Әлем • 28 Сәуір, 2025

Путин Солтүстік Корея сарбаздарына алғыс айтты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Корея алғаш рет өз әскерінің Ресейге жіберілгенін ресми түрде растады. Бұл туралы 28 сәуір күні Кореяның Орталық телеграф агенттігі (KCNA) мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Путин Солтүстік Корея сарбаздарына алғыс айтты

Фото: Yonhap/picture alliance

Пхеньян ресми түрде әскер жіберу туралы шешімді КХДР басшысы Ким Чен Ын қабылдағанын және бұл шешім Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы кешенді стратегиялық серіктестік туралы келісімге негізделгенін хабарлады. Ким Чен Ын Пхеньянда КХДР сарбаздарының ерліктеріне арналған ескерткіш орнатылатынын да мәлімдеген.

Айта кетейік, Солтүстік Корея Мәскеудің Украинадағы соғысына қолдау көрсету мақсатында шамамен 14 мың сарбаз жіберген. Алайда ұрыс алаңында көп шығын болғандықтан, Пхеньян Ресейге қосымша 3 мың жауынгер жөнелткен.

Ресей президенті Владимир Путин 28 сәуір күні Солтүстік Корея сарбаздарының Курск облысындағы ұрыстарға қатысуына алғаш рет пікір білдіріп, Ким Чен Ынға және Солтүстік Корея халқына ризашылығын білдірді.