корея
Әлем • 10 Қыркүйек, 2025
Оңтүстік Кореяда әуежай қызметкерлері ұлттық ереуілге шығуы мүмкін
19 қыркүйектен бастап Оңтүстік Кореяның әуежайларында жалпыұлттық ереуіл басталуы мүмкін. Бұл акция 26-28 қыркүйек аралығанда өтетін Чхусок мерекесіне дейін жалғасуы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Спорт • 09 Қыркүйек, 2025
Қазақстандық садақшылар әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді
Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 05 Қыркүйек, 2025
Қазақ киносы халықаралық кинофестивальде екі жүлде жеңіп алды
Қазақстандық «Қажымұқан» тарихи кинотуындысы Сеулде өткен халықаралық кинофестивальде қос жүлдені жеңіп алды. Фильм «Ең үздік фильм» номинациясы бойынша Гран-при, туындыда ойнаған актер Ербол Төлепберген «Үздік басты рөл» жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет министрлігіне сілтеме жасап.
Саясат • 28 Тамыз, 2025
Солтүстік Корея ядролық қарудан неге бас тартпай отыр
2018 жылы Сингапурда өткен Дональд Трамп пен Ким Чен Ын арасындағы тарихи саммит сол кезеңде бүкіл әлемге үміт сыйлаған болатын. Кездесуден кейін тараптар Корея түбегін ядролық қарусыздандыруға бағытталған бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Әлемдік ақпарат құралдары бұл сәтті «дүрдараздықтан диалогқа бетбұрыс» деп бағалады. Алайда араға жеті жыл салып, бұл құжаттың тек қағаз жүзінде қалғаны айқындалды. Солтүстік Корея ядролық арсеналдан бас тартуға дайын еместігін ғана емес, оны барынша нығайтуға талпынып отырғанын бүгінгі ахуал көрсетіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Тамыз, 2025
Оңтүстік Корея мектептерінде смартфон қолдануға тыйым салынады
Ұлттық жиналыс келесі оқу жылынан бастап оқушылардың сынып ішінде смартфондар мен өзге де цифрлық құрылғыларды пайдалануына шектеу қоятын қайта қаралған заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap агенттігене сілтеме жасап.
Әлем • 11 Тамыз, 2025
Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің есебіне сәйкес, елдің қарулы күштерінде бүгінде шамамен 450 мың әскери қызметші бар. Бұл – алты жыл бұрынғы көрсеткіштен 20%-ға аз. Құжатты жексенбі күні билеуші партия депутаты жариялаған. Билік өкілдері мұндай құлдыраудың басты себебін елдегі туу деңгейінің күрт төмендеуімен байланыстырады. Қазір Оңтүстік Кореяда бала туу көрсеткіші – бір әйелге 0,75 сәби. Бұл – әлемдегі ең төмен деңгей, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы Корея Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында президенттер сан қырлы қазақ-корей ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 10 Шілде, 2025
Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды
Сот Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльді өткен жылдың желтоқсан айында әскери жағдай енгізу әрекеті үшін қамауға алу туралы ордер берді, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Әлем • 04 Шілде, 2025
Оңтүстік Кореяда аптап ыстықтан бес адам қаза тапты
Оңтүстік Кореяда аптап ыстық салдарынан бес адам көз жұмды. Елдің Денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, маусым басталғалы бері күннің қатты ысуына байланысты 630-дан астам адам зардап шеккен, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap-қа сілтеме жасап.
