бақ
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2025
”Almaty aqshamy” газеті “Қазақстандағы Жыл таңдауы” мәртебелі марапатына ие болды
“Almaty aqshamy” ұжымы жыл бойы атқарған еселі еңбегін бүгін ерекше марапатпен, үлкен абыроймен түйіндеп отыр. “Қазақстандағы Жыл таңдауы” (№1 Choice of the уear in Kazakhstan) ұлттық жобасының “Мемлекеттік тілдегі республикалық қоғамдық-саяси газет” номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2025
Петропавлда қазақ балабақшасы ашылды
Петропавлдың «Жас өркен» шағын ауданында 280 орынды қазақ балабақшасы ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Аида Балаева: Қазақстанда журналистерге қысым көрсетілмейді
Human Rights Watch халықаралық ұйымының Қазақстанда журналистерге қысым көрсетуді тоқтатуға шақырған үндеуі нақты жағдайды толық білмеуден туындаған. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.
Білім • 17 Желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күнінде елімізде қанша мектеп пен балабақша ашылды?
Тәуелсіздік күні Астана, Алматы қалаларында, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында жаңа білім беру нысандары пайдалануға берілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 16 Желтоқсан, 2025
Трамп Би-би-сиден 5 млрд доллар өндіріп алмақшы
АҚШ президенті Дональд Трамп британдық хабар тарату корпорациясын (BBC) жала жапты деп айыптап, 5 миллиард доллар көлемінде өтемақы өндіруді талап етіп, сотқа талап-арыз түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 15 Желтоқсан, 2025
«Ұлт оқитын 100 кітап» жобасы таныстырылды
Бүгін «QAZCONTENT» АҚ «Әдебиет порталы» интернет жобасы мен ҚР Ұлттық кітапханасының «Ұлт оқитын 100 кітап» бірлескен жобасының ресми таныстырылымы өтті. Ұлттық сауалнама негізінде таңдалған 100 көркем әдеби туынды алғаш рет бір платформада, жаңа форматта ұсынылып отырғандықтан, осынау әдеби-мәдени жаңалықпен көпшілікті хабардар ету мақсатында әдебиетші, кітапханашы, ақын-жазушы, депутаттар ҚР ұлттық академиялық кітапханада бас қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 14 Желтоқсан, 2025
Президент телерадиокешені мен Al Jazeera — стратегиялық ынтымақтастықтың үш жылы
Қатар астанасы Доха қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені басшылығы мен әлемдегі ең ірі әрі беделді медиакомпаниялардың бірі — Al Jazeera Media Network өкілдерінің кездесуі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Елдегі балабақша кезегі екі есе қысқарды
Президент тапсырмасымен өңірлерде балабақшаларды іске қосу жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған қадамдық жоспар бекітілген, оның шеңберінде 2027 жылға дейін 300 мың орын пайдалануға берілуі тиіс. Ал 2-6 жас аралығындағылардың балабақшамен қамтылу көрсеткіші 2025 жылы 95,9%-ға дейін жеткен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Енді балалар ұйымдарына тексеріс кенеттен жүргізіледі
2026 жылдың 1 ақпанынан бастап мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Мемлекеттік бақылау 4 желтоқсанда Президент қол қойған заңмен реттеледі. Бақылаудың арнайы тәртібі бекітіліп, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар күшейтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 04 Желтоқсан, 2025
Каспий теңізіне албырт тұқымдас балықтың шабақтары жіберілді
Маңғыстау облысында теңіз аквашаруашылығы саласының жаңа кезеңі басталды. Қарақия ауданы аумағында жүзеге асырылып жатқан «Organic fish» ЖШС-нің теңіз фермерлігі жобасы аясында Каспий теңізіне албырт тұқымдас балықтың алғашқы партиясы – салмағы 200 грамм болатын 2 000 кг (9 890 дана) шабақ жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 30 Қараша, 2025
Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында қаржылық сауаттылық сабағы өтті
Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында әскери қызметшілердің құқықтық және экономикалық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында ақпараттық-оқыту сабағы ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 29 Қараша, 2025
Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері
АҚШ-тың Орегон штатындағы қарапайым фермер Гэри Кристенсен ерекше еңбегімен әлем назарын өзіне тағы да аударды. Ол биыл алып асқабақтан жасалған қайықпен Колумбия өзенін бойлай 94,26 шақырым жүзіп өтіп, «асқабақ-қайықпен ең ұзақ жүзу» номинациясы бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
BAQ.KZ 15 жылдық мерейтойын атап өтті
Қазақ тілді журналистика кеңістігінде өз орнын айқындап, оқырманын қалыптастырып үлгерген BAQ.KZ ақпарат агенттігі 15 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы уақыт ішінде портал оқырман үшін сенімді дереккөзге айналды. Жедел жаңалықтар, сараптамалық мақалалар, ресми хабарламалар, авторлық контент жасау – бәрі осы платформаның күнделікті жұмысы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қараша, 2025
Мичурин бағында 600-ден астам жеміс-жидек түрі отырғызылады
Президент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы Ресей Ғылым академиясымен бірлесіп «ЭКСПО-Агроөнеркәсіптік кешендегі озық технологиялар» тақырыбында халықаралық көрме және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттарын қамтитын конференция өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Қараша, 2025
Венгриядағы Radio Free Europe қызметі қаржыландыру қысқаруына байланысты жұмысын тоқтатты
Венгрияның «Свободная Европа» (Szabad Európa) қызметі АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің медиажобаны әрі қарай қаржыландырмау жөніндегі шешімінен кейін өз қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Өскеменде ауа сапасын бақылайтын қанша бекет орнатылмақ?
