Әлем • 23 Маусым, 2025

Оңтүстік Корея Президенті НАТО саммитіне қатысудан бас тартты

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Корея Президенті Ли Чжэ Мён биыл Нидерландта өтетін НАТО саммитіне қатысудан бас тартты. Бұл шешім ел ішіндегі өзекті мәселелер мен Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея Президенті НАТО саммитіне қатысудан бас тартты

Фото: en.yna.co.kr

Президент әкімшілігінің мәліметінше, Мемлекет басшысы саммитке бару мүмкіндігін қарастырғанымен, АҚШ-тың Ирандағы үш ядролық нысанаға жасаған соққысынан кейін жағдайды қайта бағамдауға мәжбүр болған.

«Президент Ли инаугурациядан кейін туындаған ел ішіндегі маңызды міндеттерге қарамастан, саммитке қатысу мәселесін белсенді түрде қарастырды. Алайда ішкі ахуал мен халықаралық тұрақсыздықты жан-жақты саралай келе, ол бұл жолы саммитке бармау туралы шешім қабылдады», деді Президенттің баспасөз хатшысы Кан Ю Чжон.

Сонымен қатар Kyodo News агенттігінің хабарлауынша, Жапонияның Премьер-министрі Сигэру Исиба да НАТО саммитіне қатысу жоспарын қайта қарастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025