Chevrolet Cobalt және Changan автокөліктерін өртеп жіберген», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел түрде жетіп, күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Құқық қорғау органдары күдіктінің әрекеті мемлекеттік органға тиесілі мүлікті қасақана жою ретінде сараланатынын, бұл ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өтті.

Аталған жағдай қоғамда кеңінен талқыланып жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылары полиция көліктерін өрттеу – аса өрескел әрі қауіпті қылмыс екенін айтып, наразылық білдірген. Сарапшылар мұндай оқиғалар мас күйінде жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу және бұрын сотталған азаматтармен профилактикалық жұмысты күшейту қажеттігін көрсететінін айтады.

Қарасу ауданындағы өртенген үйді қалпына келтіру жұмысы қалай жүріп жатыр?

Соңғы жаңалықтар