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен бүгінгі күні өткізілген Орталық коммуникациялар қызметіндегі (ОКҚ) баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қараша, 2025
Алматыда тарақандар өріп жүрген балабақша жабылды
Әлеуметтік желіде Алматыдағы №29 балабақша асханасында тарақандар қаптап жүрген бейнежазба тарағаннан кейін мекемеге бірден тексеріс жүргізілді. Қалалық білім басқармасы тексерістің нәтижесін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу: Дрондар иесіз жайылған малды анықтайды
Қараусыз жануарлар жол-көлік оқиғаларына жиі себеп болатыны мәлім. Абай облысында дрондар малдың бақылаусыз жайылуына байланысты жол-көлік оқиғаларын азайтуға көмектесіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Ақтөбеде кәсіпкерлер 15 саябақ салып бермек
Ақтөбе қаласында демеушілердің қолдауымен биыл 15 саябақ пен скверді абаттандыру жобалары жүзеге асырылып, олардың көбі бұрын бос жатқан аумақтарда салынып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 18 Қараша, 2025
Үкімет тарапынан азық-түлік бағасына бақылау күшейтіледі
Инфляцияны тұрақтандыру мәселелері бойынша өткен апталық кеңесте вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігіне азық-түлік қоржынына терең талдау жүргізіп, оның құрамына енетін тауарлардың бағасын тұрақтандыруға бағытталған нақты шаралар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Видео • 17 Қараша, 2025
Ескертуді елемей ме: Астаналықтар Ботаникалық бақтағы жұқа мұздың үстінде серуендеп жүр
Астанада қала тұрғындары Ботаникалық бақтағы су айдынында мұздың өте жұқа болуына қарамастан, оның үстінде серуендеп, тіпті суретке түскен. ТЖМ бұл әрекеттің аса қауіпті екенін ескертіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 16 Қараша, 2025
Павлодарда бір топ бүлдіршін балабақшада ұшынып, ауруханаға түсті
Оқиғаға байланысты жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, балалар тамақтан улануы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 16 Қараша, 2025
«SEMEI» телеарнасының құрылғанына 60 жыл толды
Абай облыстық «SEMEI» телеарнасы ақпарат айдынына шыққанына 60 жылға толды. Осынау жылдарда халық пен биліктің ортасында алтын көпір бола отырып, елдің ұлттық рухын, таным көкжигенін байытуға барынша ықпал етіп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Қараша, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевке және барша өзбек ағайынға қазақ делегациясына қонақжайлық көрсетіп, ыстық ықыласпен қарсы алғаны үшін алғыс айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қараша, 2025
СҚО-да қазақ тілді балабақша тапшы
Соңғы кездері Петропавлдың қазақ ата-аналарының санасында оң өзгерістер туып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қараша, 2025
Мектеп оқушыларына 10 күн демалыс беріледі
Ел мектептерінде екінші тоқсан аяқталып келеді. Қысқы демалыс 2025 жылдың 29 желтоқсанында басталып, 2026 жылдың 7 қаңтарына дейін жалғасады. Оқушылар 10 күн демалып, 8 қаңтарда мектепке оралады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 13 Қараша, 2025
Балабақша ғимаратын сапасыз салған: Құрылыс компанияларының жауапсыздығы тыйылар емес
Қазақстанда жаңа Құрылыс кодексі мен құрылыс саласын реттейтін заңдарға өзгерістер енгізу жобасы кеңінен талқыланып жатыр. Қазан айының басында түзетулер жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды. Жаңашылдықтар елде мемлекеттік бақылау шараларын күшейтуді және қала құрылысы жоспарлауын жетілдіруді көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин БАҚ-қа бірлескен мәлімдеме жасады
Мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин БАҚ-қа бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ақорда.
Мәдениет • 11 Қараша, 2025
Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары аясында Мәскеу қаласында «Қазақстан мен Ресей достығы» скверінің ашылу салтанаты өтті. Жаңа саябақ Мәскеудің Оңтүстік әкімшілік округінде, «Алма-Атинская» станциясының маңында орналасқан, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қараша, 2025
Ақтөбеде жемқорлардың ақшасына ерекше балабақша салынбақ
Жоба Президенттің тапсырмасы шеңберінде «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңы негізінде жүзеге асырылып жатыр. Құны шамамен 7,4 миллиард теңгені құрайды. Нысан – 300 орындық, жоспарға сәйкес құрылысы 2026 жылы аяқталады, деп жазады Egemen.kz.