Әлем • 23 Маусым, 2025
Оңтүстік Корея Президенті НАТО саммитіне қатысудан бас тартты
Оңтүстік Корея Президенті Ли Чжэ Мён биыл Нидерландта өтетін НАТО саммитіне қатысудан бас тартты. Бұл шешім ел ішіндегі өзекті мәселелер мен Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Туризм • 10 Маусым, 2025
Алматы туризмі Сеулде насихатталды
Корея Республикасының астанасы Сеулде өткен Seoul International Tourism Fair (SITF 2025) көрмесіне 800-ге жуық осы саланың өкілдері, соның ішінде ұлттық туристік агенттіктер, туроператорлар және 70 елдің қонақ үй желілері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 05 Маусым, 2025
Қазақстан мен Корея арасындағы әуе қатынасы күшейді
Қазақстан Кореядан Алматы, Астана және Шымкентке тікелей рейстер жиілігін аптасына 17 рейске дейін арттырды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Маусым, 2025
Оңтүстік Кореяда жаңа президент сайланды
Бүгін, 4 маусымда Оңтүстік Корея президенті болып Ли Чжэ Мён ресми түрде сайланды. Ол бүгіннен бастап қызметіне кірісіп, экономиканы жандандыруға және ұлттық мүддеге негізделген прагматикалық сыртқы саясат жүргізуге уәде берді, деп хабарлайды Egemen.kz Йонхап агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 02 Маусым, 2025
Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық жол апатынан қаза тапты
Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі ресми түрде растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Мамыр, 2025
Оңтүстік Кореяда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяда әскери-теңіз күштеріне тиесілі патрульдік ұшақ апатқа ұшырап, төрт экипаж мүшесі мерт болды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 01 Мамыр, 2025
Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы отставкаға кетті
Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы, премьер-министр Хан Док Су отставкаға кеткенін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz euronews-ке сілтеме жасап.
Әлем • 28 Сәуір, 2025
Путин Солтүстік Корея сарбаздарына алғыс айтты
Солтүстік Корея алғаш рет өз әскерінің Ресейге жіберілгенін ресми түрде растады. Бұл туралы 28 сәуір күні Кореяның Орталық телеграф агенттігі (KCNA) мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Сәуір, 2025
Қаруланған оқушы мектепке шабуыл жасап, алты адам зардап шекті
Қайғылы оқиға Оңтүстік Кореяның Чхонджу қаласында болған. Қарулы шабуылдан мұғалім мен бес оқушы жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2025
Қарасай ауданында өндірістік зауыт ашылды
Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Көкөзек ауылында «KT&G Kazakhstan» ЖШС зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – Оңтүстік Кореяның ірі корпорациясының Қазақстандағы алғашқы жобасы және ол толығымен жеке инвестициялар арқылы жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Сәуір, 2025
Оңтүстік Корея президенті отставкаға жіберілді
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль Конституциялық сот шешімімен лауазымынан шеттетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Наурыз, 2025
Мемлекет басшысы Корея халқына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Корея Президентінің міндетін атқарушы Хан Док Суға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Наурыз, 2025
Оңтүстік Кореяда қазақстандықтар жол апатынан қаза тапты
Қайғылы оқиға Кёнгидо провинциясындағы Хвасон ауданы маңында, түнгі сағат 00:30 шамасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz Korea JoongAng Daily басылымына сілтеме жасап.
Әлем • 07 Наурыз, 2025
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті қамаудан босатылды
Қызметінен шеттетілген Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ель қамаудан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz CNN сот шешіміне сілтеме жасап.
Қысқы спорт • 10 Ақпан, 2025
Қазақстан хоккейшілері тартысты ойынның жеңімпазы атанды
Бүгін хоккейден ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяға қарсы мұз айдынына шықты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 27 Қаңтар, 2025
Оңтүстік Кореяның тұтқындалған президентіне нақты айып тағылды
Оңтүстік Кореяның тұтқындалған президенті Юн Сок Ёльға «бүлік ұйымдастырды» деп айып тағылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Қаңтар, 2025
Оңтүстік Корея президенті тұтқындалды
15 қаңтар таңертең Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл тұтқынға алынды. Ол Оңтүстік Корея тарихында президент лауазымында жұмыс істеп жатқан, бірақ қызметінен уақытша шеттетілген уақытта тұтқындалған алғашқы мемлекет басшысы болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 08 Қаңтар, 2025
Солтүстік Кореяда хот-дог жеуге тыйым салынды
Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын халыққа хот-дог жеуге тыйым салды. Ол хот-догты «батыстық» тағам деп атап, осындай тыйым енгізуді жөн санаған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 06 Қаңтар, 2025
Кореяда президентке қарсы шеру өтті
Сеулде мыңдаған адам ел президенті Юн Сок Ёльдің отставкаға кетуін талап етіп, шеруге шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Желтоқсан, 2024
Мемлекет басшысы Корея Республикасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2024
Оңтүстік Кореяда 30 мыңнан астам Қазақстан азаматы бар - министрлік
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Оңтүстік Кореядағы ел азаматтарының жағдайы мен олардың құқықтарын қорғау шараларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.