Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 26 Сәуір, 2026
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Өскемен қаласында Целинная көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының аумағында ыдыстағы дизель отыны мен пайдаланылған май жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2026
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
«Қазселденқорғау» қызметкерлері Алматы облысының тауларында құлаған микроавтобусты жедел түрде шығарып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Сәуір, 2026
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан Әлем кубогінің кезеңінде жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Сәуір, 2026
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік желіде Салық кодексіне қатысты жазба жариялады. Жазба астына бизнес иелері мен экономистер ашық наразылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2026
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Макинск қаласының 18 жастағы тұрғынына бұрынғы сыныптасы пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2026
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Ақтаудағы Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының екі қызметкері жұмыс барысында тұз қышқылына күйіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2026
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Бүгін Түркістан қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында орналасқан дүкенде өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2026
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Кешенді мониторинг нәтижелері бойынша «Дина» көтерме базарында жеке кәсіпкерлердің бірі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қымбатқа сатқаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 26 Сәуір, 2026
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Алматыда қытайлық Junxin Environmental Protection компаниясы қалдық өңдеп, электр қуатын өндіретін зауыт салады. Инвестиция көлемі 280 млн АҚШ долларынан асады. Кәсіпорынның қуаты тәулігіне 2 мың тоннаға дейін қалдық өңдеуге жетеді, қаланың энергетикалық жүйесіне 60 МВт-қа дейін электр қуатын өндіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Сәуір, 2026
Алматыда мектеп оқушылары танымал әншімен бірге ән айтты
Алматы қаласындағы № 141 орта мектепте «Жұлдызбен кездесу» атты кеш өтті. Танымал әнші Өмірқұл Айниязов арнайы қонақ ретінде шақырылып, оқушылар мен ұстаздар қауымына ұмытылмас қуаныш сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2026
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Бағалы сыйлықты Holland Bulb Market компаниясының менеджері Марсели Пьехна өңірде екінші жыл қатарынан өтіп жатқан «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалінде салтанатты түрде табыс етті. Биыл ауқымды шара Талас ауданына қарасты Есейхан ауылында өтіп, шамамен 6 мыңға жуық адам жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Сәуір, 2026
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Кеше Вашингтонда тілшілерге арналған кеште атыс болып, АҚШ президенті Дональд Трамп жедел түрде қауіпсіз жерге жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 26 Сәуір, 2026
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Косе Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев пен Алматы әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаевқа әуежайды ауқымды жаңғырту жобасының жүзеге асу барысын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 26 Сәуір, 2026
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
26 сәуірде еліміздің ірі қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Сәуір, 2026
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
«Қазгидромет» 26 сәуірге арналған ел аумағы бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Сәуір, 2026
Аида Балаева: Креативті экономика тек шабыт пен идеяға ғана сүйеніп дами алмайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Креативті индустрияларды дамыту қорының кеңсесіне баруы отандық креативті сектордың институционалдық тұрғыдан қалыптасуындағы маңызды кезең болды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Қор салаға жүйелі қолдау көрсететін негізгі орталыққа айналуға тиіс. Мұнда таланттарды қолдау, инфрақұрылым қалыптастыру, инвестиция тарту, креативті өнімді ілгерілету және экспортқа шығару бағыттары біртұтас жүйеге біріктіріледі. Қордың жаңа кеңістігі идеядан бастап өндіріс пен өнімді нарықта ілгерілетуге дейінгі толық циклді қамтитын шоурум форматында таныстырылды. Президентке зергерлік және ағаш өңдеу шеберханалары, музыкалық кеңістіктер, кілем өнері залы, суретшілер залы және fashion-аймақ сынды тақырыптық алаңдар көрсетілді.
Оқиға • 25 Сәуір, 2026
Елордада веломаусым ашылды: 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты
Астана іргесінде дәстүрлі жаппай велошеру өтіп, жазғы веломаусым ресми түрде ашылды. Биылғы шара тек спорттық жарыс қана емес, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен «Заң мен тәртіп» қағидатын дәріптейтін маңызды бастамаға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2026
Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Алматы облысындағы Көлсай көлдерінің маңында туристерді тасымалдайтын микроавтобус тау беткейінен төмен қарай құлап, аударылып қалған. Әлеуметтік желіде тараған видеода көліктің таудың тік беткейімен екпіндей құлдилап бара жатқаны анық көрінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2026
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Алматыда қолына газ кілтін ұстап қан-жоса болып сұлулық салонына кірген ер адам қызметкерлерді шошытты. Ол әкімшілікке сес көрсетіп, жуынып алмақ болған. Бұл туралы заңгер Анна Чернова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2026
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Соғыс басталғалы бері алғаш рет украиналық ұшқышсыз ұшу аппараттары Ресейдің Свердлов және Челябинск облыстарына дейін жетті. Шабуыл кезінде дрондар 1700-1800 шақырымнан астам қашықтықты ұшып өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 25 Сәуір, 2026
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Баотоу қаласында өткен ITF W50 сериясындағы халықаралық турнирде жұптық сында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 25 Сәуір, 2026
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ерекше шара өтті. «Астана Тазалық» ЖШС, қалалық кәсіптік-техникалық колледж және Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының ұжымдары бірлесіп ағаш отырғызды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 25 Сәуір, 2026
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына еліміздегі «Келешек» мектептерінің оқушылары жаппай атсалысып жатыр. Бүгін 185 мектептің шәкірттері қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ауқымды сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Сәуір, 2026
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев қор жұмысымен танысты. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сай отандық креативті секторды қолдаудың негізгі институты ретінде құрылған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 25 Сәуір, 2026
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында жаңа инфекциялық аурухананың құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды. Бұл жағдай жергілікті тұрғындар арасында үлкен үрей туғызып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Сәуір, 2026
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысып, Отан алдындағы адалдығын нақты ісімен көрсеткен бір топ азаматты марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Сәуір, 2026
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәдениетті қалыптастыру ісінде білім жүйесіне баса мән беруді маңызды мәселе ретінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Сәуір, 2026
Балалар мен ересектер жиі зардап шегуде: Президент қаңғыбас иттер мәселесіне қатысты пікір білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясы аясында жануарларға қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыру мәселесіне арнайы тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 25 Сәуір, 2026
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының елдің ой-санасын өзгертуге септігін тигізіп жатқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл бастама екі жыл ішінде жай ғана экологиялық шара емес, мемлекеттік басқару мен қоғамның ажырамас бөлшегіне айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы өтті. Президент екі жыл бұрын басталған бұл игі бастаманың ел болашағы үшін мән-мазмұны айрықша екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.