Спорт • Бүгін, 16:16

Қазақстандық садақшылар әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық садақшылар әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді

Фото: ҰОК

Жекелей сындарда блоктық садақ ату бойынша сайыстар өткен. Қазақстандық спортшылардың екеуі үздік ондық қатарына қосылды.

Андрей Тютюн мен Роксана Юнусова жарысты тоғызыншы орынмен тәмамдап, 1/8 финалға дейін жеткен.

Сонымен қатар, әйелдер арасындағы командалық жарыста ұлттық құрама қола жүлдеге қол жеткізген. Бұл жетістікті Роксана Юнусова, Адель Жексенбинова және Виктория Лян иеленген.